Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары

Автор:   •  Сентябрь 14, 2020  •  Реферат  •  1,245 Слов (5 Страниц)  •  1,529 Просмотры

Страница 1 из 5

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары (Оксидтер, негіздер тұздар,қышқылдар)

             Бейорганикалық қосылыстар құрамына қарай төрт сыныпқа жіктеледі: оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар. Оқушылар заттардың құрамы, жіктелуі, табиғатта таралуы, алынуы және қолданылуы жайында нақтылы ұғымдар алады. Соның ішінде оксидтер: 

[pic 1]

                       
Негіздік оксидтерге негіздер сәйкес, негіздік окситердің металл төменгі тотығу дәрежесін ТД көрсетеді (+1, +2).

Мысалы:

K2O – калий оксиді, KOH – калий гидроксиді

CaO – кальций оксиді, Ca(OH)2 – кальций гидроксиді

FeO – темір (ІІ) оксиді, Fe(OH)2 – темір (ІІ) гидроксиді

CrO – хром (ІІ) оксиді, Cr(OH)2 – хром (ІІ) гидроксиді.

Екідайлы оксидтерде металдар жоғары тотығу дәрежелерді көрсетеді: +2, +3, +4.

Мысалы:

Al2O3 – алюминий оксиді (ТД(Al) = +3, топ нөмеріне сәйкес)

Fe2O3 – темір (ІІІ) оксиді

Cr2O3 – хром (ІІІ) оксиді

ZnO – мырыш оксиді (ТД(Zn) = +2, топ нөмеріне сәйкес)

Қышқылдық оксидтер қышқылдарға сәйкес, құрамында бейметалдар:

CO2 – көміртек (IV) оксиді; H2CO3 – көміртек қышқылы

SO– күкірт (IV) оксиді; H2SO3 – күкіртті қышқыл

SO3 – күкірт (VI) оксиді; H2SO4 – күкірт қышқылы

P2O5 – фосфор (V) оксиді; H3PO4 – фосфор қышқылы

және жоғары тотығу дәрежелерін көрсететін (+5, +6, +7) металдар болады:

Cr2O3 – хром (VI) оксиді, хром ангидриді; H2Cr2O7 – дихром және HCrO4 хром қышқылдары сәйкес

Mn2O7 – марганец (VІІ) оксиді, HMnO4 – марганец қышқылы.

Оксидтердің алу жолдары

1. Жай және күрделі заттарды оттекпен тотықтыру арқылы:

2Ca+O2=2CaO
4P+5O2=2P2O5
4FeO+O2=2Fe2O3

2. Негіздерді, қышқылдарды, тұздарды термиялық ыдырау:

2Fe(OH)3→tFe2O3+3H2O
H2SiO3→tSiO2+H2O
2Cu(NO3)2→t2CuO+4NO2+O2
(CuOH)2CO3→t2CuO+CO2+H2O

Оксидтердің химиялық қасиеттері:

1. Сумен әрекеттесуі:

а) негіздік оксид + су = сілті

CaO + H2O = Ca(OH)2

 

б) қышқылдық оксид + су = қышқыл

SO3 + H2O = H2SO4

 

2. оксидтермен әрекеттесуі:

а) қышқылдық оксид + негіздік оксид = тұз

CO2 + CaO = CaCO3

 

б) қышқылдық оксид + екідайлы оксид = тұз

 

3SO3 + Al2O3 = Al2(SO4)3

 

в) негіздік оксид + екідайлы оксид = тұз

 

Na2O + ZnO = Na2ZnO2

 

3. Қышқылдармен және негіздермен әрекеттесуі:

а) негіздік оксид + қышқыл = тұз + Н2О

MgO + 2HCl = MgCl2 + H2O

 

б) қышқылдық оксид + негіз = тұз + Н2О

CO2 + 2NaOH = Na2CO3 + H2O

 

в) екідайлы оксид + негіз = тұз + Н2О

Al2O3 + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2O

 

г) екідайлы оксид + негіз = тұз + Н2О

натрийметааллюминаты Al2O3+2NaOH=t2NaAlO2+H2O натрийметааллюминаты

Оксидтердің физикалық қасиеттері:

Оксидтер үш агрегаттық күйде болады: мысалы,

CuO, CaO, Fe2O3, P2O5 - қатты заттар;

CO2, SO2, NO2 - газдар;

H2O, N2O3(t<0) - сұйық.

Оксидтердің түстері де әр түрлі:
Ғе2О3 - қызыл-қоңыр,
CuO - кара,
Сr2O3 - жасыл,
ZnO, MgO - ақ,
МnO2 - кою қоңыр,
 SnO - кою көк түсті, т.б.

...

Скачать:   txt (13.9 Kb)   pdf (212.5 Kb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club