Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жетім балалар психологиясының теориялық негіздері

Автор:   •  Декабрь 5, 2018  •  Статья  •  1,731 Слов (7 Страниц)  •  706 Просмотры

Страница 1 из 7

Жетім балалар психологиясының теориялық негіздері

5В010300 – Педагогика және психология мамандығы, 1 курс қазақ бөлімінің студенті Сейдахметова М.Ф.

Ғылыми жетекшісі: Әлеуметтік ғылымдар магистры, аға оқытушы Бапаева С.Т.

I.

Тақырыптың өзектілігі. Соңғы жылдары баласынан бас тартып жатқан безбүйрек ата-аналардың саны артуда. Өз баласын далаға тастап, саудаға салуы, ішімдік пен нашақорлыққа салынып, нәтижесінде ата-ананың баласына құқықтары шектеліп, түбі баланың жетім қалу мәселесі жиілей түсті.

Басқа балалар қалай отбасында тұрса, жетім, тастанды балаларымызда отбасы үлгісіндегі үйлерінде тұруы қажет, сонымен қатар өздерінің отбасы махабатын сезіне алмаған жетім балаларымызға сол ыстық отбасы махаббатын сезіндіру қажет. Онсыз да тағдырдың тәлкегіне ұшыраған, ата-анасының безбүйрек, қатыкез болғаны үшін, өз отаны бұйыртпаған махаббатты жат елдерден тауып жатқандар да бар.  Жетім балалар санының бүгінде көрші мемлекеттермен салыстырғанда жоғары болуы, өзекті мәселе болып отыр.

Жұмыстың мақсаты. Жетім балалар психологиясының теориялық негіздерін анықтау.

Міндеттері.

  1. Психологиялық әдебиеттерге талдау жасау
  2. Балалардың жетім болуы себептерін теориялық тұрғыдан анықтау.

Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері. 

Психолог, педагогика ғылымдарының кандидаты Мейрамгүл Есенғұлованың айтуынша, босанған аналар қылмысқа уақытша психикалық ауытқушылықтың әсерінен баруы мүмкін. Өз шаранасын өлтірген не тастап кеткен әйелдер сол сәтте аффектілік күйде болады, яғни өз әрекеттеріне есеп бере алмайды.

Жұмыстың теориялық маңызы.

«Кез келген жүкті әйелдің бойында көңіл күй өзгерісінің болуы қалыпты жағдай. Ал кейбір әйелдер бала туғаннан кейін жан күйзелісін бастан кешуі мүмкін. Оның себебі болашақ анаға босанғанға дейінгі ішкі және сыртқы факторлардың қаншалықты деңгейде ықпал етуіне байланысты. Әрбір жүкті әйел психоэмоционалды күйін үнемі бақылауда ұстап және дер кезінде қажетті маманнан кеңес алып отырса, бұндай жағдайлардың алдын алған болар едік», – дейді М.Есенғұлова. Психолог сөзінің жаны бар, біздің қоғамда психологқа жүгінуді ұят санайтын, маманның қабылдауына жіберсе, кеміту, қорлау деп ұғатындар жетерлік. Тәніміз ауырғанда дәрігердің көмегіне қаншалықты жүгінсек, жанымыз ауырғанда да маманның көмегіне соншалықты зәру екенімізді ескере бермейміз.

Жетімдіктің өзінің түрлері болады. Әлеуметтік жетім – ата-анасы бар немесе қайтыс болмаған, бірақ ата-ана өз келісімдерімен баладан бас тарту, сондай-ақ ата-ананың түрлі сол қылықтарға бару арқылы олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу. Тұл жетім – ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасының біреуінің қайтыс болуы. Қазіргі таңда әлеуметтік жетім тұл жетімге қарағанда 80 пайызды құрап отыр. Қалған пайызы ғана тұл жетімдер.

Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша 2014 жылғы мәліметтер бойынша жетім балаларға және ата-ананың қарауынсыз қалған баларға арналған 188 балалар үйі жұмыс жасайды. ҚР Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2014 жылы жасаған баяндамасына сүйенсек, елімізде 32362 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелген. Бұл 32362 баланың барлығы толық жетім емес, көпшілігінената-аналары бас тартқан немесе балаларына құқықтары шектелген. Барлық балалар үйінде тәрбиеленушілердің 81,6 %-ң ата-аналары тірі, тек қалған 18,6 %-ң бір немесе ата-анасының екеуі де қайтыс болған. Демек, 6000-ға жуық баланы толық жетімдер деп айтуға болады. 

II.

Қазақ халқы бауырмал, мейірімді, балажан деген сөздерді жиі естиміз. Алайда қазіргі таңда оған сену біраз қыйындау. Соңғы кезде жантүршігерлік оқиғалар жиілеп барады. Жетімін жылатпаған, жесірін еліне қайтармаған, балалар үйін қажет етпеген еліміз бүгінгі таңда теріс жаққа өзгеруде. «Баласынан бас тартыпты» «Қоқыс жәшігінен нәресте табылды», «Дәретханадан жаңа туылған сәби табылды» деген хабарларды есту кімнің болмасын жанына батады. Неліктен адам баласы осынша қатігез  болып бара жатыр? Жөргегі кебінге, бесігі қоқыс жәшігіне айналған сәбилердің саны неге артты? Бұның барлығына не себеп болды? Ата-бабамыздын сол бір берген тәрбиесі қайда? Бір таңқаларлығы, адамдардың ақшаны тастай салуға дәті бармайды да, баланы тасауға еш қиналмайды.

...

Скачать:   txt (24.1 Kb)   pdf (133.2 Kb)   docx (18.8 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club