Корпоративтік табыс салығы
Автор: zhako_31_96 • Апрель 12, 2018 • Лекция • 725 Слов (3 Страниц) • 3,032 Просмотры
ТАҚЫРЫП 9.
КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ
Корпоративті табыс салығы-Қазақстанның салық жүйесінің негізгі салық түрінің бірі. Корпоративті табыс салығы тікелей салық болып табылады, яғни бұл салықпен заңды тұлға-кәсіпорынның кірісі салынады.
Жанама салықтардан айырмашылығы (ҚҚС пен акциздерден) корпоративті табыс салығы тұтынушыға салынбайды салықты қолданушылардың өзі төлейді.
Бюджетті қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады, бірақ оның үлесі жанама салықтардың үлкен орын алатындықтан қазіргі кезде айтарлықтай азайды.
Салықтық ауыртпалықты азайту мақсатында 2009 жылдан бастап КТС мөлшері 30 пайыздан 20 пайызға төмендеді.
Сәйкесінше залалдарды ауыстыру мерзімі 3 жылдан 10 жылға ұзартылды.
Салықтық жыл шегінде кәсіпорын аванстық төлемдерді алдыңғы кезеңдердің салықтарын есептеу негізінде және ағымдағы салықтарды ескере отырып декларация негізінде тапсырады.
ҚҚС және КТС бюджеттің 50 пайызын қалыптастырады.
КТС өте ауқымды және күрделі салық болып табылады.
Резидент заңды тұлғалар;
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар
салық кодексінің 61 - бөліміне сәйкес төлейді;
Ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты төлеушілер корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
Салық салынатын табыс Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып жылдық жиынтық табыс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы деп- осы тұлғаның ҚР-да және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарын айтамыз.
ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы СК-нің 198-бабында көрсетілген табыстардан тұрады.
Салық төлеушiнiң табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезiнде шегерiмге жатады.
Резиденттер салық салынатын табысы 20 проценттік
Ауыл шаруашылығы өнiмiн, бал ара шаруашылығы өнiмiн өндiру 10 проценттiк
Бейрезиденттердің төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 15 проценттік ставка бойынша салық
ЖЖТ анықтау = ҚР алынған табыстар + ҚР аумағынан тыс жерлерде алынған табыс
Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы
Резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынатын табыстары белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады.
1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;
2) эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша сомасы;
3) мүлікті өтеусіз негізде беретін салық төлеуші үшін өтеусіз берілген мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;
4) салық міндеттемесінің мөлшерін азайту сомасы;
5) басқа тұлғадан алынуға жататыннан (алынғаннан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына
...