Ақшаның мәні және қызметтері
Автор: Ayau Kenesova • Декабрь 5, 2022 • Лекция • 17,506 Слов (71 Страниц) • 221 Просмотры
Тақырып 1: «Ақшаның мәні және қызметтері»
- Ақша: оның қажеттілігі мен шығу тегі
- Ақшаның қызметтері
1.Ақша көне заманда пайда болған. Ол тауар өндірісінің дамуының шарты мен өнімі болып табылады.
Натуралды шаруашылық, яғни өндіру күшінің дамуының төмен деңгейін өзі қолдану үшін өнім өндіру мен мінезделген. Айырбас тек кездейсоқ қалған артық пен байланысты болған. Қоғамдық еңбек бөлінісі (жер шаруашылығын бөлу, мал бағу, қолөнер кәсібі) өмірге еңбек өнімінің тұрақты айырбасы, яғни тауар өндірісінің қажеттілігін керек етті.
Айырбас – ол тауардың бір тауар өндірісінен екіншісіне қозғалысы және түрі, сапасы, белгісі бойынша тауарлардың өлшемін талап ететін эквиваленттілігін болжайды. Бұл түрлі тауарлардың өлшемі олардың бір ортақ негізі болғанын қалайды. Мұндай негіз тауарлардың құны, яғни бұл тауарды өндіру процесінде және заттандыруға кеткен қоғамдық еңбек болып табылады.
Бөлек тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек түрлі – түрлі болғандықтан тауарлардың құндары әр түрлі. Осыдан қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық өлшеу қажеттілігі туады, яғни айырбас құны түсінігі пайда болады (1 қой – 1 қап бидайға)
Айырбас құн – ол анықталған сәйкес тауардың басқа тауарға айырбастау қабілеті, яғни тауарлардың сандық салыстыруы қамтамасыз етіледі.Натуралды өндіріс кезінде өнім оны өндірушінің және жанұясының тұтынуын қанағаттандырды яғни олар үшін өнім тұтыну құны (өнімнің қандай да адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті) ретінде болды. Айырбас үшін тауар шығару кезінде тауар өндіруші бәрінен бұрын оның құны қызықтырады, тек екінші өшіретте тұтыну құнымен себебі егер тауардың тұтыну құны болмаса , онда оның керегі жоқ және оны айырбастау керек емес. Сонымен айырбас үшін тағайындалмаған өнім өндіруші үшін тек тұтыну құны болоды. Айырбас кезінде өндіруші үшін тауардың құны болуы керек және сатып алушы үшін тұтыну құны болуы керек. Тауардың бұл қасиеттілігі қарама – қарсы бірлігі ретінде болады : бірлік ол бір тауарға байланысты, ол қарама – қарсылық, ол бір адам үшін тауар бір уақытта тұтыну құны және құн бола алмайды.
Тауар айырбастау эвалюциясы құнның дамуын жорамалдайды.
Бірінші форма – қарапайым немесе кездейсоқ, құн формасы өндіргіш күштердің дамуының төменгі сатысында негізделген.
Натуралды шаруашылық кезінде өнімдердің молшылығы кей жағдайларда болған, нарыққа жолыққан тауарлар басқа тауарға қатысты өз құнын кездейсоқ өлшеген. Мұндай айырбастағы айырбас құн тез уақытта және кеңістікте кідірді. Бірақ, осы құнның қарапайым формасында болашақ ақшаның негізі жатады. Қой малын бағушы үшін тұтыну құны емес, нарықта айырбаста туатын құн маңызды, оған бидайдың тұтыну құны керек. Бидай қойдың құнын шығару үшін форма болып қызмет етеді, яғни қойды өсіруге жұмсалған қоғамдық еңбекте пассивтік түрде көрсетеді. Осыған орай бидай қоғамдық еңбектің ішкі көрсеткішіне айналады , яғни эквивалент болады, және құнның эквивалентті формасынан табылады.
Құнның эквивалентті формасының ерекшеліктері бар:
Тауардың тұтыну құны (бидайдың) эквиваленті өз қарама – қарсылығы тауардың көрсету формасы болып қызмет істейді.
Тауар өндіруге – эквивалент (бидай) кеткен меншікті, индивидуалды еңбек өзіне қарама – қарсы қоғамдық еңбек екенін көрсетеді.
Тауар – эквивалент (бидай) аяқталған нақты еңбек, абстракты еңбектің болуының формасы болып қызмет етеді.
Екінші форма – құнның айналдырылған формасына қарай еңбек бөлінісімен және өндірістің өсуімен нарыққа шығарылған өнім – тауар саны көбейе түсуі.
Үшінші форма – құнның бір ортақ формасы бұл жағдайда тауар өндірістің негізі мақсаты болады, әр тауар өндіруші өз еңбегінің өніміне , бәріне керек бір ортақ тауар алуға тырысты осындай обьективті қажеттілікке байланысты тауарлар арасынан бір ортақ эквивалент рөлін атқаратын тауарлар бөліне бастады. Бір ортақ эквивалентті мал, терілер орталық Африка тайпаларында піл сүйегі болды. Бірақ бұл рөлде мұндай тауарлар тұрақталмады, себебі олар тауар айналымынның сұрауын қанағаттандырмады және өз қасиеттерімен эквиваленттік шарттарына келмеді.
...