Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Екінші аналитикалық топ катиондары

Автор:   •  Сентябрь 24, 2020  •  Лекция  •  1,068 Слов (5 Страниц)  •  2,592 Просмотры

Страница 1 из 5

Екінші аналитикалық топ катиондары

Екінші аналитикалық топ катиондарына Ag+, Pb2+, Hg22+иондары жатады. Катиондардың тұздары суда нашар ериді. Бұл топтың катиондарының нитраттары ғана жақсы ериді, сол сияқты қорғасын, күміс ацетаттары. Күміс және сынап (І) гидроксидтері тұрақсыз және пайда болған сәттен бастап оксид пен суға ыдырайды. Қорғасын гидроксиді қиын еритін әлсіз электролитке жатады және амфотерлі қасиеттерге ие. Екінші топ катиондарының тұздары гидролизге ұшырайды және олардың ерітінділері қышқылдық ортаны көрсетеді. Бұл катиондар комплексті қосылыс түзуге қабілетті. Топтық реагенті хлорсутек қышқылы немесе суда еритін оның тұздары жатады. Топтық реагентпен әсер еткенде ірімшік тәрізді тұнбалар түзіледі PbCl2, AgCl, Hg2Cl2. Қорғасын мен сынаптың барлық еритін қосылыстары улы.

ІІ топ катиондарының қосылыстары медицина мен фармацияда қолдануды тапты. Күміс иондары өте төмен концентрацияда суды зарарсыздандырады және бактерияның дамуын басады. Күміс нитратын көз ауруларын емдеу кезінде қолданады.  Колларгол (коллоидті күміс) іріңді жарақатты, қуықты және көздің кілегей қабығының қабыну кезінде жуу  үшін қолданылады.  Протаргол – күміс препараты-тұтқыр антисептикалық зат ретінде, тынысалу жолдарының шырышты қабықшасын майлау үшін қолданады. Қорғасын ацетаты дәріленген дәкені басу үшін, ал қорғасын оксидін-қорғасын пластырін жасау үшін қолданады.

Pb2+ қорғасын катионның реакциялары.

1. Хлорсутек қышқылы және ерігіш хлоридтер орташа концентрациялы қорғасын тұздарын тұнбаға түсіреді. Қорғасын хлоридінің тұнбасы ақ түсті, мақта тәрізді және ыстық суда оңай ериді:

Pb(NO3)2 + 2HCl = PbCl2↓ + 2HNO3

2. Сілтілер қорғасын (ІІ) тұздарының ерітінділерінен амфотерлі қасиеттер көрсететін ақ түсті қорғасын гидроксиді тұнбасын түзеді. Ол азот немесе сірке қышқылында және сілтінің артық мөлшерінде ериді:

Pb(NO3)2 + 2KOH = Pb(OH)2↓ + 2KNO3

3. Күкірт қышқылы және қиын еритін сульфаттар қорғасын тұздарынан қиын еритін ақ түсті қорғасын сульфатының тұнбасын түзеді:

Pb(NO3)2 + H2SO4 = PbSO4 ↓ + 2HNO3

 Сілті ерітінділерінде (10-15%) қыздырғанда тұнба ериді.

4. NaI натрий иодидін немесе KI калий  иодидін қорғасын тұздарымен әрекеттестіру барысында қыздырғанда, сары түсті қорғасын иодидінің тұнбасы пайда болады, ал салқындату кезінде қайтадан алтын түсті ине тәрізді кристалға айналады:

Pb(NO3)2 + 2КI = PbI2↓ + 2KNO3

5. K2CrO4 калий хроматы қорғасын ерітінділерінен сары түсті қорғасын хроматының тұнбасын бөледі:

Pb(NO3)2 + K2CrO4 = PbCrO4↓ + 2 KNO3

Тұнба сірке қышқылында ерімейді, бірақ азот қышқылында және сілтілерде ериді. Реакция сезімталды.

Күміс катионның (Ag+) реакциялары.

1. Хлорсутек қышқылы және ерігіш хлоридтер күміс тұздарының бейтарап немесе қышқыл ерітінділерінен ақ түсті ірімшік тәрізді күміс хлоридінің тұнбасын береді:

AgNO3 + HCl = AgCl↓ + HNO3

Тұнба аммиактың артық мөлшерінде оңай еритін комплексті тұздар түзеді:

AgCl + 2NH3 = [Ag(NH3)2]Cl

Аммиакты ерітіндіні концентрлі азот қышқылымен қышқылдау кезінде, бұл тұз бұзылады және қайтадан күміс хлоридінің тұнбасы түзіледі:

[Ag(NH3)2]Cl + 2 HNO3 = AgCl↓ + 2NH4NO3

Бұл реакция фармакопеялық болып табылады.

...

Скачать:   txt (13.9 Kb)   pdf (211.9 Kb)   docx (791.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club