Инвестиция: есебі, талдауы және аудиті
Автор: Akerke20020 • Май 9, 2021 • Реферат • 2,382 Слов (10 Страниц) • 573 Просмотры
6-тақырып. Инвестиция: есебі, талдауы және аудиті
Инвестициялық қызметті зерттегенде мына мәселелерді зерттеу қажет:
- инвестициялық жобаны дайындауға және жүзеге асыруға қатысу нысанын;
- ХҚЕС №28 «Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар» талаптарына сәйкес еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестерді инвестиция есебінің ерекшеліктерін ;
- Акциялардың, облигациялардың және басқа да құнды қағаздар түрлерінің және қаржылық инвестиция есебі мен бағалау ерекшеліктері;
- Субьекттегі қабылдаған инвестиция есебі әдістері;
- Қысқа мерзімді инвестицияның ағымдағы құнын анықтау тәртібін;
- ХҚЕС №28 «Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар» сәйкес қаржылық инвестицияны бағалау есебінің тәртібін;
- Қаржылық инвестициялар операцияларының есеп құжаттарын және нәтижесінің қалыптасуын;
- ХҚЕС №28 «Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар» сәйкес инвестицияның қорытынды есептегі ашылу тәртібін;
Іс-тәжірибе жөнінде есепке толтырылған №12 журнал-ордерді тіркеу керек.
Студент, қаржылық инвестициялар аудитімен танысқан кезде зерттеуі қажет:
- аналитикалық есептің жүргізілуінің және берілген бухгалтерлік проводкаларының дұрыстығын;
- қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялар шоттары бойынша бастапқы құжаттарындағы жазулардың сәйкестігін;
- құнды қағаздардың сатып алу және сату есебінің дұрыс көрсетілгендігін;
- бағалаудың қаржылық әдістерін капиталдың таза құны, ішкі паыздық құрылым, жылдық орташа таза түсімнің жиынтық сомалары және т.б.
Практикант инвестиция қоржынына талдау жасау үшін мәліметтерді жинауға тиісті. Бұндай кезде капиталдың таза құны, біріктіру, іріктеудің негізіндегі жылдық және көп жылдық үлгілері сияқты инвестиция қоржынын талдаудың оңтайлы үлгілерін қолдану мүмкіндігін зерттеу қажет.
Жобаларды жүзеге асыру барысында тәуеклдіктің қандайлық түрінің пайда болуы мүмкін екендігін анықтау қажет. Инвестицияны сату нарықтарына, сатып алудың қамтамасыз етілуіне, тауардың алмастылылу мүмкіндігі мен қосымша бәсекелестіктің пайда болуына шығарылған өнімнің сапасы мен тұтынушылық қасиеттеріне талдау жасау. Қаржылфық және өндірістік тиімділігін арттыру және табыстылық пен тәуекелдік белгілері бойынша инвестициялық қоржынды оңтайландыру жөнінде ұсыныстар жасау.
7-тақырып. Тауарлы-материалды құндылықтар есебі, талдауы және аудиті
Студент материалдық топтардың бухгалтериядағы сақталу орындардағы, материалды жауапкершілікті тұлғаларындағы есебін бухгалтерлік және қоймалық есептің әдістері мен салыстыру тәртіптерін зерттейді.
Студент өз бетімен жұмсалған ТМҚ нақты өзіндік құнынан және айдың соңындағы қалдықтарының олардың есептік бағасы бойынщша құннан ауытқуын есептен шығарады ХҚЕС №2 «Босалқылар» нұсқауындағы қорларды бағалау әдістерін анықтап талдау жасайды. Сатып алған материалдық құндылықтардың келіп түсу бөлігінде жабдықтаушылармен есеп айырысу есебінің, олардың төлену журнал-ордер №6 міндеттеменің қолдағы жағдайына талдау жасайды. Түгендеу жүргізу тәртібін бухгалтерлік құжаттарына түгендеудің нәтижесінің есебін зерттейді қайта бағалау жүргізу тәртібін және есеп нәтижесін зерттейді. Қаржылық қорытынды есепте ашылатын ТМҚ есебінің ақпараттарының толықтығын зерттейді.
Осы тақырып бойынша өндірістік тәжірибе есебінде жоғарыда келтірілген есептеулер, зерттелген материалдардыңмәліметтері көрсетіледі. Тақырыптың мәтінінде немесе тіркелінген қосымшада төмендегі толықтырылған бастапқы құжаттары мен есеп регисторлары пайдаланылады:
- М-2 немесе М-2а үлгідегі сенімхат;
- Кіріс ордері М-4;
- Материалды қабылдау туралы акт М-7;
- Материалдық құндылықтарды дайындау, сақтау өндіріс барысында жетіспейтіндігі және жоғалғандығы туралы акт М- 7а;
- Табиғи кему нормасының негізіндегі жоғалтулартуралы акт М-7б;
- Бүлінген, сынған, қираған материалдар (тауарлар) туралы акт М-7в;
- Материалдарды (қосымша босатуға) алмастыруды талап ету актісі М-10;
- Босатуды талап ету накладнойы М-15а;
- Материалдардың есеп карточкалары М-18а;
- Материалдардың қоймадағы қалдық есебі ведомості М-20;
- Негізгі құралдардың (ТУГ-1) тауарлық-материалдық құндылықтардың (ТУГ-3) қатаң есеп беру құндылықтарының, бланкілердің, құжаттардың (ТУГ-16) мүліктік тізімдемесі;
- Түгендеудің нәтижесін салыстыру ведомості (ТУГ-18, ТУГ-19);
- Материалдардың синтетикалық есебінің жинақтау ведомосты ;
- Журнал-ордер №6;
- «материалдарлдың шығындарының» тарату, пысықтау кестесі.
Экономикалық талдау мен аудит мәселелерін зерттеген кезде жүзеге асыру қажет:
- өндірістік қорлардың сақталуын және қойма шаруашылығы жағдайын талдауды және аудитті;
- материалдық құндылықтардың кіріске алынуының толықтығының және дер кезділігінің аудиті;
- материалдық құндылықтарды дайындау және сатып алу шығындарын тексеруді;
- материалдық құндылықтардың тиімді пайдаланып және дұрыс шығысқа шығарылуын талдауы және аудиті;
- өндіріс және жалдау-пайдалану қажеттеріне тұтыну есептеулерін;
- материалдық ресурстар қорларын мөлшерлеу жағдайын бағалау және басқару;
- тауарлы-материалдық құндылықтарды пайдалану тиімділігін арттыру факторларын талдауды.
9-тақырып. Дебиторлық борыштардың есебі
Бұл Тақырып бойынша студент №8 журнал-ордерді және берілген аванс бойыша №8 журнал-ордерге ашылатын ведомоты мына мәселелерді зерттеу үшін қолдану керек:
...