Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мен және менің мотивациям

Автор:   •  Сентябрь 13, 2020  •  Эссе  •  364 Слов (2 Страниц)  •  12,775 Просмотры

Страница 1 из 2

Мен және менің мотивациям

Мотивация – белгілі бір мақсат үшін өзіңді ояту процесі. Мотивацияны сақтау үшін бізде мақсат болу керек және оған жетуге тырысу керек. Адамның әр әрекеті үшін мотивация өте маңызды. Мотивациясыз кез-келген жұмыс немесе оқу мағынасыз болып көрінеді, сондықтан біз жасаған кез-келген іс-әрекет бізге жаңа дағдыларды береді, дамытады, бізді кәсіби етеді. Мотивация – өмірдің мәні және жетістікке жетудің жолы. Ал сол мотивацияны әркім әртүрлі заттан, әртүрлі жерден, айналасындағы адамдардан іздеуі мүмкін.

Мен мотивацияны әкем мен анамның күлімдеген жүздерінен, маған қолдау білдіретін жылы сөздерінен алатынмын. Ата-анам айтушы еді: "қызым біз саған сенеміз, сенің қолынан бәрі келеді" - деп. Ата-анамның жылы сөздерін сағындым. Ата-анам Қарағандыда, ал мен Алматыда. Осы екі қаланың арасында қаншама шақырым жатыр десеңізші. Алматыға оқу қуып келіп едім. Қазіргі таңда күш жігерімді жоғалтып бара жатқандаймын. Жаңа қала, жаңа орта, жаңа адамдар. Мен үшін қазір бәрі қиындап кетті. Өзімнің не үшін, не істеп жүргенімді түсіне алар емеспін. Ата-анамды, үйімді сағындым. Қаншалықты мықты болайын десем де қолымнан келер емес. Бірақ ата-анамның үмітін ақтау үшін мен бәріне шыдауым керек. Ата-анам менің бар байлығым. Сол үшін өзіме мотивация алатын 5 қадам жасадым:

1.Қандай нәтижеге жететінімді елестету. Өз еңбегімнің жемісін көз алдыма елестету. Мотивациям таусылған сайын немесе шаршаған сәттерде жететін нәтижемді ойлау.

2.Мақсатым физикалық тұрғыда өзіммен бірге болуым керек. Демек, құлшынысымды арттыратын, оған қараған

...

Скачать:   txt (4.6 Kb)   pdf (34.9 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club