Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы
Автор: mirgulakyzhanova • Февраль 2, 2024 • Контрольная работа • 516 Слов (3 Страниц) • 112 Просмотры
- Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы
Механикалық қозғалыс деп дененің немесе нүктенің уақытқа байланысты кеңістіктегі орын ауыстыруын айтады. Механикалық қозғалыс, яғни кеңістіктегі материалық дененің орын ауыстыруы, қандай да болмасын денеге қатысты анықталады. Бұл дене санақ дене деп аталады. Санақ денемен координаттар жүйесін байланыстырып, оған қатысты материалық дененің немесе нүктенің уақыт өтуімен қозғалысын қарастырады. Уақыттың санақ басы ерікті таңдалады. Денемен байланыстырып таңдап алынған координаттық санақ жүйесі, ондағы қабылданған уақыт санағымен бірге санақ жүйесін құрайды. Механикадағы кеңістік – үш өлшемді Евклид кеңістіктігі. Кеңістіктегі өлшеулер Евклид геометриясындағы əдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Қашықтықты өлшеуге метр алынады. Механикада уақыт əмбебап шама деп есептелінеді, яғни барлық санақ жүйелерінде бірдей өтеді. Уақытты секундпен өлшейді. Уақыт – ылғи өзгеріп отыратын скалярлық шама
Материалық нүкте деп өлшемдері ескерілмей белгілі массасы бар нүкте ретінде қарастырылып зерттелінетін дене айтылады. Материалық нүктелердің кез келген жиынтығын материалық нүктелер жүйесі деп атаймыз. Материалық нүктелердің механикалық жүйесі деп əрбір нүктесінің кеңістіктегі орны жəне қозғалысы оның өзге нүктелерінің орындары мен қозғалыстарына тəуелді болатын материалық нүктелер жүйесі аталынады. Абсолютқаттыденедепкезкелгенекінүктесініңарақашықтығы өзгермейтін, яғни геометриялық пішінін өзгертпей сақтай алатын денені айтады. Абсолют қатты ұғымы – абстракциялық ұғым. Механикада денелердің тепе-теңдігін, сонымен қатар оларға əсер ететін бір күштер жүйесін басқа эквивалентті жүйемен алмастыруды қарастыратын бөлімін статика деп атайды. Статика деген сөз (грек тілінде – statike) бір орында тұру, қозғалмау, тыныштықта болу дегенді білдіреді. Сондықтан статиканы қысқаша күштер туралы ғылым деп те атайды.
Күш. Табиғаттағызаттық денелер əрдайымөзаранемесе қоршаған ортамен əсерде болады. Күш деп денелердің өзара механикалық əсерлерінің өлшемін атайды. Дененің күш əсер етіп тұрған нүктесі күштің түсу нүктесі деп, ал бойымен F күш векторы бағытталған − сызығын күштің əсер сызығы деп атайды
- Статиканың аксиомалары
1-аксиома (екпін аксиомасы немесе Ньютонның бірінші заңы). Қандай да болмасын күштер мəжбүр етпесе, дене тыныштықтағы немесе бірқалыпты түзу сызықты ілгерілемелі қозғалыстағы күйін сақтай алады. Екпін немесе екпіндік деп қозғалыстағызаттық дененің күш əсері болмаса да қозғалысын сақтайтын немесе күш əсерінен қозғалысын біртіндеп өзгертетін мүмкіндігін атайды.
...