Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Философияның пайда болуы және дамуы

Автор:   •  Сентябрь 5, 2020  •  Контрольная работа  •  1,505 Слов (7 Страниц)  •  1,309 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы

АКТИВТІ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ

Пән: Философия                                                                                                                          ЖББПФ

Кредит саны – 5                                                                                                                         3 семестр

Семинар № 1-2                                                                                                                          2020-21 оқу жыл

Философияның пайда болуы және дамуы                                                                               

Философия. Дүниеге философиялық көзқарас және ғылым

Философия ертедегі грек сөзінен аударғанда (phileo – сүйіспеншілік, sоріа – данышпандық) данышпандықты сүю деген ұғымда, ең алғаш ертедегі грек философы Пифагор (б.д.д. 580-500 ж.ж.) еңбектерінде кездеседі. Бұл сөздің рухани мәдениетке, ғылыми білімге енуі Платон (б.д.д. 428-347 ж.ж.) есімімен байланысты. Философияның алғашқы мазмұндық мәні – ғалам, адам, әлемнің құрылымы туралы ойлардан және адамның табиғаты, ғаламдағы адамның алатын орны туралы болды.

Философия пәні мен мәні туралы ой-пікір, түсінік оның ғасырлар бойы тарихи дамуында әр түрлі өзгерістерге ұшырады және ол бүгінгі күні де жалғасын табуда. Зерттеуші ғалымдар ортасында философияның пәні мен мәніне деген көптеген көзқарастар бар. Одан кең таралған екі түрлі пікірді бөлектеуге болады: біріншісі – дүниетанымдық көзқарастың түрі де, екіншісі – ғылым деп қарастыру.

Дүниетанымдық көзқарас деп жалпы ғаламға және ондағы адамның алатын орны туралы әр түрлі ой, пікірлердің жиынтығы айтылады. Білімнің көзқарастық құндылықтары, адамның қайта құрушы, өзгертуші әрекеті, оның күнделікті, жекелеген, шашыраңқы біліміне, бағаларына, іс-әрекет жоспарларына қайшылықты бағытта болады.

Философия – аңыздық, діни көзқарастармен қатар тұрған дүниетанымдық көзқарастың түрі. Философиялық дүниетанымдық көзқарастың өзіндік ерекшелігін анықтау үшін адамзат қауымдастығының табиғатпен байланысы, қатынасы дамуында дүниеге келген басқа дүниетанымдық көзқарастардың түрлерімен танысамыз, анықтаймыз.

Философияның өзіндік мәселелері. Адам мен ғаламның ара катынасы, адамның ондағы алатын орны философияның әмбебап мәселесі болады.

Ерте заманнан-ақ данышпандар өз еңбектерінде осы әмбебап мәселеден «философияның негізгі сұрағын» бөлектеуге, оған жауап беруге ұмтылды. Көптеген философиялық мектептер бұл сұрақтың бөлектенуін ойдан шығарылған, қате деп есептесе де  философия тарихына енді, одан өз орнын алды. Сұрақтың пайда болуы негізінде адам өмірінің өзекті деректері: материалдық құбылыстармен қатар руханилық - сана, ерік ойдың өмір сүруі жатыр. Әрбір адам өзін қоршаған ортадан бөлектейді, өзінен   басқалардың бәрінен даралайды, өз мақсатының болмыспен арақатынасын анықтайды, болмысты бағалайды. Демек, бұл сұрақты бөлектеудің негізі - руханилықтың материалдықка қатынасы болады.

Маркстік әдебиеттерде философияның негізгі сұрағының екі жағы бар деп қарастырылады: а) не бірінші - рух па, табиғат па?; б) әлемді танып білуге бола ма? Қазіргі заманғы маркстік философия тек қана екі жақтың бөлектенуін жеткіліксіз деп, осы сұрақтың шеңберінде жанама мәселелердің руханилықтың материалдыққа қатынасындағы адамның тәжірибелік, өзтертушілік қызметі мен құндылықтардың көрсетілуін қажетті деп есептейді.

Философияның міндеттері. Философияны дүниетанымдық көзқарастың түрі, ғылым есебінде қарастырудан оның дүниетанымдық көзқарастық, әдістемелік, сыни міндеттерін айыруға болады.

Әлемнің кұрылымы және ондағы адамның орны туралы түсінікті қалыптастыру, құндылықтар мен адам өмірінің бағытын дәлелдеу, әлеммен қарым-қатынастың тәжірибелік түп негізін анықтау арқылы философия өзінің дүниетанымдық көзқарасын орындайды.

Әдістемелік міндеттерде философияның алатын орны орасан зор. Әдістемелік (методологиялық) - бұл түпкі бастамалардың, талдап қорытылған тәсілдердің, теориялық қызметтің құрылымы, және де осы жүйе туралы ілім. Әр түрлі тәсілдердің ортасынан бір ғылымда ғана пайдаланылатынын бөлектеуге болады. Бұл тәсілдер жеке ғылыми тәсілдер деп аталады. Осыған сәйкес жалпы ғылыми тәсілдер дегеніміз-бірнеше ғылым салаларында, ғылымның белгілі бір тобында пайдаланылады.

...

Скачать:   txt (11.8 Kb)   pdf (133.7 Kb)   docx (13.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club