Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экзистенциализм философиясы және әдебиет

Автор:   •  Февраль 12, 2021  •  Статья  •  885 Слов (4 Страниц)  •  544 Просмотры

Страница 1 из 4

Экзистенциализм философиясы және әдебиет

Экзистенциализм – ерте грек тілінде ехtitentia – тіршілік ету, яғни «өмір сүру философиясы» деген мағынаны береді. Бағыты жағынан антропологиялық болып келетін бұл философияның негізгі мәселесі – адам проблемасы мен оның өмір сүру формасын қарастырады. [1,498].

Экзистенция (лат. Existertia – өмір сүру) – экзистенциализмнің негізгі ұғымдарының бірі, жеке адам болмысының өмір сүру тәсілін ұғындырады. Ең алдымен экзистенциализм – философиялық категория болып табылады. Алғаш рет «экзистенция» терминін Кьеркегор осы мағынасында пайдаланды.   Экзистенциализмде адам өзінің орталық түпқазығы болып, соның арқасында алғашқысы жай ғана жеке эмпирикалық индивид ретінде және «ойлайтын ақыл-парасат», яғни қайталанбас нақты тұлға ретінде бой көрсетеді. Экзистенция – адамдардың мән-мағынасын емес, ол экзистенциалистердің (Сартр) теориясына сәйкес қандай да бір белгілі, күн бұрын айқындалған ұғымды білдіреді. Экзистенциялизмнің аса маңызды ерекшелігі – ол объективтілік сипатқа ие бола алмайды. Барлық адам өзінің қабілетіне, біліміне, шеберлігіне – сыртқы заттар түрінде объективті сипат бере алады. Одан әрі өзінің психикалық актілеріне, ойлау жүйесіне және т.б. теориялық тұрғыдан «объективті түрде қарап», оларды өзі қарастыратын объектіге айналдырады. Іс жүзінде де, теория жүзінде де объективті сипат беруге танымнан да жалтарып кететін, осылайша оған әмірі жүрмейтін бір нәрсе – оның экзистенциясы.

Экзистенциализмді ең бірінші зерттегендер философтар, алайда философтардың зерттеу обьектісі әдебиетші ғалымдардың жазбалары мен әдеби көркем шығармаларындағы экзистенциалистік сарындар болды.

Кезінде «өмір сүру философиясы» деп аталған мұндай бағытты тек буржуазиялық идеологияның, буржуазиялық философияның толғамдарының нәтижесінде дүниеге келген теріс көзқарастар бағыты деген түсінік қалыптасты. Мәселен, «Экзистенциализмнің философия мен әдебиеттегі көрінісі» деген еңбек жазған поляк ғалымы Ежи Коссак: «Философиялық концепция ретіндегі қазіргі экзистенциализмнің әлеуметтік және тарихи негіздерін, оны ерекшелейтін идеялар мен сарындарды айтқанда біз философияның тарихындағы кең ауқымдағы пессимистік және негилистік ағымдармен кезігеміз. Бұл адам ақыл-ойының қалыптасқан шындыққа бас көтеру тарихының құрамдас бөлігі» - дейді [2,5].

Экзистенциализмге сәйкес, философияның негізгі міндеті – дәстүрлі рационалистік ғылымдармен емес, жеке адам өміріне қатысты сұрақтардың жауабын табу. Адам еркінен тыс бұл өмірге, ондағы тағдырына «тасталған» және өзіне жат әлемде өмір сүреді деген идеяны алға тартады,.

И.Фихте айтқандай: «Адам қандай болса, оның философиясы да сондай болмақ». Ендеше, осы тұжырымды негізге ала отырып, философияның бұл түрінің пайда болуының мәнін түсіндіруге болады.

Экзистенциалистік ой-пікірдің ХХ ғасырда бой көтеруіне бірінші дүниежүзілік соғыстың әсері және адамзат баласының бір-біріне жойқын майдан ашқан екінші дүниежүзілік соғыстың өмір мен өлім, бар болу мен болмаудың адам психологиясына тікелей әсер етуі басты себеп болды.

К.Ясперс, М.Хайдегер, А.Камю, Ж-П.Сартр, Г.Марсель, Х.Ортега-и-Гассет, М.Бубер және т.б. – экзистенциализмнің көрнекті өкілдері. Оларға ортақ экзистенциалистік ұғымдар: «қамқорлыққа зәрулік» (забота), «ұмыт қалу» (покинутость), «жатсыну» (отчужденность), «абсурд», «үрей-қорқыныш», «жауапкершіліктен бас тарту», «таңдау», «өлім» сынды паратерминологиялар тән [3,45]. Экзистенциалды философия, А.Хюбшердың тұжырымынша – «самое непосредственное выражение современности, её затерянности, её безысходности... Экзистенциональная философия выражает общее чувство времени: чувство упадка (құлдырау), бессмысленности и безысходности всего происходящего... Экзистенциональная философия – это философия радикальной конечности» яғни «өзін жоғалту, тығырыққа тірелу, өмірдің мән-мағынасын жоюы, құлдырау сезімінің билеуі, міне, экзистенциалдық филасофияның мәні осындай.

...

Скачать:   txt (13.3 Kb)   pdf (89.3 Kb)   docx (11.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club