Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тұрмыс салт жырлары

Автор:   •  Октябрь 12, 2020  •  Реферат  •  997 Слов (4 Страниц)  •  621 Просмотры

Страница 1 из 4

Бесiк жыры, уату, тұсау кесу, майлау, сылау сияқты ырым өлеңдерi бар ма? Бұл дәстүр жаңғырды ма? Бүгiнгi күндегi қандай үлгiлерi бар?

       Бесік жыры – ананың балаға деген үлкен махаббатының жырмен өрілген көрінісі.  Бұл жырды сәби кезімізден барлығымыздың аналарымыздың, әжелеріміздің аузынан естіп өскеніміз мәлім. Баланы тербетіп отырып айтылатын керемет жырдың тәрбиелік мағынасы зор. Әдемі әуеннің астарында жас баланың дені сау, адал, өнерлі, еңбексүйгіш, еліне қорған болатын азамат болып ер жетсе екен деген ізгі тілек бар. Ананың жырмен жеткізген ізгі тілегін тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өсері анық. Сондықтан да әрбір ана өз баласына әсерлі әуен, сырлы сөзбен айтылатын бесік жырын міндетті түрде айтуы абзал. Бесік жырының көптеген түрлері бар. Халық аузында сақталған бесік жырының түрі:

Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Әлди-әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым,
Жұртқа жаман болса да,
Өзім сүйген аппағым! - бесік жырының бұл түрін бұрынғы заманда әжелеріміз әуендетіп айтқан. Бұл бесік жыры осы күнге дейін ауыз әдебиеті арқылы таралып осы күнге дейін жеткен. Қазіргі таңда, қарапайым өзімнің отбасымды мысалға алатын болсам, менің анам ініме түрлі, мағыналы бесік жырларын жырлайды. Оның бірі:

Әлди әлди балашым

Әлдилейді анашың

Бесігіне жата ғой

Тәтті ұйқыға бата ғой

Әлди әлди әлди ау

Әлди әлди балам-ай

Әлдилейді анаң-ай

Бесігінді тербетіп

Әлдиіме салам-ай

Сақта туған далаңды

Тілін салтын санаңды

Әлі ақ өсіп ер жетіп

Қуантарсың анаңды. Бұл бесік жырының жаңа түрлерінің бірі деп ойлаймын. Себебі, бұл белгілі бір автордың жазылуымен, орындалуымен халқымызға таралған бесік жырының түрі. Көптеген ақын, сазгерлерімізде сазды, әуенді бесік жырын жазуды естен шығармаған.

         Уату-алдарқату жырларының басты мiндетi – баланы алдандыру, көңiлiн сергiту, алдарқату, ойнату болып келедi. Бұл жырды көбінесе бала жылаған жағдайда, оны еркелетіп, көңілін аулау үшін көп жырлаймыз. Тiлi енді шығып, есi толық кіре қоймаған сәбиге ата-анамыз:

 Ой, ой, жаным, ой, жаным,

 Мойнымдағы маржаным.

 Садақа саған мал-жаным!

 Жас алыпсың көзiңе,

 Не болды екен өзiңе?!

 Саған тиген кiсiнiң

 Қолы сынсын таң ата,

Көзi шықсын күн бата, – деп ренжіген адамына әзілмен жырлай білдіреді. Тiлi шығып сөзді түсіне бастаған бүлдіршінді қолына алып:

Бөпем менiң қайда екен?

Асқар-асқар тауда екен.

Тауда неғып жүр екен?

Алма терiп жүр екен...

Қызыл алма қолында

Қыздар оның соңында, – деп әндетедi. Немесе:

...Қарғам соққан пышағы,

Қызыл қырғыш деседi.

Ашуына тисеңдер Құлағыңды кеседi, – деген секілді мадақ-алдарқату өлеңдерiмен де жұбатады.

     Тұсау кесу — бала еңбектеу кезеңінен өткеннен кейін, аяғын қаз-қаз басып жүруге талпыныс жасайды. Бұл дегеніміз кішкентай баланың өзінің жасаған алғашқы таным талпынысы. Осы сәтте халқымыз кішкентай бөбектің болашағына ақ жол тілеп, «балам тез жүріп кетсін» деген ізгі ниетпен «тұсаукесер» тойын жасауды қалаған. Жиналған көпшілік арасынан көбінесе жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске епті қасиеттерімен көзге түсетін, пысық адам таңдалып алынып, нәрестенің тұсаукесерін соған тапсырады. Тұсау кескен адамға сәбидің тұсауына байланып, арнайы «тұсаукесер» сыйлығы беріледі. Тұсауы кесілген соң, сәбиді екі адам ортаға алып шығады да, тез-тез жүреді.  «Тұсаукесер» жыры шырқалады:

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң, мәз болам.

Қаз-қаз, балам, қаз балам.

Тақымыңды жаз балам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін,

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық,

Қаз-қаз, балам, жүре ғой...  деп тәй-тәй бастыртады. Жалпы қазақ халқы тұсау кескендеде түрлі ырым-тыйымдарды естен шығармаған. Бұл ырымдар әлі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпаған. Халқымыз бала тұсауын ала жіппен, көк шөппен немесе ішекпен кескен. Мұның себебін атап өтсек, баланың тұсауын көбінде ала жіппен кеседі. Бұның мәні «Жаным-арымның садағы» деген сөзді сіңіріп өскен халық үшін түсінікті болса керек. Яғни, тіршіліктің ақ пен қарадан, қуаныш пен қайғыдан, жақсылық пен жамандықтан, адалдық пен арамдықтан тұратынын ескеріп осы екі араның аражігін ажырата алсын дегенді білдіреді. Оның астарында «біреудің ала жібін аттама» деген тоқтам да жатыр. Қазіргі таңда кейбір жерлерде түрлі түсті жіп қолдану да үрдіске айналып бара жатыр. Негізіннде бұл дұрыс емес. Қазақ тек тұсауды ғана емес, бесіктің бауын, киіз үй түндігінің бауын да осы ала жіптен ескен екен. Көк шөп. Жердегі көк шөпті өріп баланың тұсауын кесу қазір кең тарамаса да, аракідік кездесіп қалып жатады. Бұл ғұрыптың мәні – ұрпағым көбейсін, өніп-өссін, туған жерінде көгерсін деген ниетте жатыр. Тоқ ішек. Баланың тұсауын тоқ ішекпен кесу - сәбидің болашақ өмірі тоқшылықта, байлықта өтсін деген тілекке саяды.
       Босаға майлау

...

Скачать:   txt (12.3 Kb)   pdf (102.4 Kb)   docx (556.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club