Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоғамның заманауи жаңаруы кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің рөлін арттыру

Автор:   •  Май 27, 2018  •  Реферат  •  889 Слов (4 Страниц)  •  657 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазақстан Республикасы Президентінің

      жанындағы Мемлекеттік басқару

Академиясының магистранты

Бақытжанова Арайлым Маратқызы 

      (Қазақстан, Астана қаласы)

ІІІ бағыт. Мемлекеттік басқару. Қоғамның заманауи жаңаруы кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің рөлін арттыру

Мақала атауы: ЖАҢАРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

Инновациялар мен технологиялардың дамыған заманында ақпаратты тез қабылдайтын, бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызметшілердің елге қызмет етуі - әрине, дамушы Қазақстан үшін басты талаптардың бірі.

        Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» бес институционалдық реформасының бірінші бағыты - «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» - Қазақстандағы кадр саясатының дамуының басты векторы болып саналады. Оның ішінде көрсетілген 15 нақты қадамда - мемлекеттік қызметке адал орналасудың, меритократия қағидатын ұстана отырып, кәсіби мансаптық өсудің мүмкіндіктері, әрі мемлекеттік қызметшілерге ізденіс талабы қойыла отырып, олардың сапасын арттыру айқын көрсетілген.

        Әлемдік тәжірибе басқарушылық қызметті білімді және білікті мамандар атқаратын, меритократиялық басқару саясатын ұстанатын елдердің экономикалық өсімі, басқа мемлекеттік басқару жүйесін ұстанатын елдерге қарағанда  әлдеқайда жоғары екендігін дәлелдеп отыр. Оған мысал ретінде, Сингапур елін алуға болады. Бұл елдің негізін қалаушы және бірінші Премьер-Министрі Ли Куан Ю: «Егер Біз Сингапурдың ең табысты мемлекет болғанын қаласақ, елдегі жақсы  жұмыс істейтін мамандар дәл сондай кадрға зәру болатын жұмыс орындарында жасау керек», –деп атап коөрсетті. Бұл жерде адами капитал бойынша маркетинг, кадр саясаты да қарастырылған.

Яғни, мамандар сұранысқа ие болатындай деңгейге жетуге ұмтылуы керек.

        1965 жылы Сингапур қала-мемлекетте  жұмыссыздық пайызы 14 %-ды құрады, ал елу жыл өткеннен кейін ол 1,9%-ға дейін қысқарды. 1959 жылы адам басына шаққанда ЖІӨ көлемі 510 АҚШ долларын құраса, ал қазіргі таңда ол 307,860 млн.долларды құрап отыр.

        Мемлекетті басқарудың әртүрлі ерекшеліктеріне қарамастан, барлық елдер үшін мемлекеттік аппараттың сапасын арттыру басты мәселе.         Мемлекеттік қызметшінің кәсіби жоғарылауы үшін үнемі біліктілікті арттыру, қайта даярлау, тағылымдамадан өтуді қажет етеді.

        Шетелдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, мәселен Германияда мемлекеттік қызметшіге қызметке орналасу үшін негізгі талап: кәсіби білім мен арнайы алдын-ала мемлекеттік қызметке дайындық болып табылады.

        Жас мамандар үшін мемлекеттік қызметке арнайы дайындық - аса терең мамандандырылған болуы шарт емес. Оның мақсаты - төмен лауазымдағы қызметшіні мемлекеттік қызметтің жүйесіне интеграциясы, қызметтік міндеттерді орындау барысындағы негізгі міндеттерді білуіне мән беріледі. Бастапқы кезде қызметшінің әкімшілік басқару ортасына үйреніп, тұлғааралық қарым-қатынастарын арттыруды көздейді.

        Сондай-ақ, Германияда заң мамандықтарын игерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі  65 %-ды құрайды. Егер, жоғары лауазымға үміткер қызметшіде қосымша заң мамандығы болмаса, екі жыл ішінде арнайы жоғары оқу орындарында бұл мамандық аясында білім алуы шарт. Бұл тәжірибенің - барлық мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруда, әрбір сала бойынша өз қызметтерін заңды атқаруда маңызы зор.

        Германия мемлекетінің бұл тәжірибесі Қазақстандағы жұмыс өтілі екі жылдан төмен мемлекеттік қызметшілер үшін жалпы мемлекеттік қызмет жүйесіне және өз мамандықтарына сәйкес интеграциялау мақсатында міндетті оқытудың  қажеттігін айқындайды.

...

Скачать:   txt (11.6 Kb)   pdf (105.9 Kb)   docx (14.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club