Отбасы бюджет түсінігі мен құрылымы
Автор: Altynay_03 • Октябрь 12, 2020 • Доклад • 398 Слов (2 Страниц) • 395 Просмотры
Кіріспе.Отбасы бюджеті деген не? Оны қалай үнемдеуге болады? Ақшаны қалай жеткізуге болады?Шығындарды қалай азайтуға болады? Осы сұрақтар кез келген отбасыны мазаламай қоймайтыны бесенеден белгілі. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, ең алдымен, отбасылық бюджет түсінігін түсіну өте маңызды. Отбасы бюджеті дегеніміз – әрбір отбасының кірісі мен шығысы ескеріліп жасалған қаржылық жоспар. Бұл жоспардың дұрыс әрі нақты құрылуы отбасы мүшелеріне байланысты.( https://osken-onir.kz/ekonomika/12109-otbasy-byudzhet-y-men-nem.html) Қаржылық жоспарды әр отбасы бюджеттің қай түрін таңдайтындығына байланысты құрастырады. Бюджеттің бірлескен бюджет, бөлек бюджет, араласқан бюджет дейтін түрлері бар. Бірлескен бюджетте барлық табысты бірге жинап, қаржыны ортақ және жеке шығындарға жұмсайды. Қазіргі таңда көптеген отбасылар осы тәсілді тиімді деп біледі. Қазақта «бірлік болмай тірлік болмайды» дейтін кереметтей сөз бар емес пе,-расында бірлесіп істелген істің берекесі бар. Ал бөлек бюджетте отбасы мүшелері өз табыстарына өздері иелік етеді, тек ірі шығындарға ғана қаржыны бірлесіп жұмсайды. Араласқан бюджетте отбасы мүшелері қаржыны белгілі бір сомада жинап, сол ақшаны шығындарға жұмсайды, ал қалған ақшаларын өз керектеріне жұмсайды.
Негізгі бөлім.Отбасы бюджетін құрастыруда қайдан кіріс келетініне, шығынның қайда кететініне мұқият зер салу қажет. Кірістер, мысалға, айлық жалақыдан, зейнетақыдан, шәкіртақыдан, әлеуметтік жәрдемақылардан, қосымша жұмыстардан келуі мүмкін, әрине ар отбасының табысы әр түрлі, дегенмен ол мейлі аз болсын, мейлі көп болсын оны тиімді пайдалану отбасы мүшелеріне тікелей байланысты. Шығындардың түрлері:азық-түлік,
...