Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өндірістік практика есебі «Ембі қаласы әкімінің аппараты» ММ

Автор:   •  Июнь 3, 2022  •  Отчет по практике  •  4,137 Слов (17 Страниц)  •  714 Просмотры

Страница 1 из 17

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Экономика және құқық факультеті

«Мемлекеттік басқару,қаржы және маркетинг» кафедрасы

Өндірістік тәжірибеден өткендігі туралы

ЕСЕБІ

«Ембі қаласы әкімінің аппараты » ММ

«Мемлекеттік және жергілікті басқару»  мамандығы бойынша

3-курс 2-ГМК топ студенті

Адилгерей Аружан Алмазкызы орындады

Университеттен тәжірибе жетекшісі:

Аға оқытушы Бимбетова Бибигул Сермагамбетовна

Ұйымдағы тәжірибе жетекшісі: «Ембі қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы: Байсейтова Жазира Өтеғұлқызы

Ақтөбе 2020

[pic 1]

Жоспары

Кіріспе

I «Ембі қаласы әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесіне жалпы сипаттама

1.1 «Ембі қаласы әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесінің құрылу тарихы және негізгі қызметтері

1.2 «Ембі қаласы әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесінің миссиясы мен міндеттері

1.3 «Ембі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциясы мен құқықтары

ІІ «Ембі қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы «Ембі қаласы әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесінің атқарған жұмыстарына талдау

2.1 Ембі қаласының экономикалық даму жағдайына салыстырмалы талдау

2.2 Ембі қаласының әлеуметтік даму жағдайына салыстырмалы талдау

2.3 «Ембі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысына талдау

ІІІ Ембі қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары мен шешу жолдары

3.1 Ембі қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болашағы

3.2 «Ембі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылға арналған мақсаттар мен міндеттер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Өндірістік тәжірибені «Ембі қаласы әкімінің аппараты » ММ-де өткіздім.

Өту мерзімі: 31.05.2021-02.07.2021 аралығы.

Тәжірибедегі ең басты мақсатым – мемлекеттік мекеменің құрылудағы мақсатын, жүзеге асырылу тәртібін, негізгі қызметтік бағыттарын зерттеп, басқару құрылымын талдау болды. Және де теориялық негізде алған білімді тәжірибе жүзінде қолдану.

Осы мақсатқа жетуде келесідей міндеттер орындалды:

  • «Ембі қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің бастапқы қаулысымен танысу
  • «Ембі қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің негізгі қызмет бағытымен танысу
  • «Ембі қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің экономикалық-ұйымдастырушылық қызметін қарастыру
  • «Ембі қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің қазіргі таңдағы атқарып жатқан қызметіне талдау жасау

I «Ембі қаласы әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесіне жалпы сипаттама

1.1 «Ембі қаласы әкімінің аппараты » мемлекеттік мекмесінің құрылу тарихы және негізгі қызметтері

Ембі қаласы Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының Солтүстік Жем өзені жағалауында, облыс орталығы Ақтөбе қаласынан Оңтүстік Батысқа қарай 200 км жерде орналасқан.                              

Іргесі 19 ғасырдың 40-жылдары қаланған. 1937 жылдан-кент, 1967 жылдан-қала, 1966-1997 жылдары Мұғалжар ауданының орталығы болды. Қала бойынша тұрғындар саны- 12272, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны - 6559, тұрақты жұмысқа  қамтылғандар саны-522, зейнеткерлер саны- 1 306,  мүгедектер саны- 307, оқушылар саны- 2 588.

«Ембі қаласы әкімінің аппараты » ММ-нің  құрылу тарихы, сонымен бірге өндірістік бөлімшелердің құрылу тарихы, кәсіпорынның құрылтайшылық құжаттарымен танысу.

 Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарын зерттеу.

«Ембі қаласы әкімінің аппараты» Мұғалжар ауданы Ембі қаласында орналасқан.

«Ембі қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің құрылған жылы - 1989.

Ұйымдық-құқықтық нысаны: Мекемелер

        Кәсіпорын мәртебесі: белсенді

        Басшысы: Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы

 «Ембі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ.

...

Скачать:   txt (59.6 Kb)   pdf (355.7 Kb)   docx (169.9 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club