Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Театр тұмары

Автор:   •  Январь 22, 2023  •  Лекция  •  734 Слов (3 Страниц)  •  131 Просмотры

Страница 1 из 3

Тақырыбы: «Театр тұмары»

(танымдық сағат)

Жүргізуші: - «Өз биігіне жеткен театр ешкімнің де көмегін қажет етпейді,»- Николай Акимов айтқандай, өз иесін, өз бойтұмарын тапқан театр ғана халық жүрегінен орын алады. Ал, театр тұмарына айналатын ол, әрине, әртіс. Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі шарамызды  қазақтың белгілі халық әртісі, актриса  Бикен Римова апамыздың 100 жылдық мерейтойына арнағалы отырмыз. Оның сахна төрінде ойнаған рөлдері — қайталанбас бейнелер. Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сұлуында» — Күнікей, «Ақан сері — Ақтоқты» трагедиясында — Мәрзия, М.Әуезов пен С.Соболевтің «Абайында» — Зейнеп, Т.Ахтановтың «Кездейсоқ кездесуінде» — Ғалия, Ә.Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш орман емесінде» —Фарида. 1966 жылы Ш.Айтматовтың «Ана — Жер-Ана» пьесасындағы ана рөлі үшін Бикен Римова Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Сол кезде Қазақ КСР-нің халық әртісі атағын алды.

Ендеше, сахна саңлағына айналған Бикен Римоваға арналған «Театр тұмары» атты танымдық сағатымызға қош келдіңіздер! Шарамыздың кейіпкеріне арналған баяндамамызды оқып шығуға рұқсат етіңіздер!

Баяндама

Бикен Ырымқызы Римова (1923-2000) — актриса, Қазақстанның халық әртісі. Бикен Римова театрды бала кезінен ұнатқан. Ол драмалық үйірмелерге қатысып, олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының болашақ әртісіне Қалибек Қуанышбаев, Күләш Байсейітова, Құрманбек Жандарбеков сияқты қазақ драмалық өнерінің шеберлері көп әсерін тигізді. Жас актрисаның тұңғыш сахнаға шығуы — М.Әуезовтің «Еңлік — Кебек»трагедиясындағы Еңлік рөлі. Онда ол кейіпкердің бүкіл драмалық өмірін көрсете білді. Жиырма жыл бойы Еңлік бейнесі Бикен Римованың орындауымен сахна төрінде жұлдыздай жарқырап жүрді.

1955 жылдан ол киноға түсе бастайды. Көпшілігімізге Бикен Римова «Шабандоз қыздағы»— Баршагүл (1955), «Тақиялы періштедегі» — Жамал (1968), «Менің атым Қожадағы» — ана бейнесі және «Тоғысқан тағдырлар» теленовелласындағы Гүлбибі апа кейіпкерлері арқылы белгілі.

Бикен Римова 1923 жылы Талдықорған қаласы, Қаратал ауданында дүниеге келген. Балалық шағы қиындықтар мен жоқшылыққа толы болды. Жұт пен ашаршылықтан құтылу үшін анасы екеуі Қырғыз еліне көшіп кеткен.

1943 жылы Алматы көркем-театр училищесін бітіреді. 1941 жылы Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы Академиялық драма театрына жұмысқа қабылданып, ғұмырының соңына дейін әкем театрда қызмет атқарды. Өзінің шығармашылық жолын Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» қойылымындағы басты кейіпкер Еңлік рөлін сомдаудан бастаған. Театрдағы рөлдері көбінесе әйел образын ашуға, оның болмысын көрсетуге бағытталады. М.Әуезовтың «Еңлік-Кебегінде» Еңлік, «Қаракөзде» Маржан, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Анасында» Жер-Ана, Н.Гогольдің «Ревизорында» Пошлепкина т.с.с. рөлдері ерекше атап өту қажет. Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Анасында» қойылымындағы Жер-Ана образында Бикен Римова қайғыдан қара жамылған ана бейнесімен қатар, ертеңгі күніне сенімді әрі батыл әйелдің образын көрсете білді.

Оның айрықша рөлдерінің бірі - Қорлан бейнесі. Осы рөлді сомдау барысында Қорлан аруға ес-түссіз ғашық болған Естайдың әнін орындаған еді. Жетпіске қараған шағында Бикен Римова театр сахнасымен қоштасқан кезде осы әнді шырқаған

Ол «Тақиялы періште», «Менің атым Қожа», «Шабандоз қыз», «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» сынды бірқатар киноларда төбе көрсетті. Өмірінің соңғы жылдары отандық «Тоғысқан тағдырлар» телехикаясына түсті.

Бикен Римова 1966 жылы Қазақ ССР Халық әртісі мен Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты атағын иеленді.

...

Скачать:   txt (10.7 Kb)   pdf (117 Kb)   docx (29.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club