Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әл Фараби және ислам мәдениеті

Автор:   •  Октябрь 11, 2020  •  Реферат  •  432 Слов (2 Страниц)  •  881 Просмотры

Страница 1 из 2

                    Әл-Фараби заманы және ислам мәдениеті

Әл-Фарабидің өмір сүріп, ғылыми шығармашылықпен айналысқан уақыты ІХ ғасырдың соңы мен Х ғасырдың басы — ислам өркениетінің шарықтап дамуы кезеңімен сәйкес келеді. Әл-Фараби заманында Түркістан елі исламды қабылдап, ғылыми, мәдени салада араб тілін меңгере бастаған. Исламданған көшпелі мәдениет бұрынғы мәдениетке қарағанда әлдеқайда жоғары тұрған, рухани жағынан дамыған жаңа сатысы болып табылады. Өйткені ол жоғары сатыда этика мен идеологияға негізделген әмбебеп өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде қызмет етеді. Көшпелілік пен исламның бірігуі түркілердің мәдени тұйықталуы жағдайынан шығып, жалпыадамзаттық интеграцияға қадам басуға мүмкіндік береді. Сондықтан әл-Фарабидің араб елдерінде болып, ғылымды сол тілде жазуы түсінікті. Ол кезде араб тілі дүниежүзінде ең жоғары ғылыми дәрежеге көтерілген тіл болатын. Әл-Фарабидің араб ғалымдары қатарында саналуы да содан. Шын мәнінде ислам дін әрі өркениет ретінде Шығыс елдерінің тарихи-мәдени дамуында зор рөл атқарғаны белгілі, әсіресе бұл жайт ортағасырлық кезеңге қатысты. Әл-Фарабидің заманынан бастап, ол туып-өскен Отырар аймағы мұсылман әлемімен біртұтас жүйе болып, түріктердің қоғамдық-саяси және тарихи-мәдени өміріне ислам дінінің зор ықпалы болды.

Әбу Насыр әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарларға шығып, тез есейеді. Ол жерлерде көптеген ислам ғұламаларымен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасады. Ол 16 жасында керуенге ілесіп, білімін одан сайын толықтыру мақсатында араб мәдениетінің орталығы Бағдатқа оқуға келген. Әл-Фарабидің бұл жерде ғылым үйренуге толық жағдайы келеді.

Ислам халифатының орталығы Бағдатқа келген әл-Фараби білім алуға және ғылыми-танымдық қызметке белсене араласып кетеді. Алғашқы кезде әл-Фараби өзін-өзі ақын, музыкант ретінде танытқан. Ғылым-білімге өте құмар зерек әл-Фараби мұсылман бола тұрып, тіпті басқа діннің өкілдері болған оқымыстылардан үйренуге тайсалмады. Оның алғашқы ұстаздары ертедегі Александриядан, Византиядан ығысып келген ғалымдар болған. Мәселен, медицина туралы білім мен логиканы христиан оқымыстылары Юханна ибн Хайланнан, ал жаратылыстану ғылымдары мен грек тілін атақты аудармашы Әбу Башар Маттадан үйренеді. Бір нұсқада әл-Фараби шәкірт шағында ғалым Әбубәкір ибн Сиражбен жақын араласып, оған логиканы үйретіп, одан астрономияны үйренген деп айтылады. Араб елі осы жоғарыда аты аталған ғалымдарға зор құрмет көрсетіп, олардың жемісті еңбек жасауына жағдай жасап, ғылым жасауға пайдаланған. Кейін келе араб елінің өзінен және араб тілінде жазатын ғалымдардан мұсылман ғылымын жоғары дамытатын адамдар шықты. Сөйтіп, грек ғалымдары Платон, Аристотельдер бірінші ұстаз болса, әл-Фараби екінші ұстаз болып шықты. Ол өз өмірінің көп жылдарын араб халифатының саяси және мәдени орталығы болған Бағдатта өткізді. Мұнда өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толықтырады. Көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абырой-беделге ие болады.

...

Скачать:   txt (6.3 Kb)   pdf (48.2 Kb)   docx (8.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club