Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
Автор: Bisenova_Amanda • Октябрь 24, 2022 • Лекция • 20,284 Слов (82 Страниц) • 269 Просмотры
1 Тақырып. Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
Дәріс жоспары:
1. Ұлттық экономика
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымдық саясаты.
3. Нарық мәні. Нарықтық механизм.
4. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және әдістері
Республиканың тиімді шаруашылық жүйесін құруға қажетті негізгі шарт болып жаңа меншік қатынастары табылады.
Бұл қатынастар келесі мәселелерді қамтиды:
экономиканы мемлекет иелігінен алу және меншікті жекешелендіру. Жекешелендіру проблемалары дербес тақырып болғандықтан, мұнда тек негізгі бағыттары қарастырылады.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бірінші кезекте меншікті орталықсыздандыруды ұйғарады. Өтпелі кезеңде экономиканы мемлекет иелігінен алу және меншікті жекешелендірудің негізгі нысандары (форма):
- кәсіпорындарды, ұйымдарды және халық шаруашылық объектілерін акционерлендіру;
- мемлекеттік меншікті жалға және коллективтік меншікке беру;
- мемлекеттік кәсіпорындар және ұйымдар базасында жергілікті және халықтық кәсіпорындарды құру;
- мемлекеттік меншікті заңды және жеке тұлғаларға сату.
Экономиканың өндірістік емес сферасында мемлекет иелігінен алудың өзгешелігі бар. Мұнда бұл процесс керекті әлеуметтік-экономикалық алғышарттар құрылған кезде, тауар өндірушілердің еркін кәсіпкерлігінің жеткілікті жоғары деңгейге жеткен кезде жүзеге асырылуы тиіс. Қызмет көрсету саласындағы жекешелендірудің мүмкін болатын зардаптарын болдырмайтын іскерлік әкімшілік-құқықтық және экономикалық механизмдер жасалуы қажет.
Бірінші, тікелей мемлекеттік бақылау және реттеу сақталған (қорғаныс кешені, мәдениет, денсаулық сақтау, медициналық өнеркәсіп, ғылым және ғылыми қызмет көрсету) салалардың және жекелеген өндірістердің тізімі анықталады.
Нарық – бұл күрделі экономикалық категория. Нарық –сатып алушылар мен сатушылардың арасындағы сату, сатып алу жүйесі. Нарықтың қоғамда орын алуы келесілерден көрінеді:
- әр түрлі меншік формасының пайда болуы;
- нарықтағы шаруашылық субъектілерінің тәуелсіз әрі өз өзінше болуы;
- тауар өндірушілер мен сауда делдалдарының экономикалық оқшаулануы.
Нарық меншіктің тауар –ақша байланыстары мен қаржы –несие жүйесінің түрлі –түсті нысандарын пайдалануға негізделген экономиканың әрекет етуінің күрделі механизмі ретінде жүреді. Айналымнан басқа нарықтық қатынастарға жатады:
- Екі субъект арасындағы өзара байланыс нарықтық негізде іске асырылатын кәсіпорын мен басқа экономикалық құрылымдардың жалға берілуімен байланысты қатынастар;
- Шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процестері;
- Еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдау және пайдалану процестері;
- Белгілі бір процентпен несиелерді беру кезінде несиелік қатынастар;
- Тауар, қор, валюта биржалары мен басқа элементтерді қамтитын нарықтық құрылымдардың қызмет ету процесі.
Нарық функцияларының барлық жиынтығы ондағы қатысушылардың қызмет түрлеріне байланысты жіктелуі мүмкін, яғни нарық келесідей типтермен көрінуі мүмкін: өндірістік, өндірістік емес, қаржылық, интеллектуалды.
Нарықты реттеу тәсілдері -бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықтық механизм қызметіне қалыпты жағдайды қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеудің мұндай элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттің экономиканы реттеуі өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды.
Реттеудің тікелей тәсілі экономикалық процестің өзіне және оның параметріне өктемділеу әсер етумен байланысты. әдетте, олар белгілі бір объектіге бағытталып, адрестік сипатқа ие болады. Нарықты тікелей реттеу тәсіліне жиынтық сұраным төлем қабілеттілігінің қалыптасуы үшін орталықтан қолданатын әдістер жатады. Бұл жерде әңгіме жалпы мемлекеттің қызметі жайлы емес, мемлекеттің дұрыс әлеуметтік атмосфера жасауды қолдану тәсілі жайлы болып отыр. Ол нарық қызметінің тиімді жүзеге асуына ықпал жасайды. Бұл жағынан бәсекені дамыту үшін экономиканы тым монополиялау шараларына қатысты болса, екінші жағынан –төлем қабілеттілігі жағдайын сақтау үшін тұрғындарды әлеуметтік өорғау саясатын жүргізеді.
...