Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері

Автор:   •  Май 27, 2018  •  Курсовая работа  •  17,202 Слов (69 Страниц)  •  1,045 Просмотры

Страница 1 из 69

Мазмұны

 

Кіріспе

3

1

Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерліктің теориялық негіздері

1.1

Қазақстан экономикасы үшін шағын және орта бизнестің мәні мен маңызы

1.2

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттары

1.3

Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі

2

Қазақстан Республикасындағы  шағын  және  орта  бизнесті талдау және  даму  тенденциялары

2.1

ҚР – дағы  шағын  және  орта  бизнестің жағдайы

2.2

Шығыс Қазақстан облысы бойынша  шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайына талдау жасау

2.3

Шағын және орта бизнес объектілерін қаржыландыру және несиелендірулер тәжірибесін талдау

3

Қазақстан Республикасындағы шағын  және орта  кәсіпкерлікті  дамыту мәселелері

3.1

ҚР – дағы  шағын  және  орта кәсіпкерлікті  дамыту  мәселелері  мен  оларды  шешу  әдістері

3.2

Шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі жасаушы негізгі мәселелер

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Диплом жұмыстың өзектілігі. Нарықтық экономика дамуының теориясы мен тәжірибесіне сәйкес кәсіпкерлік қоғам өміріне неғұрлым маңызды: экономикалық әлеуметтік және саяси сфераларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады.

Нақты өмірде аталған аспектілердің көрінісі бірқатар ішкі және сыртқы факторларға байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік зерттелу объектісі ретінде күрделі және көп жақты болып келеді.

Шағын  және орта бизнесті дамытудың негізгі мақсаты кәсіпкерлік ары қарай дамуы үшін жаңа мықты импульс алуы үшін көзқарасты шоғырландыру қажет негізгі (маңызды, стратегиялық) сәттерді анықтауда.Осындай сәт ретінде нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерліктін негізін құрайтын ортаңғы класс мәселесін қарастырылу ұсынылады.

Арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдардың образдық салыстыруы бойынша «қазіргі дамыған қоғамда әлеуметтік құрылымды эллипс түрінде көрсетуге болады, оның жоғарғы және төменгі жағын сәйкесінше элита мен кедейлер ал ортанғы саны көп бөлігін – ортанғы класс құрайды». Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы өтпелі кезең ерекшеліктеріне байланысты қиын және қайшылықтарымен жүзеге асырылады.Шағын және орта бизнестің қалыптасуының бастапқы кезеңінде жалпы ұлттық масштабта аталған сектор дамуын мемлекеттік қолдауға кенцептуалдық көзқарас қалыптасқан кейіннен соған негізделе нормативтік құқықтық база құрылып, қойылған мақсатқа қамтамасыз ететін жүзеге асырушы ұйымдастырушылық – құқықтық механизмдер қалыптасқан.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудағы негізгі бағыт салық преференцияларын мен мемлекеттік қаржы есебінен жеңілдіктік қаржыландыру болды, ол жерде қысқа мерзімді нақты әсер алынып, жүйелі бастамаларда жүргізіледі.Сол себепті, негізгі мақсаты Қазақстанның бәсекелесті қабілетін жоғарлату болып табылған Қазақстанның 2015 жылға жасалыңған индустриалдық – инновациялық даму стратегиясында мемлекеттік саясат көзқарастарын қайта қарастырылып шағын және орта кәсіпкерліктің жаңа даму идеологиясы жасау қажет.

Қазіргі таңда, шағын және орта кәсіпкерлік өзін инновациялық экономикада табуда жедел іздестіру үшін өзінің икемділігін, мобильділігін, нарықтық объективтілігін қолдануына жағдай пісіп жетілді. Мемлекет өз тарапынан кәсіпкерлік орта инициативасы жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай туғызуы қажет.

Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жедел шараларын қабылдауда.

Диплом жұмыстың мақсаты. Шағын және орта бизнестің экономикалық әдістерін қолдана отырып, қаржыландыру және дамыту приоритетті бағыттарының бірі екендігін дәлелдеу.

...

Скачать:   txt (246.6 Kb)   pdf (991.9 Kb)   docx (181.3 Kb)  
Продолжить читать еще 68 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club