Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психологиялық зерттеу бағдарламасын құру ерекшеліктері

Автор:   •  Сентябрь 14, 2020  •  Лекция  •  319 Слов (2 Страниц)  •  609 Просмотры

Страница 1 из 2

Психологиялық зерттеу бағдарламасын құру ерекшеліктері

Зерттеу бағдарламасы туралы түсінік

Психологиялық зерттеу бағдарламасы — ғылыми ізденістің әдіснамасы, әдістемесі және ұйымдастыру болжамы бар құжат. Бағдарламада зерттеудің теориялық болжамы, негізгі мақсаты, міндеттері, психологиялық зерттеу нәтижелерінің талдауы, өңделуі, жинақталған әдістерді негіздеу келтіріледі. Бағдарламаның негізгі міндеттері оның іс-әрекеті арқылы ашылады.

Бағдарламаның әдіснамалық қызметі психологиялық зерттеу жұмысының ғылыми түсініктерімен категорияларын анықтаудан тұрады. Бағдарламаның әдістемелік қызметі теориялық жағдайдан өлшеу әдістерін қолдануға, психологиялық нәтижені талдап тіркестіруге көшу негізінде жалпы логикалық жоспарды құрудан көрінеді. Бағдарламаның ұйымдастыру қызметі зерттеу процесінің барысында туындаған мәселелік жағдайды шешу барысында туындайтын сұрақтарды шешу жолдарын қарастыруды білдіреді.

Психологиялық зерттеудің бастапкы нүктесі болып мәселе тудыратын жағдай жатады. Мәселелік жағдай — әрі даму қажеттілігіне сайкес қызмет ете алмайтын, тұрақсыздықпен сипатталатын психологиялық зерттеу объектісінің жағдайы.

Психологиялық зерттеуге қойылатын негізгі нормативті талаптар:

1. Жалпы психологиядағы ережелерге сүйену.

2. Психологиялық мәселені шешудегі ғылыми ізденіс пен баға.

3. Зерттеудің қорытындысына логикалық талдаудың бағытталуы.

4. Жүргізілген психологиялық зерттеулерге сүйену.

5. Барлық элементтер мен құрылымдардың негізділігі.

6. Жағдайлардың тиімділігі.

7. Ғылыми шығармашылық ізденіс мүмкіндігі.

8. Формулалардың нақтылығы.

9. Бағдарламаны талқылап, құжаттандыру.

Психологиялық зерттеу бағдарламасын құрудың кезеңдері мен қызметтері:

...

Скачать:   txt (5.6 Kb)   pdf (35.2 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club