Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психология пәні және салалары , психологияның басқа ғылым саласымен байланысы

Автор:   •  Июнь 1, 2018  •  Реферат  •  13,790 Слов (56 Страниц)  •  2,991 Просмотры

Страница 1 из 56


Психология пәні және салалары , психологияның басқа ғылым саласымен байланысы.

Психология дегеніміз- адамның жан дүниесінің қырлары мен сырларын зерттейтін ғылым. Сонымен қатар адамды жануарлармен салаыстыра отырып зерттейді. Бірақ бұл психология ғылымының мазмұны деп есептелмейді.

Психологияның негізгі мазмұны- адамның психикалық еріктігін, іс әрекетінің құпия жақтарын және оның мәнін зерттейді және адамның психологиялық ерекшнлігін, іс әрекетінің құпия жақтарын және оның мәнін зерттейді. Психологияның тұңғыш дүниеге келген жері- Греция. Термин екі сөзден тұрады. Псюхе-жан, логос-ілім. Сонда жан туралы ілім деген мағына береді. Психологияны жан туралы ілім демейміз, психика туралы дейміз. Өйткені, психология адамның іс әрекет заңдылықтарын, адамның психикасын зерттейді. Бұл ғылым белгілі принципке: негізделіп, бірнеше салаға тарамданады. Сол принцип бірі-  адамның іс-әрекеті.2)әрекет даму заңдылықтары 3)адамның өмір сүріп отыратын әлеуметтік ортаға қарама-қатынасы психология мынандай салаларға бөлінеді.

1. Еңбек психологиясы бұл салада адамның еңбек іс әрекеті, психологиялық ерекшелігін зерттейді. Өзіндік ерекшеліктері мен сипатына қарай бірнеше тараларға бөлінеді. Олардың әр қайсысы өз алдына инженерлік, авиациялық, космостық психология болып бөлінеді.

        2. Педагогикалық психология бұл салада адамда оқыту мен тәрбиелеу мәселесі қаралады. Баланың ойлау принципін дамыту мен оқу мативациясын меңгеруін жүйелі басқарып, баланың ақыл ойын дағдыларын қалыптастыру іздестірулер оқып тәрбие жұмысының болуына жол ашады. Педагогикалық психология- оқыту және тәрбиелеу психологиясы деген тараудан тұрады. Оқыту психологиясы жалпы дидактиканың жеке пәндері оқыту методика негізін басқарады. Ал тәрбие педагогикасы жас ұрпаққа тәрбие беру негізін және ақыл-ойы кем баланы оқыту, тәрбие мәселесімен шұғылданады. Тәрбие педагогикасы мұғалім педагогикасы деген тағы бір тармаққа бөлінеді.

        3. Арнаулы психология. Мұның өзі патопсихология, алегрофренопсихология, сурдопсихология, типлопсихология болып бөлінеді. Патопсихологияда- адамның психологиясының зақымдану саласын, психика әр түрлі күйзеліске ұшырауын, соны бір жүйеге келтіріп, оқытып, тәрбиесі мәселесімен шұғылданады. Алегрофренопсихология-бала іштен туылған кезде, психология ауытқуына байланысты өзгешеліктер болады. Осындай ақыл-ой кемтар бала мен оқыту мәселесімен шұғылданады. Сурдопсихология- есту мүшесі кем балалардың саңыраулардың, мылқаулардың психологиясын бір жүйеге келтіріп, оқытып тәрбиелеу мәселемен шұғылданады. Типлопсихология- нашар көретіндердің, соқырлардың, су қараңғылар психологиясын зерттейді. Психологияның келесі саласы жас психологиясы. Бұл адамның тіршілігінің психикасы мен даралық ойлары мен даму заңдарын зерттейді. Жас психология өзі бірнеше салаға бөлінеді. Балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, геронтопсихологиясы, педагогикалық психология- оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін қарастырады. Оқыту психологиясы- баланың ойлау процесін дамыту мен оқу мативациясын тиянақты меңгеруін, жүйелі түрде басқарып, баланың ақыл-ой т.б. дағдыларын қолдану мәселесін іздестіреді. Оқу тәрбие жұмысының тиімді болуына жол ашажы. Оқыту психологиясы- жалпы дидактиканың жеке пәндерді оқыту методының негізін басшылыққа алады, ал тәрбие психологиясы жас ұрпаққа компаненттік тәрбие беру негізін және ой-санасы кеміс балаларды оқыту мәселесімен шұғылданады. Тәрбие психологиясы өзі психологиясы болып өз алдына бір тармаққа бөлінеді. Осы психологиялар ішінде жалпы психологияның алатын орны ерекше. Мұны сауда психологиясы мен медицина психология мен инженерлік психологиямен қатар қойып салуға болмайды. Жалпы психологияны кейде эксперименталдық психология деп атайды. Жалпы психология-психикалық құбылыстардың пайда болуы мен дамуын адамның дүние тануы мен психикалық іс-әрекетін зерттейді. Сол сияқты түйсіну, қабылдау, ес, қиял, ойлау, мінез, қабілет, темперамент ерекшеліктерін  зерттейді. Бұл барлық психологиялық салалармен дамуының негізгі тірегі деп есептейді. Сондай-ақ жалпы психология көптеген қоғамдық ғылымдармен, саяси экономия мен қоғам тану, тарих өнертану ғылымымен де байланысты. Өйткені бұл ғылымдардың бәрі адам санасына қызмет атқарады. Психологияның айналысатын мәселелері зерттеледі.Психология барлық ғылымдармен де байланысты. Психиканың мат-к негізі ми мен нерв жүйесінің негізін зерттейтін анатомия мен физиология мен байланысты. Сол сияқты медицинамен, саяси экономика мен де байланысты. Психологияның педагогика үшін маңызы зор. Адамның жас мөлшерін байланысты даму заңдылықтарын, жеке бас ерекшеліктерін білім беру мен тәрбиенің тиімді әдістерін пайдалануға толық негіз болады. Негізінде психологияның зерттейтін мәселесі топтан, біріктірсек мынандай 3 түрін көреміз

...

Скачать:   txt (191.6 Kb)   pdf (319.3 Kb)   docx (639.8 Kb)  
Продолжить читать еще 55 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club