Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Рухани жаңғыртуды

Автор:   •  Сентябрь 11, 2020  •  Эссе  •  423 Слов (2 Страниц)  •  413 Просмотры

Страница 1 из 2

Еліміздің өзекті мәселелерінің бірі-қоғам өміріндегі ұлттық идеяның алатын орнын анықтап,рухани жетілу,адамгершілікті дамыту болып табылады.Жаңа уақыттағы жаңа идеяға Рухани жаңғыртуды жатқызуға болады.Басқаша сөзбен жаңғыртуды модернизация дейміз.Еліміздің болашағын жақсарту мақсатында өзекті мәселелерге назар аударып,заман талабына сай рухани тұрғыда жаңғыру.Қазақстанның Үшінші жаңғыруына келетін болсақ қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын жоспар.Экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қосылу үшін бес басымдық қарастырылған. Бірінші басымдық - экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту.Бүгінгі жаһандық дамуда бәсекеге қабілеттілік - ең басты қару болып саналады. Мысалға көптеген дамыған елдер экономиканы ынталандыру үшін жаңа технологиялар енгізуді жөн көреді.Яғни, соңғы жылдары дамып жатқан интернет саудалары, энергоүнемді желілерді  жүзеге асыру бағытындағы мобильді қосымшалар және тағы басқалары - ең үлкен басымдыққа ие болып отыр. Меніңше, бәсекеге қабілеттіліктің өзегі де осында.Елбасы Жолдауында бұл басымдықтың өзі бірқатар міндеттерді қамтыды. Бірінші міндет - цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету.Онлайн-сауда,цифрлық қызмет көрсету сияқты денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да  салаларды дамыту керек. Осыған орай елбасымыз Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды. Бірінші басымдық аясындағы міндеттер шеңберінде Елбасы аграрлық секторға да ерекше тоқталып, бұл саланы экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиістігін атап өтті.Әсіресе экологиялық таза өнім шығаратын қазақстандық тауарлар көршілес елдерде маңызды басымдыққа ие. Ендігіде Қазақстан астығы мен астық өнімдері арқылы Еуразияның «нан себетіне» айналуы керек екенін де атап өтті.Ол үшін Елбасы шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшуді жүктеді. Сонда ғана біз халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті бола аламыз.Екінші басымдық - бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту. Бизнес, шағын және орта кәсіпкерлік - соңғы жылдары биліктің күн тәртібінде күнара талқыланатын мәселе. Үшінші басымдық - қаржы секторын «қайта жаңғырту» Соңғы жылдары Қазақстанның қаржы жүйесі түрлі дағдарысты бастан өткерді.Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту.Әлемдік деңгейдегі білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін қалыптастырмай Үшінші жаңғыруды жүзеге асыру да еш мүмкін емес.Білім болашақ дамудың кепілі.Білім арқылы бәсекеге түсу, білім арқылы озу - қай жағынан алғанда маңызды міндет. Өйткені ғылым дамымай дүние дамымайды.Елбасы білім саласын дамыту туралы айтқанда, оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттауды, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керектігін айтқан болатын. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі - жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады.Сол үшін ағылшын тілін меңгеру  болашағымыз үшін,жаңғыруымыз үшін маңызды.Менің ойымша,ағылшын тілін меңгермей жалпы ұлттық прогреске жете алу мүмкін емес.Қорытындылай келе,қазіргі заман философиясы деп осы күнге дейін негізгі идеялары өңделіп келе жатқан философиялық ілімдердің жиынтығын айтамыз.Бұл кезең саяси,әлеуметтік,ғылыми,техникалық,экономикалық дамуымен ерекшеленеді.Қазіргі замандағы қоғамдардың рухани өмірлерінде философия ғылыммен,дінмен,өнермен бірге дағдарысты жағдайларды жеңу жолдарын іздестіруде,адамға рухани тірек болуға ұмтылуда.

...

Скачать:   txt (6.6 Kb)   pdf (44.4 Kb)   docx (8.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club