Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка өзендерінің және көлдерінің су режимдерінің ерекшеліктері

Автор:   •  Сентябрь 6, 2018  •  Реферат  •  2,125 Слов (9 Страниц)  •  1,943 Просмотры

Страница 1 из 9

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

Факультеті: «География және табиғатты пайдалану»

Кафедрасы: «Гидрология және метеорология»

СӨЖ

Тақырыбы: «Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка өзендерінің және көлдерінің су режимдерінің ерекшеліктері.»

                                   

Орындаған: Жиенбекова А.Т.

                             Тексерген: Арыстанбекова Д.Д.

Алматы-2017 жыл

Мазмұны

I.Кіріспе..................................................................

II.Негізгі бөлім......................................................
1. Солтүстік Америка және Оңтүстік Америка өзендері мен көлдері.
2. Өзендері мен көлдерінің су режимдерінің айырмашылықтары.

III.Қорытынды......................................................

IV.Пайдаланылған әдебиеттер...........................

Солтүстік Америка — батыс жарты шардағы құрлық. Жер аумағы 20,36 млн. км2 (аралдарымен қоса есептегенде 24,25 млн. км2). Тұрғыны 476 млн. адам  (2000). Солтүстік Мұзды мұхит (құрлыққа тереңдеп еніп жатқан Гудзон шығанағымен), Атлант(Мексика шығанағымен) және Тынық мұхитпен (Калифорния шығанағы) қоршалған. Ірі аралдары: солтүстігінде Гренландия, Канаданың Арктикалық топаралы, батыс жағалауында Алеут, Александр топаралдары, ВанкуверШарлотта патшайым; шығысында Вест-ИндияНьюфаундленд, т.б. аралдар бар. Iрі түбектері: БутияМелвилл (солтүстігінде), ЛабрадорФлорида(шығысында), Юкатан (оңтүстігінде), АляскаКалифорния (батысында).[pic 2]

Солтүстік Американың шеткі нүктелері:

  • Солтүстігінде Мерчисон мүйісі (71°51' с.е.),,
  • Оңтүстігінде Марьято мүйісі (7°12' с.е.)
  • Батысында Принц Уэльс мүйісі (168°б.б.),
  • Шығысында Сент-Чарльз мүйісі (55°40'). [Уикипедия 1 абзац]

Оңтүстік Америка — батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық.[1] Жерінің аумағы (аралдарымен қоса есептегенде) 18,28 млн. км². Халқы 340 млн. адам (2000). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7150 км-ге, батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған. Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы шайып жатыр. Солтүстік-батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы Орталық және Солтүстік Америкаменжалғасады. Ең биік жері – Аконкагуа (6960 м). Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Вальдес ойысы (–40 м). Оңтүстік Америкадағы ең ұзын өзен жүйесі – Амазонка (Мараньон саласымен қоса есептегенде – 6437 м). Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан көл – Титикака (биіктігі 3812 м), ең биік су құламасы – Анхель (1054 м) және ең биік жанартау – Льюльяйльяко осында орналасқан. Оңтүстік Америка құрамына Отты Жер, Фолкленд, Галапагос аралдары, Чили топаралы, т.б. ұсақ аралдар кіреді.[pic 3]

Оңтүстік Американың шеткі нүктелері:

  • Солтүстігінде  Гальинас мүйісі

  • Оңтүстігінде  Фроуард мүйісі

  • Батысында Париньяс мүйісі
  • Шығысында  Кабу-Бранку мүйісі [уикипедия 1 абзац]

     Солтүстік Америка ішкі сулары.
    Солтүстік Америка жер беті ағын суларына бай. Материктің бетінен жылына 8200 км³ су ағады. Әлемдік ағындының 18%-ын құрайды. Канаданың халқы көп орналасқан оңтүстік бөлігінде жылдық ағынды қабатының биіктігі 35см, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 27см құрайды. Солтүстік Америка құрлығын жүздеген өзендер мен өзен салалары бөліп жатыр. Солтүстік Америкада ішкі су жолдары өте жақсы дамыған.
    Солтүстік Америка өзендерінің басым бөлігі Атлант мұхиты алабына жатады және негізінен жаңбырмен қоректенеді. Мұндай өзендер материктің Оңтүстігінде, Оңтүстік-Шығысында, Орталығында орналасқан. Бұл облыстарда қар жоқтың қасы. Ал қар түскен кездің өзінде ұзақ жатпайды. Сондықтан өзендер мен көлдердің қоректенуінде жаңбырлы жауын-шашындар басты рөл ойнайды. Жаңбырмен қоректенетін өзендер режимі айтарлықтай әртүрлі. Себебі, Солтүстік Американың әр жерінде жауын-шашын режимімен олардың жылдық мөлшерінің айырмашылығы айтарлықтай үлкен.
    Бұл құрлықтың басты өзендері:
Арканзас,Бразос,Черчил,Колорадо,Колумбия,Фразер,Маккензи,Миссисипи, Миссури,Огайо,Қызыл өзен,Әулие Джон,Рио Гранде,Әулие Лоренс және Юкон өзендері.[1] Мұнда дүние жүзіндегі ең ұзын өзен жүйесі (Миссисипи және Миссури) мен тұщы судың көп шоғырланған аймағы (Ұлы көлдер) орналасқан. Миссисипи-АҚШ-тағы су көлігінің маңызды күре жолы. Миссисипиді оның негізгі екі саласы-Миссури мен Огайомен қосқанда,әлемдегі үшінші үлкен өзен жүйесіне айналады.
    Канаданың ең ұзын өзені
Маккензи- Солтүстік Америкадағы екінші ұзын өзен. Миссури Жартасты таулардағы оңтүстік Монтанадан бастау алып,алдымен солтүстікке қарай ағады да,сосын оңтүстік-шығысқа қарай бұрылып,Миссисипи өзеніне қосылады.Ол- Солтүстік американың ең ұзын өзені.
   
Рио Гранде өзені де-ұзын өзендердің бірі.[2] Бұндағы өзендердің орташа жылдық ағын мөлш. 8200 км3. Құрлықта өзен торы біркелкі таралмаған. Өзендердің көпшілігі (Миссисипи, Рио-Гранде, Әулие Лаврентий, т.б.) Атлант мұхиты алабына жатады. Тынық мұхиты алабындағы өзендер (Юкон, Колумбия, Колорадо, т.б.) қысқа, суы мол болып келеді. Солт. Мұзды мұхит алабындағы өзен торлары толық жетілмеген, көлдер мен батпақтар көп.
    Ірі өзен жүйесі – Финли – Пис-Ривер – Еріксіздер – Макензи. Құрлықтың мұз басқан солт. бөлігі мұздық-тектоник. көлдерге бай: Ұлы көлдер, Виннипег, Виннипегосис, Манитоба, Үлкен Еріксіздер көлі, Үлкен Аюлы көлі, Бұғылы көлі, т.б. орт. Америкада (Никарагуа қолатында) ірі тектоник. көлдер – Никарагуа және Манагуа орналасқан. Үлкен Алап үстіртінде ылғалды плейстоцен дәуірінен қалған Үлкен Тұзды көл бар. Жағалық ойпаттарда лагуналық, Кордильерада жанартаулық көлдер кездеседі.
  [Уикипедия, ішкі сулары]  

...

Скачать:   txt (31.8 Kb)   pdf (555.8 Kb)   docx (313.7 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club