Оңтүстік Шығыс Азияның дипломатиялық қызметі
Автор: madina.utegenova • Февраль 10, 2020 • Реферат • 5,229 Слов (21 Страниц) • 583 Просмотры
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Тарих, экономика және құқық» факультеті
«Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Оңтүстік Шығыс Азияның дипломатиялық қызметі».
(Индонезия мысалында)
Орындаған: Рег-11 топ студенті
Утегенова М.Е.
Тексерген: Аға оқытушы, магистр
Мырзабаева Б.М.
Орал -2019
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ...................................................................................................... 3
І ТАРАУ. ОҢТҮСТІК ШЫҒЫС АЗИЯ ЕЛДЕРІ
1. 1. ОША елдерінің әлемдегі орны ........................................................... 5
1. 2. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы халықаралық қатынастар
және АСЕАН ....................................................................................... 7
ІІ ТАРАУ. ИНДОНЕЗИЯ ДИПЛОМАТИЯСЫ
2. 1. Индозенияның дипломатиясының негізі ......................................... 12
2.2. Интеграциялық бірлестіктер мен Халықаралық
ұйымдарға қатысуы ............................................................................. 17
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................... 19
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ................................................................ 20
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР ................................................................. 23
КІРІСПЕ
Оңтүстік-Шығыс Азия құрамына Малакка және Сингапурмен бірге Үндіқытай түбегі, Индонезия (немесе Малай) архипелагы, Иран-Джая (Жаңа Гвинея аралының батыс бөлігі), Филлиппин аралдары кіреді. Қаралатын регионның жалпы ауданы шамамен 4 млн. шаршы км., халқының саны 324 млн. адамнан астам.
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі ОША сыртқы саясаты мен дипломатиясы қандай идеялық басымдықтар негізінде қалыптасты және әлемде АСЕАН позициялануы болды. ХХ ғасырдың 60-80 жылдары ұсынылған өңір елдерінің бірігуіне әкелген сыртқы саяси бастамаларды талдау өзекті болып табылады, өйткені бұл идеялар мен бастамалар осы заманғы саясатқа да тікелей ықпал етуді жалғастыруда.
ОША-ның көптеген аймақтарының этникалық құрамы ежелгі заманда қазіргіден күшті ерекшеленеді. Б.з.д. ІІІ мың жылдың аяғына дейін Малай архипелагы, Малакка және Филлиппин халықтары антропологиялық белгісі жағынан пологиялық белгісі жағынан австролоидтық (немесе) ведд-австролоидтық нәсілге жатты. Австролоидтық нәсіл әр түрлі типтерден, көбіне негритоның аласа бойлы пигмент топтарынан, меланезия және папуасс типтерінен көрінеді. Қазіргі кезде ежелгі антропологиялық белгілер Филиппин аэтасы, Малакка семангы, Хальмахер аралының солтүстігін мекендеушілерде сақталған. Веддавстролоид белгілері қазіргі Индонезия аралдарының кейбір ішкі бөліктерінде: Суматраның кубу, Сулавесидің тоала және басқа халықтарына бар. Біздің эрамыздың басында Ява мен Суматраға Оңтүстік Азиядан шыққандардың біраз қоныс аударуы болып өтті және осының нәтижесінде жекелеген этникалық топтардың арасында европоидтық белгілер, жаңа діндер (брахманизм, индуизм, буддизм) мен басқа көптеген мәдени дағдылар өріс алды. Алғашқы мемлекет шықты. ХІ-ХІІ ғасырлардан бастап Индонезия мен Малаккаға ислам діні ене бастады да, оны тұтынушылар саны барған сайын көбейіп, ақырында барлық діндерді ығыстырды. Оңтүстік-Шығыс Азияның құрамына Үндіқытай түбегі, Филиппин аралдары және Малайя архипе - лагында орналасқан елдер жатады. Бұл елдердің қатарынаИндонезия, Лаос, Мьянма, Таиланд, Вьетнам, Камбоджа, Филиппин, Малайзия, Бруней жэне Малакка түбегінің оңтүстігіндегі аралдарда орналасқан қала - мемлекет Сингапур да кіреді.Аймақтағы ең ірі мемлекет - Индонезия. Бүл елде 150-ден астам үлттар түрады, олардың кейбіреулері жеке аралдарда басқа үлттардан оқшау өмір сүреді. Халық, әсіресе ежелден игерілген Ява аралында тыгыз қоныстанған.Оңтүстік-Шыгыс Азия елдері Еуразия мен Аустралия аралығын- дағы қүрлықтық «көпір» болып табылады. Ол ірі теңіз жолдарының тоғысқан аймағында орналасқан. Аймақтағы елдердің түбектер мен экватордың екі жағындағы аралдарда орналасуы халқының шаруа- шылығы мен түрмыс-тіршілігіне өзіндік сипат береді.
...