Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі таңда м.ж.д.балалардың ерікті есте сақтау, қайта жаңғырту және таныту мәселелері

Автор:   •  Сентябрь 11, 2020  •  Эссе  •  712 Слов (3 Страниц)  •  498 Просмотры

Страница 1 из 3

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

ЭССЕ

[pic 1]

Тақырыбы: Қазіргі таңда м.ж.д.балалардың ерікті есте сақтау, қайта жаңғырту және таныту мәселелері

[pic 2]

Қазіргі таңда м.ж.д.балалардың ерікті есте сақтау, қайта жаңғырту және таныту мәселелері

       Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі – өнегелі, жігерлі, дербестік және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.

[pic 3]

       Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды. Заттарды, суреттерді, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды.

      Әдетте, балаларда естің бір қатар сапалары жақсы дамиды да, екінші біреулері нашар дамиды. Кейбіреулерінің есінің көлемі үлкен болады да, бірақ есте сақтауы баяу болады, материалды тез үйреніп алады, бірақ оны жеткілікті дәл жаңғырта алмайды. Ал, баланың қайта жаңғыртып еске түсіру қаблеті тануынан кейін дамиды. Жасы жаңа толып келе жатқан балаға көз алдында жоқ нәрсенің атын атасаң, басын бұрып, көзімен іздейді. Тілі шығып, тіл қатынасының өрісі кеңейген екі – үш жастағы бала анығырақ, толығырақ жаңғыртады. Еске түсіру біртіндеп дамып отырады. Әдейлеп жаңғырту мектепке дейінгі жаста басталады да, әдейлеп еске түсіру, әдейлеп есте қалдырудан ерте дамиды, өйткені, ата-ана, тәрбиеші, туысқандары баладан «қайда болдың?», «қайда жүрдің?», «не көрдің?» - деп сұрап, әдейлеп есіне салады. Ерікті есте қалдыруда әр кез мақсат қойып бала есіне түсіріп жаңғыртып отыру қажет. Мысалы: балаға ертегі айтып, сурет көрсетіп оны баладан 3-4 күннен кейін қайта сұрағанда, олардың біразы берілген мәліметтердің негізгі жерлерін қайта жаңғырта алмай қиналады. Ал осыларға екінші әңгіме айта отыра, оны 3-4 күннен кейін қайталап айтып бересіңдер десе бала сол айтылған ертегіні жақсы есіне сақтай алады.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (241.1 Kb)   docx (160.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club