Қазақстанның жасыл экономикаға өту механизмі
Автор: claryRes • Декабрь 13, 2020 • Доклад • 537 Слов (3 Страниц) • 418 Просмотры
Қазақстанның жасыл экономикаға өту механизмі
«Тас дәуірі тастың таусылғандығынан аяқталған жоқ» деген қанатты сөзде айтылғандай, бұл жерде мәселе Қазақстанда көмірсутегі қорларының аздығы мен көптігіне байланысты ғана емес екендігін, «жасыл экономиканың» адамзаттың ендігі жүрер жолына айналатындығын осы салада күнделікті ашылып жатқан жаңалықтарға қарап та аңғаруға болады. «Жасыл экономика» мәнін әркім өз қалауынша түсінеді. Бірі мұны табиғатты жақсартатын экономиканың жаңа саласы деп қабылдаса, енді бірі бұл сөзді жаңа технологиялардың негізінде табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшінші біреулер экологиялық таза өнімдер өндірісін жаппай қалыптастыра отырып, адамзат дамуының жаңа кезеңіне өту деп ұғады. Алайда, жасыл экономиканың негізгі мәні неде? Оның қазіргі экономикадан айырмашылығы бар ма?
Жасыл Экономика табиғат қорларын ұтымды пайдалану және оларды сақтау мен қалпына келтіру, сондай-ақ, қоғамның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталады. Қазіргі экономикадан ерекшеленетін жаңа экономиканы құрудың себептері мен қажеттілігін көп іздеудің қажеті жоқ. Оны, тіпті, терезені ашып, қаланы жауып тұрған тұмшаны, яғни өндірістің, жылыту мен көліктің ластауыштары шоғырланған ауа қабатына назар салсаңыз жеткілікті. Көз алдымызда өзгеріп жатқан климат, су мен топырақ ресурстарының ластануы, жануарлар мен өсімдіктердің мүлдем жоғалуы, қоршаған ортаның ластануы әсерінен әр түрлі аурулардың етек алуы - бұрынғы экономикада адамзат пен адамзат мекендейтін планета арасындағы өзара қатынастағы кризис бар екендігінің көрінеді. Бұрынғы экономиканы дамыту – салауатты тіршілік етуге жарамды ортаны жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қысқарта келе, Жасыл Экономика «қоңыр» экономика тудырған проблемаларды шешуге және болашақта мұндай қателіктерге жол бермеуге мүмкіндік беретін жол деуге болады. Бұрынғы, дәстүрлі экономика, жер ресурстарының «шексіздігі» ұстанымына негізделген, барлық болашақ проблемалар белгісіз келешектегі ұрпақтың үлесіне қалдырыла берген, «біздің ғұмырымызға жететін» сияқты көрінген. Алайда, болжауларға сәйкес, 20 жылдан кейін су қоры әлемдік сұраныстың 60% ғана қанағаттандыра алады. XX ғасырдың соңғы ширегінде әлемдік жалпы өнім 4 есеге көбейді, осының нәтижесінде жүз миллиондаған адамдардың әлауқаты көтерілді, алайда олардың күнелтуіне қажет 60% негізгі экожүйелік тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасы төмендеді немесе бұл тауарлар мен қызметтер тұрақсыз түрде пайдаланылды. Бұл соңғы ондаған жылдар бойы экономикалық өсімге табиғат ресурстарын шығындау есебінен қол жеткізілді деген сөз. Адамзат ол қорлардың қалпына келуіне мүмкіндік бермеді, алайда экожүйелердің деградацияға ұшырауы мен жоғалуына жол берді.
...