Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқыту

Автор:   •  Апрель 5, 2021  •  Реферат  •  567 Слов (3 Страниц)  •  349 Просмотры

Страница 1 из 3

Оқыту – оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне  айрықша назар  аударылмайды.

 Оқытудың мәні        [pic 1][pic 2][pic 3]

Білім        

(Таным)

Іскерлік

(Шығармашылық)

Дағды

            

Шығармашылық тапсырма

Тапсырма-1. Оқытудың инновациялық интербелсенді әдістеріне тоқталыңыз (торкөзді көбейтуге болады)

[pic 4]

Оқытудың сапасын арттыру мақсатында  оқу-тәрбие процесінде  инновациялық интербелсенді әдістері пайдаланған тиімді: пікірсайыс, тренинг, диалог, дебат, пікірталас, миға шабуыл, іскерлік ойындар, және т.б.

Тренинг   әдісі – белгілі бір тақырыпқа өткізілетін ойын сабақтарында  қолданылатын әдіс. Тренинг әдісінің ерекшелігі – тренингке қатысып отырған оқушылар өз ойларын  ашық айтып, белсендік танытуы.

 Тренинг  әдісі оқушылардың белсенділіктерін, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамуына өз үлесін қосады.Мерсер  мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде оқытудың  диалог әдісі оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.

Диалог әдісі – оқушылардың бір-бірімен және  мұғаліммен интерактивті қарым-қатынас жасауына  бағытталған әдіс.

Диалог әдісінің төмендегідей ерекшеліктері бар:

1) оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруге мүмкіндік береді;

2) оқушыларға басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсіндіреді;

3)  оқушыларға  өз идеяларын  дәлелдеуге көмектеседі;

4) оқушылардың жаңа білімді қай деңгейде меңгергендіктерін көрсетеді;

5) оқушылардың  шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.

Диалог әдісін қолданғанда   оқушылар  өзін қызықтыратын, өздерін толғандыратын мәселелерді шешкенде белсенділік танытып қана қоймай, ашық сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты  жұпта – досына, ал топта – барлық  достарына түсінікті тілде түсіндіре алады.

Диалог әдісін қолданғанда   уақытты ұтымды пайдаланған жөн: оқушылардың ашық сұрақтарынан кейін тізбектелген сұрақтардың туындайтынан,  бір сұрақ тереңірек ашылғанымен екінші  сұрақты ашуға уақыт жетпей қалуы мүмкін.

Диалог әдісі   оқушыларды достарының  пікірімен санасуға, ой тұжырымдауға, ой қорытуға үйретеді.

Пікірсайыс  әдісі  – белгілі  тақырып көлемінде арнайы ережелермен шектелген сөз жарыстыру, білім таластыру өнеріне негізделген әдіс. Қазіргі таңда пікірсайыстың әртүрлі форматтары бар. Олардың барлығы жаңа заман  педагогикасындағы “субъект-субъект”  принципіне негізделген. Пікірсайыс  мұғалім мен  оқушылар арасында, оқушы мен оқушы арасында, оқушылар топтарының арасында болуы  мүмкін. Бұл әдіс оқушы мен мұғалім арасындағы авторитарлы стильдегі қатынасты  ашық демократиялық стильге түрлендіруге мүмкіндік береді. Осындай стильдегі қарым-қатынас  оқушы мен мұғалімнің шығармашылыққа деген әлеуетін көтереді.

...

Скачать:   txt (7.8 Kb)   pdf (95.5 Kb)   docx (14.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club