Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Эмоционалды күйреу немесе «эмоционалды жану» синдромы

Автор:   •  Март 17, 2023  •  Лекция  •  887 Слов (4 Страниц)  •  199 Просмотры

Страница 1 из 4

Эмоционалды күйреу немесе «эмоционалды жану» синдромы

Бірнеше жылдар бұрын, америкалық психологтар байқа-ғандай, кейбір адамдарда бірқалыпты жұмыс барысында да қарым- қатынас жасау стилі өзгеріп, стреске түскен кезде-гідей қалып байқалады. Психологтар мен әлеуметтанушылар қиын жағдайга түскен адамдарға стрестен шығуға, психо-логиялық ауыр күйзелістерден құтылуға көмектесу шарасын, өздері жәрдем сұрап келушілерден басталады. Бұл жұмыс

169

«стрес ауруының» ерекше формасын «қарым-қатынас жасау ауруын» анықтауға көмектесті. Бұл «тұлғаның күйреуі», яғни «күйреу» немесе «эмоционалды жану» синдромы деп атала-ды. Оның басты себебі - психологиялық рухани қажу. Бұл әсіресе, қызметіне орай адамдарға өзінің жылылығын үнемі «сыйға тартып» отыруға міндетті адамдарда, шектен тыс шаршаған уақыттарында ерекше байқалады. «Күйреуге», ең алдымен, психотерапевтер, мұғалімдер, медициналық қыз-меткерлер, сатушылар, яғни басқа адамдарға үнемі ілтипатты, ізетті қызмет көрсетуге бағытталған маман иелері ілігеді. «Күйреу - Бұл басқалардың қиындықтарын терең сезініп, ортақтасудың қүны» деп, американдық психолог К. Масалах өз кітабын осылайша атады. Осы еңбегінде ол, Бұл құбылысты кеңінен зерттеу нәтижелерін үсынған.

Эмоционалды күйреу қалай коріміс береді?

Эмоционалды күйреу синдромы психикалық қажудан пайда болады және кәсіби қарым-қатынасты тиімді орындау деңгейі төмендейді: дәрігер бұрынғыша өз жұмысына толық беріле алмайды, оның өзіндік бағалауы төмендейді, яғни медициналық қызметкер өз іс-әрекетін сәтсіз деп қабыл-дайды. Науқастарға психикалық жарақаттың көзі ретінде қарап, оған жағымсыз, теріс қарым-қатынас жасауы мүмкін. Медициналық қызметкер, науқастың мазасыздығына, депрес-сивті, суицидті ойларына мән бермеуі мүмкін. Науқас жөнін-де салқын, немқұрайлы, тіпті өшпенділікпен айтуы мүмкін. Медициналық қызметкер мұндай «дағдарысы» уақыт өте қайталанып тұруы мүмкін. Сондықтан, науқастар мұндай медициналық қызметкерге барудан қашып, тіпті тәжірибесі аз, бірақ ілтипатты медициналық қызметкерге баруды жөн санайды. Осындай дағдарыс кезінде медициналық қызмет-кердің біршама демалып, кәсіби тренингтерге қатысып, пси-хотерапевт көмегіне сүйенгені Дұрыс. Медициналық қызмет-кер - әйел адамдарда, медициналық қызметкер - ерлерге қарағанда эмоционалды қажу жиірек кездеседі. Эмоционалды күйреуге түскен адамдарды әділетті, сезімтал, жұмсақ деп

170

сипаттайды. Сонымен қатар, олар эмоционалды тұрақсыз, көңіл-күйі толқымалы, тұйық болып келеді.

Эмоциоеалды күйреудің түрлі типтерін суреттеңіз «Күй-реудің» түрлі көріністерін үш типке жіктеуге болады: Бірінші тип - эмоцияның «сөнуі», «өшуі», яғни сезімдердің өткірлігі, күйзелістердің дәлділігі жойылады. Былайша айтқанда бәрі өз орнында, қалыпты, бірақ жан дүниеде бір мұңаю, бос қалу сезімі бар. Мұндайда, ең жақын адамдарға деген сезімдері де сөніп, сүйікті тағамы да дәмсіз сезіледі:

Екінші типі науқастармен кикілжіңге түсу. Алғашқыда олар жасырын жүреді. Кейіннен, біртіндеп науқасқа деген жағымсыз сезімдерді сезіне бастайды. Бастапқыда, Бұл күйін жасыруга тырысып бағады, бірақ бір күндері оның шыдамы таусылып, медициналық қызметкер бар ашуын бір-ақ алады. Мұндайда, еш кінәсі жоқ, қайта медициналық қызметкерден кәсіби көмек аламын деп келген науқас, оның күрбаны ретінде болып қалады.

Үшінші тип - кейде қоғамға, жанындағыларға қауіпті болуы мүмкін. Себебі, олар өмірге деген қызығушылығын, Құндылығын жоғалтқан адам. Ол әдеттегідей үйреніп қалған іс-әрекеттерін қайталап отыруы мүмкін. Бірақ, оның көзқа-расы бос, жүрегі мүз болып қатып қалғандай, ол барлығына немқұрайлы қарайды.

Эмоционалды күйреудің динамикасы қандай?

«Эмоционалды күйреу синдромын» зерттеуде оның үш фазасы анықталады.

Бірінші - «қысымға түсу фазасы». Эмоционалды күйреу-дің алғы шарты ретінде, мазасыздық күйінің тұрақты болуы, Мұның салдарынан көңіл күй түсіп, ашуланшақтық байқа-лады (ашуын баса алмау, жалпы барлық іс -әрекетін бақылай алмау) және депрессивті реакция көрініс береді.

...

Скачать:   txt (14.1 Kb)   pdf (82.2 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club