Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ортағасырлық араб-түрік философиясының ортағасырлық батыс философиясымен ұқсастығы және айырмашылығы

Автор:   •  Май 24, 2018  •  Реферат  •  1,974 Слов (8 Страниц)  •  1,372 Просмотры

Страница 1 из 8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ және

БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

               ФАКУЛЬТЕТ: ЖАРАТЫЛЫСТАНУ – МАТЕМАТИКА

               МАМАНДЫҚ: 5В011600- ГЕОГРАФИЯ

               ПӘН: ФИЛОСОФИЯ

 

                                                ӨЗДІК ЖҰМЫС

                                                    ТАҚЫРЫП:

«Ортағасырлық араб-түрік философиясының ортағасырлық батыс философиясымен ұқсастығы және айырмашылығы (конспект)» Абайдың «Қара сөздерінің» философиялық мәні

Орындаған: Ноян Б.Н.

Тобы: Е – 641

Тексерген: Камиева К.

                                                            СЕМЕЙ 2018

                                         ЖОСПАР:

  1. Ортағасырлық араб-түрік философиясының өкілдері мен  өзіне тән ерекшеліктер
  2. Ортағасырлық  батыс философияның негізгі ерекшеліктері мен өкілдері
  3. Абайдың «Қара сөздерінің» философиялық мәні. (Эссе)
  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АРАБ – ТҮРІК ФИЛОСОФИЯСЫ.

Орта ғасырлық шығыста VIII—IX ғғ. Батыс Еуропаның мәдениеттік даму деңгейі төмен дәрежеде қалып қойған кезде араб тілді философия, араб мәдениеті кең өркен жайды. Бұл арабтардың ұлттық сана-сезімінің оянуы, мәдениетінің кең өркен жаюы, жалпы VII ғ. Арабстанда жаңа ислам дінінің пайда болуымен де байланысты болды. Олар VII ғ. екінші жартысында ислам туының астында үлкен бір орталыққа айналды. Араб халифаты VIII ғ. бірінші жартысыңда тіпті бұрынғы Рим империясынан да асып түскені бізге тарихтан белгілі. Оның құрамына Арабстаннан басқа Иран, Армения, Индияның солтүстік-батысы, Сирия, Египет, Палестина, бүкіл Солтүстік Африка жағалауы және Пирней түбегі кірді. Атлантикадан Қытайға дейінгі сауда жалпы арабтардың қолында болды, араб тілі Гибралтардан Инд өзеніне дейінгі жерде ортақ тілге айналды, Араб халифатының қол өнері, шаруашылығы, атап айтқаңда, суармалы жерді пайдалану мәдениеті мен техникасы, саудасы мен өндірісі Еуропаға қарағанда анағұрлым жоғары дәрежеде еді. Осы себептердің бәрі жиналып келіп, орта ғасырлық ғылым мен философияның күрт дамып, өркен жаюына игі ықпал жасады.

                          АРАБ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ:

I – кезең.Араб философиясының қалыптасу (ҮІІ-ІХ ғ.ғ.)

II – кезең. Мұсылман Ренессансы (ІХ-Хғ.ғ.)

III – кезең. Шығыстық перипатетизм, арабтың грек философиясын толық игеріп, өзіндік даму (ХІ-ХҮ ғ.ғ)

                   АРАБ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР:

  1. Тазалық ағайындары - Х ғ. пайда болған құпия ғылыми қоғам Баср қаласында. Ілімінің негізі - синкретизм, яғни барлық діндер мен философиялық жүйелерді біріктіру болды. Діни мүдделерге қарағанда, ғылыми, философиялық ілім басым келді.
  2. Шығыстық перипатетизм – IX-XI ғғ. Мұсылман немесе Ислам Ренессансы кезеңімен тұстас келеді. Өкілдері: Әл-Кинди (арабтардың философы), Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд.
  3. Қалам – мұсылмандық теологиялық философия, яғни мұсылмандық схоластика.
  4. Суфизм – жекелік мистикалық-діни аскеттік адамды жан-жақты жетілдіру ілімі. Көрнекті өкілдері: Әл-Ғазали, Ибн Әл-Араби және тб. Суфизмде адам “жанының азат болуы рухани, мистикалық өзіндік жетілу тариқат жолымен жүзеге асады; оның үш кезеңі болады:

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АРАБ-ТҮРІК ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛДЕРІ:

         Әл Кинди (800-879 ж.ж.) -  алғашқы перипатетик, араб философиясын еуропашыландыруға алғашқы қадам жасады. Арабтарды грек философиясымен, әсіресе Аристотельмен таныстырды.

...

Скачать:   txt (24 Kb)   pdf (210.7 Kb)   docx (26.9 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club