Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Педагогика, әлеуеметтік педагогика және өзін – өзі тану тарихын дәуір бойынша салыстыру

Автор:   •  Ноябрь 23, 2021  •  Реферат  •  657 Слов (3 Страниц)  •  398 Просмотры

Страница 1 из 3

                  Педагогика, әлеуеметтік педагогика және өзін – өзі тану тарихын дәуір бойынша салыстыру

Дәуір

Педагогикалық өнердің өзіне тән ерекшеліктері.

Педагогикалық идея (ғылым

сипаттамасы

Педагогикалық ғылымның басты өкілдері

Ежелгі ғасыр

Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізіп, су тасқынын алдын-ала анықтап, арифметика, астрономия, геометрия, медицина сияқты ғылымдардың негізі қалана бастады. Мектептерде дене жазалауы дұрыс деп саналып, тәрбие мен оқыту отбасылық сипатта болды.Олар баланы адамгершілікке,адалдыққа және дене тәрбиесіне баулыды.Ұл бала мен қыз баланы теңдей оқытты.Оларды бір-бірінен бөліп жармады.Оқушыларды  мұғалімді тыңдай білуге үйретті.Оларға күнде "Тыңдай білу-адамның ең негізгі қасиеті" деп айтып отырды.Атты әскерлер дайындады, жан-жақты, үйлесімді жастарды дайындады.Оларға ерте жастан өнер жолын, үй шаруасын, тақпақ айту, ақындық, шығармашылық жақтарын, сауда-саттық жолын үйретіп, дамытты.Қыздарға  тігіншілік, үй шаруасы, тоқымаға үйретті.[1]

Демокрит еңбектерінде:"Егер де оқымаса,ешкім өнерді де, даналықты да меңгермеген болар еді", "Кейде жас адамдарға ақыл, ал қарттарға ақылсыздық тән болса, ақылға үйрететін уақыт емес, ол дұрыс қойылған тәрбие және табиғат" деген көзқарастары кездеседі.

Сократтың көзқарасы бойынша, «Заттардың табиғатын зерттеу емес, ол өзін-өзі танып білуі, адамгершілікті жетiлдiруi болу керек».

Платонның тәрбие жүйесі дене тәрбиесін шеттетуге негізделеді, құлдардың балаларына білім алуға тыйым салынды. Бірақ,  ол «Мектепке дейінгі тәрбие туралы, тәрбиенiң бiрiздi мемлекеттік жүйесі туралы, жағымды үлгі өнеге арқылы тәрбиелеу талаптарын» ұсынды.

Аристотель Платонның ойына қайшы келді.Ол дүниенің бірлігін мойындады, «Заттар идеяларын заттардың өзінен бөлуге болмайды, кез-келген зат материя мен түрдің бірлігі болып табылады» дейді [2].

Конфуций(б.э.д 551-479жж)

Сократ(б.з.д 469-399жж)

Платон(б.э.д 427-347жж)

Демокрит(б.э.д 460-370жж)

Аристотель(б.з.д 384-322жж)

Марк Фабий Квинтилиан(б.э.д 35-96жж)

Батыс Еуропада тәрбие мен мектеп(орта ғасыр және қайта өрлеу XIV-XVIғғ.)

Монастырлардың жанында-монастрлық мектептер, ал шіркеулерде-приходтық мектептер ашылды. Мұғалімдер-монахтар мен дін иелері.Олар балаларды дінге тәрбиеледі.Ер балаларды христиан дінінің және адамгершіліктің рухында тәрбиелеп, оқуға және жазуға, құдайға латын тілінде құлшылық етуді үйретті.Оқу барысы ұзақ әрі қиын болды.Тапсырма орындалмаса ауыр дене жазасын беріп отырды.Эпископ соборы мен кафедрасының жанынан мектептер ашылды.Олар "жеті еркін өнер" сабақтарын оқыды.Олар:грамматика, риторика, диалектика, арифметика, геометрия, астрономия, саз өнері.Ал феодалдарға "рыцарлық қасиеттерді"үйретті.Олар:суға жүзу, атқа міну, садақ ату, найзаласу, шахмат, аңшылық, өлең шығару,айту[3]. 

