Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының даму тарихы

Автор:   •  Февраль 9, 2018  •  Реферат  •  4,303 Слов (18 Страниц)  •  1,955 Просмотры

Страница 1 из 18

Жоспар:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1.XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басындағы Ресей өкіметі;

2.Соғыс жылдарындағы патша өкіметінің қазақтарға зорлық-  зомбылығы;

3.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының даму тарихы

4. Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресі

III Қорытынды

IV Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстанның тәуелсіз дамуы уақыт өткен сайын қарқын алып, ұлттық, жалпы адамзаттық және демократиялық құндылықтар мен ұстанымдар негізінде биік мұраттарға бағыт түзеп келді.

Тәуелсіздік жолы қиын-қыстау  кезеңдерден, қасіретті жылдар мен қанды қырғындардан, азаға толы азаттық күрестерден тұрды. Сондықтан да, отан тарихындағы ұлт-азаттық қозғалыс пен ұлт зиялыларының азаттық жолында жүргізген қажымас күресін  өз дәрежесінде объективті түрде зерттеу және оны халық санасына дұрыс жеткізу- тәуелсіз ел тарихшыларының алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған күннен бастап, коммунистік идеялар мен бүркенген отаршыл ұлы державалық орыс шовимизмінің біздің ұлтымызға «құрастырып» берген, саясаттандырған «ұлттық тарихымызды» - ұлттық көзқарас  тұрғысынан жаңаша  объективті  зерделеу процесі басталып, әлемдік ортақ өркениет пен адамзаттық игілік құндылықтарын басшылыққа алған отандық тарих ғылымы ізденіс үстінде дамып келеді.

1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдердің және байлардың зорлық-зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соыс қажетіне алу күшейді. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына , ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Елдің өнер кәсібіндегі жалпы күй зеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.

XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқарды қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс поселкелерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ-қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 пайызынан астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдаланды. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс-украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістірді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады.

XX ғасырдың басында патшалық Ресейдің Орта Азияның шығыс аудандарымен Қазақстанды отарлауды өте күшті қарқымен жүргізілді. Тек 1907-1912 жылдары империяның Еуропалық бөліктерінен бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруларды қоныстаныру үшін жер қорын жасап, 1917 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жедлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.

Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 38 мың шаршы метр киіз, 300 мың пұт ет, 473.928 пұт балық, 70 мың жылқы , 12 797 күштеп алынып, майдан аймақтарын жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға , бай-құлақ шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді .

Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына , ауыл шаруашылығының  тоқырауына, халық арасындағы аштығға алып келді.Жергілікті жерлерде  шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алым- салық жинауы өсті . Бұл кезде әр түрлі салықтардың 10-ға тарта түрі болды. 1916 жылы 3 миллиард сомға жаңа мемлекеттік  заемға жазылу науқаны жүргізілді , ол да қазақ халқының мойнына ауыр салмақ болып түусті . Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен байланысты қазақ халқына тағы бір ауыртпалық  - әскери салық салды. Оның әр түтінге көлемі 1 сом 84 тиын мөлшерінде белгіленді .

...

Скачать:   txt (62.9 Kb)   pdf (279.5 Kb)   docx (29.9 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club