Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в «PATHMARK» ЖШС

Автор:   •  Сентябрь 15, 2019  •  Отчет по практике  •  4,018 Слов (17 Страниц)  •  498 Просмотры

Страница 1 из 17

Мазмұны

        Кіріспе                                                                                                           3

1    «PATHMARK» ЖШС -нің жалпы сипаттамасы: мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметі.

4

1.1  «PATHMARK» ЖШС -нің ұйымдастырушылық жүйесі.

4

2 «PATHMARK» ЖШС экономикалық жағдайы.

7

2.1»PATHMARK» ЖШС қаржылық жағдайын басқару.

7

3 «PATHMARK» ЖШС-нің ресурстарды қолдану тиімділігі

13

       Қорытынды

17

       Қолданылған әдебиеттер тізімі

18

          Кіріспе

Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден бір жол. Өндірістік тәжірибе – теориялық және практикалық білімдерді баянды ету мақсатында жүргізіліп, оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ол болашақ жұмыстардың мамандығына қатысты тереңірек білім алып, Қазақстан экономикасындағы түрлі шаруашылық формалары мен нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында еңбек дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
         Өндірістік тәжірибе мақсаты – теориялық білімді жүйелеу, жетілдіру мен кеңейту, есеп айыру дағдыларын дамыту , өз бетімен зерттеу жұмысының элементтерін меңгеру. Сонымен қатар, ұтымды басқару шешімдерін қабылдау, еңбек ұжымын шебер басқару, экономикалық және басқарушылық ситуацияларға талдау жасауға дайын болу. Өндірістік тәжірибе басқарушылық қызметке деген дайындық деңгейін көтереді. Өндірісте немесе ұйымдарда кәсіптік бейімделу кезеңін қысқартады, өздерінің білімі мен қабілеттерін күшейтеді.
Тәжірибе өту барысында кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеру, мемлекеттік қызметтің функциялары мен басқару сапасы, қабылданған және іске асырылып жатқан мемлекеттік және аймақтық бағдарламалармен танысып, жұмыс жүргізу болып табылады.

Ол үшін келесі міндеттер орындалады:
- мекемедегі белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
- әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақытылы орындау;
- мекемедегі белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты киіну;
- мекемеде болған барлық іс-шараларға қатысу.

Өндірістік тәжірибенің негізгі міндеттері төмендегідей:
• өндірісті басқаруда тәжірибе алуы және басқарудың жеке функцияларын тереңірек зерттеу;
• нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында ұйымдағы экономикалық жұмысттардың мазмұнын тереңірек қарастыру;
• мекеменің құқықтық жағдайын, оның ұйымдық құрылымын, мекемедегі персоналды қалыптастыру және дамыту үрдісін басқаруды қарастыру;


1 . «PATHMARK» ЖШС -нің жалпы сипаттамасы: мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметі.

1.1 «PATHMARK» ЖШС -нің ұйымдастырушылық жүйесі

«PATHMARK»  компаниясы сыртқы жарнама нарығында 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. Баннерлер, постерлер, плакаттар, жапсырмалар, стикерлер, интерьерлік маңдайшалар, көрмелік стендтер, жарық қораптары, көлемді әріптер, POS-өнімдер, буклетницалар, кең форматты баспа түрлерімен айналысады. Осы қысқа уақыт ішінде Қазақстанның ондаған кәсіпорындары сыртқы жарнама өндірісі саласындағы сенімді серіктес ретінде танылды.

Клиенттерге қысқа мерзімде жоғары сапалы баннерлер, плакаттар, постерлер, жапсырмалар жасауға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтары бар кең форматты баспа цехы қызмет етеді. Кең форматты баспаға арналған материалдардың кең спектрі дайын баспа өнімі пайдаланылатын климаттық жағдайларды ескере отырып, тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес түсті баспаны дайындауға мүмкіндік береді. Компания мамандары  қандай да бір материалдың қасиеттері, қызмет ету мерзімі, монтаждау тәсілдері, олар туралы әрдайым кеңес береді.

...

Скачать:   txt (62.5 Kb)   pdf (245.6 Kb)   docx (38.9 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club