Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тарих және дін философиясы

Автор:   •  Июль 23, 2020  •  Эссе  •  956 Слов (4 Страниц)  •  1,434 Просмотры

Страница 1 из 4

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Биология және биотехнология факультеті

[pic 1]

СӨЖ

Эссе: Тарих және дін философиясы

Орындаған:Темирова Ажар

Тобы: ББ18-08

Тексерген: Қошқарбаев Е.Е. 

Алматы - 2020


Тарих философиясына көшпес бұрын  ең алдымен «Тарих дегеніміз не?» деген сұраққа жауап бергеніміз жөн.  Тарих бұл – мирас,жәдігер, асыл мұра, қазына. Тарихтың қойнауы кең, біз білмейтін сырды жасырып тұрған ну орман. Тарих қайтып айналып келмейді.  Бұл өзара байланысқан оқиғалар тізбегі. Бұл халық зердесі.

Тарихтың мәні неде? «Толған ел тарихын таспен жазады, тозған ел тарихын жаспен жазады», демекші  тарих әңгімелерден құрастырмайды, оны құжаттардың негізінде жазады. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады.  

 Тарих – ол адамзат баласының өткінін зерттейтін үздіксіз даму үстіндегі қоғамдық ғылым.  Адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы кеңістік-уақыт өлшемдегі қоғам өмірі дамуының заңдылықтары туралы ғылым.

Тарихты кім жасайды? Тарихты сіз бен біз жасаймыз, халық, тұлға, билік жасайды. Тарих  бәрін қамтымайды, тек есте қалғанды, жарқын сәттерді, жеңістерді, өкініштерді қамтиды.

Тарих  объектіні зерттеу бойынша кеңістік жағынан: әлем тарихы, континенттер, жеке елдердің тарихы болып бөлінеді.

Тарихтың мазмұны  - бұл адам өмір сипатында көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіш мен деректерде сақталған мәліметтер. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынастарына, тарихи тұлғалардың қызметін қатысты болып келеді.

Тарихтың археология, археография, геральдика, бонистика, палеография , антропология, генеология, этнография сияктық салалары бар.  Тарих хроникамен байланысты. Хроникасыз тарих болмайды. Тарих ішкі мән болса, хроника ол форма.

Тарих ғылымының іргетасы – тарих философиясы боылп табылады. Тарих философиясының зерттеу объектісі – тарихи процестердің бағытталғандығы мен кері айналматындығын танып білу. Әр түрлі заман философтары тархитың мәні туралы ойларын қалдырған. Тарихи дамудың концепциялары: О.Шпенглер, А.Тойнби, П.Сорокин секілді ғалымдар есімімен тығыз байланысты. Бұлар тарихты сызықтық прогресс деп түсінушілікке қарсы шыққан. Тарихи дамудың қазіргі концепциялары: қоғамдарығ көптүрлілігі, қоғамдық өзгерістердің сызықтық емес процестердің назарға алады.

«Тарих философия» терминін 18 ғасырда 1765 жылы жарияланған Тарих философия еңбегінде Ф.М. Вольтер енгізді. Кейін Г.Гегель өзінің «Тарих философиясы бойынша дәрістер» атты еңбегінде одан сайын нақтылай түсті.

Тарих философиясы адамзаттың тарихи дамуының неғұрлым іргелі заңдары мен принциптерін зерделеуге арналған. Маңызды мәселелері: тарихьың мағынасы мен мәні, тарихи үдерістердің қозғаушы күштері мен тетіктері, әлеуметтік прогрессс пен оның критерийлері, адамзат тарихының бірлігі мен санауландығы.

Тарих философиясы бірнеше маңызды мәселелерді қарастырады: тарихтың мәні мен бағытталуы; қоғамды типологияландырудың әдістемелік тәсілдері; тарихты кезеңдерге бөлудің крийтерилері; тарихи процесс ілгерілеуінің критерийлері.

Тарих философиясы тарихи процесті тұтасымен түсінуге және тарихи танымның әдістемелік мәселелерін талдауға бағытталған философиялық білім құрамындағы бағыт. Тарих философиясы тарихи шындықты, тарихтың мәні мен мақсатын, тарихтың негізгі қозғаушы күштері мен олардың тетіктерін тарихи қажеттілік пен адам еркіндігін арақатынасын, тарихтың бірлігі мен алуан түрлілігін қарастырады.

Қоғамның  әлеуметтік ой-санасының, жәдігерінің тағы бір бөлігі ол – дін.  

Дін – қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі, қаншама ғасырлар бойы адамзат баласы діннің мән-мағынасы ашып көрсетуге талпынып, қаншама ұлағатты істер атқарды. Дін мағынасын анықтамалық теория беру оңай емес.Барлық діндерге ортақ мүдде – адамдардың бейбіт  өмір сүруі.Егер адамдардың құдайға деген сенімдері, дінге деген сенімдері қалыптасса, бейбіт тіршілік ету мәселесі де шешіледі. Дін адамның ішкі жан дүниесінде мейірімділік, шыншылдық, махаббат деген сенім мен үмітті қалыптастырады.

...

Скачать:   txt (14 Kb)   pdf (133.1 Kb)   docx (57.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club