Оңтүстік Кавказ елдерінің өнеркәсіп және ауыл шаруашылық географиясы
Автор: Maigul00 • Ноябрь 2, 2021 • Реферат • 6,884 Слов (28 Страниц) • 357 Просмотры
Қазақстан Республикасның Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: «Оңтүстік Кавказ елдерінің өнеркәсіп және ауыл шаруашылық географиясы».
Орындаған: Бекарыс Майгүл
Тексерген: Мылқайдаров Ә.Т.
Алматы 2021ж.
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
- Оңтүстік Кавказ елдері географиялық орны мен құрамы....................4
- Табиғат жағдайлары мен ресурстары...................................................7
- Әзірбайжан Республикасы....................................................................10
- Әзірбайжанның өнеркәсібіне толық сипаттама..................................11
- Әзірбайжан ауыл шаруашылығы..........................................................17
- Армения Республикасы.........................................................................19
- Армения өнеркәсібі және ауылшаруашылығы...................................20
- Грузия Республикасы.............................................................................22
- Грузияның өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы..................................23
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................27
Кіріспе
Бұл СӨЖ жұмысында Оңтүстік Кавказ елдерінің өнеркәсіп және ауыл шаруашылық географиясы туралы айтылды. СӨЖ жұмысының басында Оңтүстік Кавказ елдері географиялық орны мен құрамы сипатталды. Кавказ — Қара және Каспий теңіздері аралығында орналасқан Азиядағы тарихи-географиялық өңір. Мұнда ТМД құрамына енетін үш ел орналасқан. Олар: Әзірбайжан, Армения, Грузия республикалары. Кавказ елдері Қара теңіз жағалауы арқылы Украинамен, оңтүстігінде Түркиямен, Иранмен, ал Каспий теңізі арқылы Түрікменстанмен шектеседі. Еуропа мен Азияның тоғысында жатуы және халықаралық теңіз жолдарына жақындығы себепті Кавказдың географиялық орны барлық уақытта да қолайлы болатын. Ары қарай табиғат жағдайлары мен ресурстары туралы айтылды. Бұдан кейін негізгі бөлім әрбір мемлекетке жеке тоқталып қысқаша сипаттамасы мен картасы берілді. Сонымен қоса негізгі тақырып өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығына жеке тоқталып жазылды. Әзірбайжан Республикасы — Азия мен Еуропа аралығында, Оңтүстік-Шығыс Кавказда орналасқан мемлекет. Ол солтүстікте Ресеймен Дағыстан Республикасы арқылы, оңтүстікте Иранмен, Батыста Армениямен шектеседі. Әзірбайжан республикасының өнеркәсіптік аудандары Баку-Сумгаит, Гянджа-Дашкесан, Али-Байрамлы-Саляны, Мингячевир-Евлах, Геокчай, Нахичеван, Ленкорань, Шеки және Хачмаз болып табылады. Армения Республикасы — солтүстігі мен батысында Грузиямен, шығысында және оңтүстік-шығысында Әзірбайжанмен, ал батысында Түркиямен оңтүстігінде Иранмен шектеседі. Қазіргі уақытта Арменияның түсті металлургиясы мыс-молибден және мыс концентраттарын, алюминий мен алтынды қайта өңдеу кәсіпорындарын қамтиды. Армения Республикасы аумағының шамамен 70% - ы ауыл шаруашылығында қолданылады. Грузия Республикасы— Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Грузияда құрылған отын-энергетикалық база индустрияландыру үшін негіз болды. Көмір өнеркәсібі-қайта қалпына келтірілген Ткибули шахталарына бағытталған тау-кен өндірісінің ежелгі салаларының бірі. Ткварчели мен Ахалцихте табылған кен орындары өндірісті ұлғайтты. Марганец және металл емес минералдар, тальктан мәрмәрге дейін, бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде әртүрлі салаларда қолданылады.
...