Шпаргалка по "Экономической теории"
Автор: Albina___ • Ноябрь 26, 2023 • Шпаргалка • 1,466 Слов (6 Страниц) • 95 Просмотры
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Қаржы жүйесінің мәні неде?
қаржы жүйесі дегеніміз – компанияның қаржылық қызметін қадағалайтын жүзеге асырылған процедуралар жиынтығы. Фирма шеңберінде қаржы жүйесі бухгалтерлік есеп шараларын, кірістер мен шығыстар кестесін, жалақы мен балансты тексеруді қоса, қаржының барлық аспектілерін қамтиды. Қаржы жүйесі аймақтық ауқымда несие берушілер мен қарыз алушыларға ақша айырбастауға мүмкіндік беретін жүйе болып табылады.
2. Мемлекеттік бюджеттің құрылымы қандай?
Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден тұрады: мемлекеттік және жергілікті. Федеративтік мемлекеттерде штаттардың, (АҚШ) жерлердің (ФРГ) өз бюджеттері болады, соған сәйкес әкімшілік ұйымдары қызмет етеді.
3. Бюджет тапшылығы қалай орын алады және оны жабудың жолдары қандай?
Бюджет тапшылығын төмендетудің мынадай әдістері бар. 1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі; 2) кірістер тұрақты, шығыстар төмендейді; 3) кірістер өседі, шығыстар төмендейді. Дефицитті қаржыландыру – оны жабу үшін қосымша ақша Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары: 1) ақша белгілерінің эмиссиясы 2) мемлекеттік займдар 3) шетел займдары 4) ұлттық байлықты пайдалану.
4. Мемлекеттік қарыздың түрлері қандай?
Несие қаражатының қайдан алынғанына қарай Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы борыштарға, қызмет көрсету мерзіміне қарай күрделі және ағымдағы борыштарға, мерзіміне қарай
қысқа мерзімді - 1 жылға дейін
орта мерзімді - 1 жылдан 10 жылға дейін
ұзақ мерзімді - 10 жылдан аса мерзімге - борыш түрлеріне бөлінеді.
5. Трансферттік төлемдердің түрлері қандай?
Ол мынадай түрлерге бөлінеді: мемлекеттік трансферттік төлем – әлеуметтік сақтандыру бойынша төлем, жұмыссыздық жәрдемақысы, ардагерлерге зейнетақы, тағы басқа (бұл төлемдер және оларды алушылар өндірістің ағымдағы көлемін жасауға ешқандай үлес қоспайды); жекеше трансферттік төлем – студенттер ата-аналарынан және басқа туысқандарынан алатын ай сайынғы жәрдемқаражат, түрлі сипаттағы тарту-таралғы, тағы басқа (яғни, өндірістің нәтижесі емес, қаражатты бір иеленушіден екінші біреуге табыстау).
6. Салықтардың экономикалық мәні неде?
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтар каржының бастапқы категориясы болып табылады, олар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып саналады.
7. Қазақстандағы салықтардың түрлері қандай?
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді. Қазақстан Республикасының салық түрлері: жанама салықтар, корпорациялық табыс салығы, қосымша құн салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, әлеуметтік салық, меншікке салынатын салықтар, жер салығы, мүлікке салынатын салықтар.
8. Лаффер қисығы қалай сипатталады?
Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады.
9. Ақша жүйесінің негізгі элементтері қандай?
Оның басты элементтері болып: негізгі ақша құрылымынын болуы («теңге», «доллар» және т.б.); заңды төлем құралы болатын мемлекет бекіткен ақша түрлері (әртүрлі құндылықтағы «банкнот» және «қазыналық билеттер»); ақша шығару (эмиссия) жүйесі, яғни ақша айналымының мақсаттары үшін заңмен бекітілген ақша шығару тәртібі; ақша айналымы қызметімен байланысты «қаржылық» мемлекеттік аппарат секторы.
10. Ақша массасының құрылымы қандай?
Ақша массасықұрылымына мынадай ақша агрегаттары кіреді: М0 (айналыстағы қолма-қол ақша, немесе банк жүйесінен тыс ақша); М1 = М0 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері; М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттері және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері; М3 (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері.
...