Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің ашылу тарихы
Автор: Балауса Досымова • Февраль 26, 2024 • Реферат • 2,013 Слов (9 Страниц) • 96 Просмотры
[pic 1]
СӨЖ РЕФЕРАТЫ
ТАҚЫРЫБЫ:
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің
ашылу тарихы
Орындаған: МНК-131 тобының студенті
Досымова Балауса
Тексерген: Жақан Алтынай Маратқызы
Алматы – 2024
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2.1 Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
2.2 Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің ашылу тарихы
2.3 Д.И. Менделеевтің жасаған периодтық жүйенің құрылуы және дамуы
2.4 Периодтық жүйесінің құрылымы
2.5 Химиялық элементтердің периодтық жүйесі маңызы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Периодтык жүйенің ашылуы жалпы химия ілімінің дамуымен тығыз байланысты. Жүйенің қажеттілігі уақыттың қойылатын талаптарымен сәйкес баяндалады десе де болады. Химиялық элементтерді жіктеу идеялары «ауада жүреді». Бірак, көптеген ұсынылған ойлар орталық заңдылыққа сәйкес келмеді. Сол кездегі белгілі 63 элементті бір жүйеге келтіру және белгісіз элементтерді осы қатарға ретімен орналастырып белгілі заңдылық ашу Д.И.Менделеевтің үлкен тапкырлығы еді.
Негізгі бөлім
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі — Элементтердің әртүрлі қасиеттерінің атом ядросы зарядына тәуелділігін белгілейтін химиялық элементтердің жіктелу реті. Жүйе атақты орыс химигі Д. И. Менделеевтің 1869 жылы ашқан периодтық заңының графикалық түрде бейнеленуі болып табылады. Оның бастапқы нұсқасын Д. И. Менделеев 1869-1871 жылдары шығарған еді және бұл нұсқасында элементтердің қасиеттерінің олардың атомдық салмағына (қазіргіше, атомдық массасына) тәуелділігін көрсеткен еді.
Периодтық жүйені суреттеудің барлығы бірнеше жүздеген нұсқасы ұсынылған. Жүйенің қазіргі кездегі нұсқасында элементтерді екіөлшемді кестеге жинақтау қарастырылады. Мұндағы әрбір бағана негізгі физико-химиялық қасиеттерді анықтаса, қатарлар периодтық жүйенің периодын құрайды және белгілі мөлшерде бір-біріне ұқсас боп келеді.
Ашылған заңның дұрыстығын толық мойындау үшін және элементтер катарының атомдық массаларының өзгеруіне сәйкес, сол кездегі белгісіз элементтердің болуын және олардың ашылуын күтуге аса ғылыми батылдык пен ерлік қажет болды (1871ж 17 элементтің орнын ауыстырды). Д.И.Менделеев келесі элементтер қатарының бар болуын болжады: экабор (галлий), экаалюминий (скандий), экакремний (германий), экамар-ганец (рений) және басқалары. Элементтер туралы мәліметтер жинақталды. Химиялық элементтерді жіктеуге және оларды касиеттеріне сәйкес жіктеу арқылы әртүрлі топтарға бөлу мүмкіншілігі туды
...