Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бәсекеге қабілеттілігін және оның сапасын талдау

Автор:   •  Май 20, 2018  •  Реферат  •  651 Слов (3 Страниц)  •  1,148 Просмотры

Страница 1 из 3

Курстық жұмыс мақсаты- кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін және оның сапасын талдау.

Бәсеке дегеніміз- ол өнім  өндірушілердің нарық жағдайында өнімді сату,тарату, тұтынушылар тарату жолындағы күрес болып табылады. Жалпы бәсекеге қабілеттілік дегеніміз- кез-келген экономикалык объектілерге тән қасиет. М. Эрлих жэне Дж. Хайн пікірлері бойынша бәсеке қабілеті —ол фирманың өз тауарын сату қабілеті.

. Бәсекеге қабілеттілік сондай-ақ  ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым болып табылады.

Тауардың қазіргі және болашақтағы бәсекеге қабілеттілігін бағалаудан кейін өндірістік-өткізу саясаты туралы шешім қабылданады. Олар: берілген тауардың өндірісі мен өткізуін жалғастыру, Өндірістің модернизациясын жасау және оны өндірістен алып тастап, жаңа тауарды шығаруга кірісу.  Модернизация(франц.-жаңғырту деген мағынаны білдіреді) –яғни артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі — тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тұтынушының талғамына сай келетін және оның сатылуын қамтамасыз ететін өнімнің қасиеттері.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатудың  3 негізгі жолы бар. Біріншіден тауардың сапасын жоғарлату. Екіншіден тауардың бағасын арзандату. Үшіншіден тауардың өткізуін өрістету.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалау 3 кезеңде жүргізіледі: 1-ші параметрлері белгіленеді және олардың маңызы анықталады. 2-ші тұтынушылардан пікір сұрау жүргізіледі және сұраныс нәтижесі талданып, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі бағаланады.

Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың негізге әдістемелік тәсілдемелері.

  1. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясы. Бұл теориядағы бәсекеге қабілеттілік өлшемі барынша төмен салыстырмалы шығын және бұл теорияның талдау нәтижесінде алынған ақпарат бәсекелестердің еңбек өнімділігінің деңгейі
  2. Маршалдың фирма мен саланың тепе-теңдік теориясы. Маршалдың теориясы бойынша бәсекеге қабілеттілік өлшем өндіріс факторларын пайдаланудың жоғары өнімділігі. Талдау нәтижесінде алынған ақпарат өндіріс факторларының өнімділік деңгейі.
  3. Хекшер мен Олиннің өндіріс факторларының арақатынасы туралы теориясы. Бұл теория бойынша қабілеттілік өлшем барынша төмен факторлық шығын және нәтижесінде алынған ақпарат өнідіріс факторларының салыстырмалы құны болып табылады.

 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру механизмі іс-әрекеттердің жиынтық   көрінісі  ретінде   оларды  жүзеге  асыратын  бірнеше  тетіктерге тәуелді. Олар: Өнімнің сапасын арттыру, Баға саясатын реттеу,Өнімнің тартымдылығын арттыру және Өндірісті мемлекеттік қолдау.

Өнімнің сапасын арттыру оларға халықаралық сапа стандарттарын енгізу, ғылыми-техникалық және инновациялық жетістіктерді енгізу, өндірісті диверсификациялау және өнімді дифференциялау жатады . Диверсификация- әртүрлілік, өзгеріс деген мағынаны береді.

Баға саясатын реттеуге нарықта баға стратегиясын айқындау,бағаны қалыптастыру әдістерін анықтау,өнімнің өзіндік құнын төмендету мүмкіндіктерін іздестіру жатады.

Өнімнің тартымдылығын арттыру өнімнің сапалық және бағалық тиімділіктерін жарнамалау, өнімнің сыртқы келбеті мен жағымдылық қасиеттерін арттыру болып бөлінеді.

Және өндірісті мемлекеттік қолдауға инвестициялық саясатын ұстану,экон.қолдау шараларын енгізу,бәсекелік ортаны дамыту жатады.  Осы айтылған қалыптастыру тетіктері бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша нақты ұсыныстар беру және оларды шешу жолдарын анықтау болып табылады.

...

Скачать:   txt (10.8 Kb)   pdf (82 Kb)   docx (13.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club