Менің болашақ мамандығым
Автор: msheshenkhanova • Февраль 29, 2024 • Эссе • 265 Слов (2 Страниц) • 93 Просмотры
Менің болашақ мамандығым
Жер бетінде адамдар айналысатын кәсіптер көп. Соған байланысты мамандар түрлері де сан алуан.
Қазақстанның экономикасын дамыту үшін, мыңдаған салалар мен жаңа технологиялар қарқынды жұмыс жасауда. Кез келген мамандық маңызды, өйткені ол елімізге қызмет етеді.
Болашағымды мен қазірден бастап ойлаймын. Мен де бір маман иесі болып, өз үлесімді қосамын. Өскенде өзімді қай салада көремін деген ой мені осы уақыттан бастап мазалайды. Барлық мамандықтардың ішінен өз басым , болашақта дәрігер болғым келеді, өйткені адамның өмірі барлығынан жоғары. Денсаулық зор байлық, басты байлық –денсаулық деп бекер айтпаған халық. Кішкентай нәресте тен бастап , қартайған кәріге дейін дәрігерлік көмекке зәру. Мен адамдардың денсаулығы мықты, сау болғандарын қалаймын.
Қазіргі кейбір ата аналар ғаламтордан көрген емдерін қолдануға тырысады. Бұл өте қате. Менің айтарым өз беттерімен , аннан мұннан көріп, ем қабылдамау. Білімді дәрігер баланың аурудың көрсеткіштеріне, қан алып анализдерге қарап, дұрыс ем қолданады. Ал ғаламторда барлық дәрілерге жарнама болып, дұрыс ем бере алмайды.
Адамның денсаулығы айналаны қоршаған ортаның ластауына , дүкендегі сапасыз азық түліктерге, жаман әдеттерге , денсаулық орталықтардың, поликлиникадағы қызмет көрсету саласына байланысты. Егерде өміріміз дұрысталып, адамзат баласы өзіне және басқа да адамдардың жұмысына жауапкершілікпен қараса , онда бәрі сау болып, адамның өлімі саны азайып , бәрі ойдағыдай болады.
Өз ойымды қорыта келе айтпағым, адамды өлімнен құтқару, оған сенім мен әлемді сыйлау ұлы іс
...