Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Басқару іс-әрекетіндегі мнемоникалық процестер

Автор:   •  Ноябрь 19, 2020  •  Лекция  •  771 Слов (4 Страниц)  •  2,149 Просмотры

Страница 1 из 4

№10 Практикалық (семинар)

Тақырып атауы: Басқару іс-әрекетіндегі мнемоникалық процестер

Сабақтың мақсаты: Тақырып жөнінде білімдерін анықтау және бекіту.

Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: 

  1. Басқару іс-әрекетіндегі мнемоникалық процестер
  2. Жетекші іс-әрекетіндегі оперативті естің өзіндік ерекшелігі

Басқару іс-әрекетіндегі мнемоникалық процестер

Перцептивтік процестер баскару іс-әрекеті үшін кәсіби - мәнді ақпараттың кабылдануын, ал мнемоникалықтар олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Олар "жанды" деген жалпы ұғымға беріледі. Этимологиялық тұрғыдан бұл термин гректік әйел-құдайы, барлық музалардың анасының атынан туындайды.

Ес процестердің тұтастай жүйесінен тұрады: жаттап алу, сақтау, қайта жаңғырту және ұмыту, олар өздерінің бағытталуы, функционалдық рөлі және негізгі заңдылықтары бойынша айырмаланады.

Ес кез келген басқа да психологиялық құбылыстар сияқты, бірқатар негізгі түрлерге бөлінеді:

- ерікті және еріксіз есте сақтау (жаттау) мақсаттың болуы немесе болмауымен айырмаланады;

- қозғаушы, көңіл-күйлік, образдық (оның жоғары көрінісі эйдетикалық ес, өте мұқият образ), сөздік-логикалы ес;

- көру, есту, саналау, иіс, дәм, кинестикалық ес - еске сақтауға арналған ақпаратты беретін анализатор белгісі бойынша;

- ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік ес.

Оперативті ес - қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді естің сипаттарына ие өзіндік түр, бұл - келіп түсетін және тек соның мақсатына ғана жетуге қажет ақпаратты жаттауды, сақтауды және қайта жаңғыртуды қамтамасыз ететін мнемоникалық процестер жүйесі.

Жақсы ес өзінен өзі табысты жетекшілік кепілі болып табылмайды, жетекші есінің негізгі өзіндік ерекшеліктері оның даму денгейіне емес, жаттау, сақтау және қайта беру тәсілдерінде болады. Жетекші есінің қажетті құрылымына, оған басқару іс-әрекеті қоятын тиісті талаптарға сай өзіндік «қатынасқа» ие болуға тиіс. Мұндай талаптардың мазмұны төмендегідей:

- жатталатын және сақталатын ақпарат құрылымында заттар туралы емес, субъектілер туралы мәліметтер айрықша орын алады;

- табысты іс-әрекет үшін жетекші есінде жатталуы тиіс ақпараттың үлкен көлемінің болуы;

- ақпараттың алуан түрлілігінің жоғары дәрежесі, өйткені ұйымдастыру жүйелері социотехникалық сипатта болады;

- тіркелетін ақпараттың әр типтілігі: фактілер туралы, пікірлер туралы, жүйе туралы,  

- барлық ақпараттық көздердің өзара байланыстылығы, бұл тек бастының ғана белсенді жүйеленуі мен тіркелуін талап етеді;

- басқарудың жедел жағдайларының өзгеру серпініндегі естің ақпаратты көкейтестіленуіне үнемі дайындығын талап етеді: қатаң уақыттық режим кажетті акпаратты қайтанғырту жылдамдылығына талап қояды;

- басқару жағдайларының тек жалпы ерекшеліктерін ғана емес, олардың «тетіктерін де» ескеру қажет.

 Мнемоникалык процестерге баскару іс-әрекетінің жоғарылаған кернеуі кері ықпал етеді.

Басқару іс-әрекетінің ерекшеліктері жетекшінің мнемоникалық ұйымдасуының екі саласына, яғни оперативті және мерзімді естерге ерекше талаптар қояды.

Жетекші іс-әрекетіндегі оперативті естің өзіндік ерекшелігі

Жетекшінің оперативті есінің негізгі және жалпы ерекшелігі - оның қалыптасуы мен тұтастай алғандағы даму деңгейінің жоғары болу шамасы. Естің бұл түрі жетекшінің мнемоникалық процестерінің құрылымында үстем орын алады.

Қажетті ақпараттың көкейкестілену жылдамдығы - жетекшінің оперативті есінің келесі маңызды сипаты.

Оперативті басқару процесіне бір мезгілде бірнеше мәселелерді шешу кажеттілігі тән, осыған байланысты оперативті естің тағы да бір ерекшелігі бар, -ол жоғары динамикалық лабилділік, бір мәселеден басқаларына жеңіл ауысып қосылушылық. Мұндай ауысып қосылушылықтың уақыт бірлігіндегі үлкен саны іс-әрекеттің жоғары кернеулілігінің себебі болып табылады, бұл шаршау дамуын ынталандырады.

...

Скачать:   txt (11.8 Kb)   pdf (77.6 Kb)   docx (11.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club