Католиктік дін иелері ертедегі мәдениетке қарсы болды:ғылымға, өнерге, мектепке.Ер адамдарды: адамгершілікке, сабырлылыққа, тәрбиелілікке үйретті.Дінді дін иелерінен үйренді.Ал әйелдер білімді үйде және әйелдер монастырында алды, оларды діни рухта тәрбиелеп, оқуға, жазуға, қолөнерге үйретті.

Қайта өрлеу

Педагог-гуманистер дені сау, әртүрлі қызығуларды меңгерген, өмірге белсенді адамдарды тәрбиелеуді мақсат етті.Олар шығармашылық, адами қасиеттер, біліктілік, өнер салаларына көптеп мән берді. Математика, астрономия механика, жағырапия,  жаратылыстану ғылымдары дамыды.Бұл ғылымның салаларында әртүрлі жаңалықтар мен ашылулар болды:Еуропада кітап басып шығаруды ойлап табу, Американы,Индияға теңіз жолын ашу [4].

Витторина да-Фельтре  “Қуаныш үйі" деп аталатын мектеп ұйымдастырды. Мектеп тамаша сарайда, табиғат аясында ашылды. Ғимараттың барлығы мектептің қажеті үшін, арнайы қайта жасақталды.Жаңа мектепте жарықпен ауа көп болды.

Франсуа Рабле өзінің белгілі “Гаргантюа және Пантагрюль" атты романында ортағасырлық схоластикалық тәрбиені қатты сынға алды және оған бала үшін тәртіппен ойластырылған гуманистік тәрбиені, жан-жақты білім беруді, өз бетімен ойлауды дамытуды, шығармашылықты және белсенділікті қарсы қоя бiлдi.

ToMac Mop бiлiм беру теориясын еңбекпен байланыстыру идеясын ұсынды."Мемлекеттiң дұрыс құрылысы туралы және жаңа Қиял аралы туралы Алтын кітабында" (1516) еуропалық ойшылдардың ішінде алғаш рет екі негізгі және маңызды қағиданы ұсынды: «Адамзат қоғамының көркеюі үшін

жекеменшіктің зияны туралы және барлық адамзаттар үшін міндетті өнімді еңбекке катысу».

Томазо Кампанелланың "Күннің қаласы" кітабында «Мемлекет жұбайларды іріктерде де бақылау жасап отыруы керек, оның мақсаты "ерлер мен әйелдердің үйлесуі дұрыс тұқым беруi керек"» деген қағиданы ұстанды [5]

Витторина да-Фельтре(1378-1446)

Франсуа Рабле(1494-1553)

Томас Мор(1478-1535)

Томазо Кампанелла(1568-1639)

Ресейде тәрбие,мектеп және педагогикалық ой-пікірдің дамуы

Мектеп өмірінде еңбек дағдыларына ерекше мән берілді, біржүйелі жалпы білім берілді.Бұл кезеңдегі методикада параллельді әсер ету қағидасы болды.Яғни, педагогтың жекелеген тәрбиеленушіге тікелей және жанама әсер етуі орын алды.Әр нәрсенің жақсы және жаман жағы болатынын ескере отырып, мектеп методикасының да екі түрлі жағдайы болатынын ескерген.Балалар ұжымы, педагогтар ұжымы құрылып, тәрбиеге, еңбекке іс-әрекет жасады.

А.С.Макаренко "Біздің өміріміз-жаппай жаңалық"деп жазды.

Ал В.А.Сухомлинский "Егер педагогикалық еңбек мұғалімге қуаныш әкелсін десеңіз,егер күнбе-күнгі өткізілген сабақтар жалықтыратын,бірсарынды қайталанып отыратын жұмысқа айналмасын десеңіз,әрбір мұғалімді зерттеудің бақытты жолына жетелеңіз"деп жазған.

Л.Н.Толстой «Егер мұғалім жеке басында өз ісіне сүйіспеншілікті және оқушыларына сүйіспеншілікті ұштастыра білсе, ол нағыз мұғалім»дейді.[6].

Антон Семенович Макаренко(1888-1939)

Василий Александрович Сухомлинский(1918-1970)

Лев Николаевич Толстой(1828-1910)

...

Скачать:   txt (11 Kb)   pdf (118.1 Kb)   docx (11.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club