Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Денсаулық сақтау саласындаfы каржыландыру және инвестициялау мәселелерi

Автор:   •  Сентябрь 24, 2020  •  Доклад  •  1,310 Слов (6 Страниц)  •  479 Просмотры

Страница 1 из 6

А.С. Үйісбек

студент, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қ, Қазақстан Республикасы

abylaiuisbek@gmail.com, +77716446454

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Аңдатпа Бұл мақалада денсаулық сақтау саласындағы бюджет қаражаттары негізгі қаржыландыру көздерін қаолыптастыру және Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы жылдары жоспарланған бюджет қаржаттарын және қаржыландырудағы бірнеше мәселелерді шет ел тәжірибелерімен салыстыру қарастырылған. Денсаулық сақтау саласын дамытуға негізгі бағдарламалар қабылдануда және көптеген өзгерістер орын алуда.

Кілтті сөздер: қаржыландыру, мемлекеттік бюджет, инвестиция, денсаулық сақтау, жалпы ішкі өнім, бюдет шығындар, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, нормативтік-құқықтық база.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының денсаулы сақтауға әлемдік бюджет шығындары туралы жаңа баяндамасына сәйкес денсаулық сақтауға жұмсалатын мемлекеттік бюджет қаражаттары жыл сайын өсу үстінде. Бұл факт кірістің орташа және төменгі деңгейі қалыптасқан елдерде ерекше байқалады.

«Халықты медициналық көмекпен жаппай қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау саласын қаржыландыру реформалары» атты әріптестік ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференция барысында денсаулық сақтау саласында мемлекеттік бюджет шығындарына қатысты деректер айтылды. Осы деректерге сәйкес Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласына шығыдар жалпы ішкі өнімнің 3,4% - ын құрайды. Бұл ретте даму жағынан деңгейлес елдер тобында денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат көрсеткіші әлде қайда жоғары болып 6,3% - ды құрады. Ал экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдерде бұл көрсеткіш 9,3% - дан жоғары болып отыр. ДДҰ ұсынымын негізге алсақ, елдегі денсаулық сақтау саласының тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету, бюджеттік қаржыландыру деңгейі ең кемінде ЖІӨ-нің  6,8% - ын бөлу шартымен ғана қамтамасыз етуге болады. Ал дамушы елдерде бұл көрсеткіш 5% - төмен болмауы тиіс. Әлеуметтік бағдарланған экономка жағдайында білім беру мен денсаулық сақтау саласы бюджет ресурстарын бөлудегі аса көңіл бөлінетін, маңызды бағыт болып табылады.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының негізгі бюджетін құрайтын негізгі көздер:

  • Мемлекеттік бюджет ресурстары;
  • Міндетті әлеуметтік сақтандырудан алынған қаражат;
  • Ақылы медициналық қызметтер негізінде алынған қаражат;
  • Өзгеде көздер.

Денсаулық сақтау саласына бюджет шығыстарын жоспарлау бұл дәлдікті қажет ететін және қателіктерге төзбейтін маңыздылық дәрежесі өте жоғары міндет. Денсаулық сақтау басқа салалар секілді дұрыс ұйымдастырылмаған қаржы жүйесі мен қаржыландыру көздерінсіз жұмыс жасай алмайды. Денсаулық сақтау бюджетін қаржыландыру саясатының негізгі мақсаты – қолжетімді медициналық қызмет көрсету арқылы ел азаматтарының денсаулығын көтеру. Тиімділіктерін ескеру арқылы ұмыды қаржыландыруды ұйымдастыру халықтың көптеген проблемаларын шешуге және адамдардың өмір сүру сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау саласы бұл қаржы қатынастарының өте маңызды секторы, оның сапалы қызмет атқару тек қомақты сомадағы қаражатты ғана емес, бюджет ресурстарын басқарудың заманауи формаларын да қажет етеді. Бұл саланы дамыту төмендегі сатыларды қамтитын қайта құру кезеңінде аяқ басуда:

  • Кадрлардың әлеуетін жетілдіру;
  • Сапалы медициналық қызмет көрсету;
  • Инфрақұрылымды дамыту.[6]

Денсаулық сақтау саласының бюджетін жылдар бойынша талдау нәтижелері соңғы уақытта бюджет шығыстары әлеуметтік-экономикалық саясаттың белгіленген басымдықтарына сәйкес мемлекеттік міндеттемелерді толығымен орындауға бағытталған. Айта кету керек, мемлекеттік қазынадан 2018 жылы денсаулық сақтау саласына 1,071 трлн теңге бөлінді. 2019 жылы Денсаулық сақтау саласының бюджеті 1,197 трлн теңгені құрады. Оның ішінде 1,051 трлн теңге тегін медициналық  көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге жұмсалса, 43 млрд теңге арнайы медициналық резервті сақтауды қамтамасыз ету және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға жұмсалып, 103 млдр теңге өзге де мақсаттарға жұмсалған (1-сурет).[2]

...

Скачать:   txt (19 Kb)   pdf (215.9 Kb)   docx (60.5 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club