Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның мәдени саясаты

Автор:   •  Июль 15, 2021  •  Реферат  •  1,388 Слов (6 Страниц)  •  729 Просмотры

Страница 1 из 6

    Реферат

Тақырыбы: “Қазақстанның мәдени саясаты ”

 

                                                                     Орындаған: Әли Қайрбекұлы

                                                     Тексерген: Темірлан Айдынұлы

                        Тобы:БТ-001

Қазақстанның мәдени саясаты

    Біз осы жылдың соңына дейін «Сандық Қазақстан 2020» бағдарламасын бекітуді жоспарлаудамыз және 2017 жылы бесжылдық-бағдарламаны іске қосамыз. Біз сеніммен ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы міндетті жүзеге асыруда және «Сандық Қазақстан 2020» бағдарламаларының мақсаттарына қол жеткізу сандық платформаны құрады деп айта аламыз және ол экономика салаларында бәсекеге қабілеттілікті арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

  Сандық қоғам өмірдің барлық салаларында білім мен ақпарат рөлінің басым болуымен ерекшеленетін өркениет дамуының қазіргі кезеңі болып табылады. Бұл ақпараттық технологиялардың халық өміріне, сондай-ақ, мемлекет, кәсіпкерлік пен қоғамның өзара қатынасына ықпал етуімен тығыз байланысты.

Сандық дағдылар экономиканың барлық секторларының өсуі жолындағы негіз және сандық қоғам мен мемлекеттік сандық қызметтердің өзара ықпалдасытығына қол жеткізуге әсер етеді. Сондай-ақ, бәсекеге қабілеттілік пен өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Осыған орай, үкімет цифрлық дағдылардың кемшіл тұстарын анықтап, сол кемшіліктерді жоюға бағытталған бірқатар бастамаларды жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысында, төмендегідей  көрсеткіштерге қол жеткізді:

— ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің деректері бойынша, 2015 жылы халықтың компьютерлік сауаттылығы деңгейі 74,2% -ды құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 11%-ға (2013 жылы – 63,2%, 2014 жылы – 64,1% ) өскен;

— жыл сайын АКТ мамандықтары бойынша орта есеппен 30 мың адам диплом алып шығады. (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті берген ақпарат бойынша,  жоғарғы оқу орны – 13 мың адам, техникалық және кәсіптік білім беруде – 17 мың; «Болашақ» халықаралық стипендиясында – 200 адам).

Бұл орайда бірқатар мәселелер қатары да бар. Атап айтқанда: азаматтарды оқыту арқылы еңбек өнімділігін арттыру, олардың сандық қоғамды дамытуға қатысуын арттыру үшін Отандық инновациялық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңа медиа-платформалар құру.

Бүкіләлемдік Банктің «Сандық дивидендтер» есебіне сай, бұл білімнің өзі жеткіліксіз екенін көреміз. Себебі, жаңа технологиялар сәт сайын дамып, солардың игеруге байланысты жаңа кәсіптердің пайда болуына орай кез келген қызметкер өзінің сандық дағдыларын үнемі бағалай отырып,  оларды жиі жетілдіруді әдетке айналдыруы тиіс.

Жоғарыдағы мысал мен ағымдағы жағдайды ескере отырып, сандық дағдыларды ұзақ мерзімді дамыту қажет екені айдан анық. Осы орайда үкімет кәсіби кадрлардың біліктілігін жоғарылатуды, жастар арасында жаңа технологиялар мен ғылымның тартымдылығын арттыруды, халықтың барлық сегменттері, соның ішінде, шағын және орта бизнес өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер және т.б. арасында цифрлық дағдыларды дамытуды, ең маңыздысы, өмір бойы оқыту мүмкіндіктерін қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Аталған бағдарлама АКТ саласындағы жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сай білім деңгейін сәйкестендіруді көздейді. Білім беру жүйесі мен жұмыс берушілер арасында көпір орната отырып, экономикада жаңа жұмыс орындарын құру үшін нақты дағдыларды қалыптастыру мақсатында білім беру жүйесін қолдау бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

...

Скачать:   txt (19.6 Kb)   pdf (83.3 Kb)   docx (12.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club