Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бухгалтерлік есептің мәні мен мағынасы

Автор:   •  Февраль 2, 2020  •  Лекция  •  1,655 Слов (7 Страниц)  •  658 Просмотры

Страница 1 из 7

Курс тақырыбы №1: Бухгалтерлік есептің мәні мен мағынасы

Сабақ тақырыбы №1: Шаруашылық есептің пайда болуы, оның түрлері

  1. Шаруашылық есеп пайда болуы және бухгалтерлік есептің дамуы
  2. Бухгалтерлік есеп қағидалары
  3. Шаруашылық есепте қолданылатын есеп өлшегіштері

1.Шаруашылық есептiң даму тарихына 6000 жылдай. Алайда, есеп қашан пайда болды және сол күндi нақыт көрсету мүмкiн емес. Есеп бiртiндеп, ұзақ және белгiсiз түрде дүниеге келдi. Есептiң жоқ болған және оның өмiр сүре бастағандығы жайлы дәуiрлер белгiлi, ал бiрақ оларды шектеу тек қана қиын емес, сонымен қатар ойлауға болмайтын жайт.

Шарашылық есеп қоғамымызда аса қажеттiлiктен барып пайда болды: шаруашылықты өлшеусiз (салмағы және саны), кiрiстер мен шығыстарды салыстырмай, бiрiншiсiнiң екiншiсiнен асып түсуiне қол жеткiзбей  жүргiзу мүмкiн емес.

Шаруашылық туралы барлық деректердiң бiр адамның басына еркiн сыйып кеткен де уақыт болған, ол бiрақ сол адамның жадыға сақтау қабiлетiнiң жоғары дамығандығынан емес, жай ғана шаруашылықтың кiшi-гiрiм және ол жайла мәлiметтердiң аздығынан ғана.

Жазудың және арифметиканың дамуы есепiң дамуына үлкен жол ашып бердi, шаруашылық қызметi оның кеңiнен таралуына ықпал еттi.

Шаруашылық қызметтер фактiлерiн жаппай және жүйелi түрде қадағалау және көрсетi қарапайым бухгалтерияның дүниеге келуiне әкелдi.

Қарапайым бухгалтерия кәсiпорынның барлық материалдық және ақшалай, сонымен қатар есеп айырысуларын бақылауға алуға мүмкiндiк бердi. Есептi заттық есептеумен, ал есеп айырысуларды – ақшалай бiрлiктермен жүргiздi. Ретке келтiрiлген есеп тiркегiштерi-кiтаптар, «кiрiс-шығыс», «инвентарь» сияқты ұғымдар пайда болды. Есеп ең алғашында тiркеу сипатында ғана болды.

Есептiң дамуындағы жаңа кезең екiжақты немесе қосарлы бухгалтерияның пайда болуымен сипатталады.

Ең алғаш екiжақты бухгалтерияның тәжiрибелi есеп кiтаптары Италияда пайда болды. Екiжақты бухгалтерия жайлы жазған авторлар болып көпес Бенедитто Контрульи, және атақты итальян матерматигi  Лука Пачоли табылады.

Луки Пачолидiң шығармашылығындағы бастысы болып екi жақты жазу туралы жазбасы саналады. Онда Пачоли постулаты деген атқа ие болған екi негiзгi ережесi жазылған:

  • Барлық дебеттiк айналымдардың сомасы сол шоттар жүейсiндегi кредиттiк айналымдардың сомасына тең;
  • Дебеттiк қалдықтың сомасы әрқашан сол шоттар жүйесiндегi кредиттiк қалдықтардың сомасына тең.

Постулаттарының мағынасы өте маңызды, өйткенi олар өз мәнiнде, кәсiпорындардың шаруашылық өмiрiнiң фактiлерiн қазiр де тiркеу үшiн кеңiнен қолданылатын жазбалардың әмбебап сипатын анықтап көрсетедi.

 «Бухгалтер» терминi XV ғ. Австрияда өмiрге келдi. Ең алғаш бухгалтер атағын алған лауазымды тұлға болып Инсбрукс есеп палатасының iс жүргiзушiсi Христофор Штехер табылады. Осы оқиға жайлыВена мемлекеттiк мұражайында әлiнгi күнге дейiн сақтаулы император I Максимилианның  13 ақпан 1498 ж. бұйрығы куә. Осы уақытқа дейiн ақыға есеп жазбаларымен айналысатын «кезбе жазушылар» мамандығы қызмет еткен. Нақ белгiленген күн «бухгалтер» және «бухгалтерия» ұғымдарының таралуының бастамасы болып саналады. Сол кезде бухгалтер мамандығына өте жоғары адамгершiлiктi талаптар қойылатын-тұғын. Кейбiр елдерде бухгалтерлiң адамгершiлiк қасиеттерiне қарап қазiргi уақытқа дейiн шiркеу қызметкерiнен кейiнгi екiншi орынға қояды.

Экономикалыұқ теорияда бухгалтерлiк есептiң даму кезеңiн төрт негiзгi кезеңге бөлiп қарастырады.:

  1. Тауарлы-ақшалай қатынастарының пайда болуынан бастап XVIII ғ. Аяғына дейiн;
  2. XVIII ғ. аяғынан XIX ғ. дейiн;
  3. XIXғ соңы –XX ғ. басы;
  4. XX ғ. бастап қазiргi күнге дейiн.

Бухгалтерлiк есептiң алғашқы даму кезеңiне екi жақты жазу әдiсiнiң кеңiнен таралуы сипатты болып табылады.

Екiншi кезеңнiң тарихи маңыздылығына келсек, онда «есептеу» ғылымының басты бағыттары анықталған, ал одан ары қарай оның ары қарайғы дамуы сипат алды. Осы кезеңде есептеу нысандары бойынша  жұмыстардың көптеген саны шығады, есептеудiң сан-алуан теориялары туындайды: заңдық - Францияда, материалистiк - Италияда, камералдық- Германияда.

...

Скачать:   txt (24.9 Kb)   pdf (134.8 Kb)   docx (16.6 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club