Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Амалдарды зерттеудің негізгі ұғымдары, принциптері мен құралдары

Автор:   •  Июнь 24, 2022  •  Лекция  •  698 Слов (3 Страниц)  •  308 Просмотры

Страница 1 из 3

№1 дәрістің тақырыбы:  Амалдарды зерттеудің негізгі ұғымдары, принциптері мен құралдары.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

Мақсатқа қол жеткізуге бағытталған кез келген іс-əрекеттің жиынтығын амал (операция) деп атайды. Мақсатсыз іс-əрекет операция емес. Мысалы, белгілі бір уақыт мерзімінде жоғары сапалы өнім (мақсат) алу үшін кəсіпорында жаңа құрал-саймандарды орнату операция болып табылады.

Мақсатқа қол жеткізуі мүмкін бірнеше операцияның ішінен таңдалған операция тиімді болуы керек. Операцияның тиімділігін таңдалған көрсеткіш анықтайды. Мысалы, құрал-саймандарды орнату уақытын немесе құрал-саймандарды орнатуға кететін қаржы шығынын көрсеткіш ретінде таңдауға болады. Құрал-саймандарды орнатуға мүмкіндігінше аз уақыт немесе аз шығын қажет ететін операция тиімді.

Мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін жеке адамды немесе ұжымды операция жасаушы тарап деп атайды. Операцияға қатысу үлесі мен сипатына қарай операция жасаушы тараптың өкілі мақсатты өзі қоюы немесе жоғарғы жақтан бұйрық алуы мүмкін. Мысалы, құрал- саймандарды орнатуды мақсат еткен кəсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлері операция жасаушы тарап болады.

Операцияны ойдағыдай орындап, мақсатқа жету үшін пайдаланылатын материалдық, қаржылық, еңбек, əкімшілік жəне тағы басқа ресурстардың жиынтығын операцияның белсенді құралдары деп атайды. Операция жасаушы тарап өкілдері операцияны орындау барысында белсенді құралдарды қалаған кезінде қолдануға еркі болуы керек. Əйтпесе операция басқарылатын процесс болмайды жəне операция жасаушы тарап сырттай бақылаушы ғана болады.

Мысалы, құрал-саймандарды орнатуды мақсат еткен кəсіпорынның қызметкерлері, жұмысшылар мен қызметкерлердің біліктілігі, жалақы қоры, құрал-саймандарды сатып алуға қажет қаржы, өндіріс технологиясы операцияның белсенді құралдары болады.

Операцияның белсенді құралдарын пайдаланудың мүмкін əдістері операция жасаушы тараптың осы операциядағы стратегиялары деп аталады. Мүмкін стратегиялардың ішінен таңдалған көрсеткіш бойынша артықшылығы бар тиімді стратегия табылады. Операция жасаушы тарап операцияны атқарудың тиімді страгиясын табуды көздейді. Мысалы, кəсіпорында құрал-саймандарды орнату жұмыстарының реті – операцияның стратегиясы.

Операцияның ерекшеліктерін анықтайтын жəне орындалуына əсер ететін нақты шарттар мен жағдайлар операцияға əсер етуші факторлар деп аталады. Факторларды анықталған (яғни, нақты белгілі) факторлар жəне анықталмаған (яғни, кездейсоқ табиғаты бар) факторлар деп бөледі. Факторлар операция жасаушы тарапынан бақыланатын жəне бақыланбайтын факторлар болып бөлінеді. Бақыланбайтын факторлар, əдетте, анықталмаған факторлар болады. Бақыланатын факторлардың бар болуы операцияның орындалу барысын басқаруға болатындығын көрсетеді. Əсер етуші факторлардың жиынтығы операцияның орындалатын жағдайын анықтайды. Мысалы, кəсіпорындағы жұмыс ауысымының белгіленген ұзақтығы, ауа райы, жалақының уақытылы берілуі – операцияның əсер етуші факторлары.

Операцияның мақсаты мен жасалған іс-əрекеттің арасындағы сəйкестік көрсеткішін операцияның (немесе таңдалған стратегияның) тиімділік белгісі деп атайды. Əр түрлі стратегияларды іске асырмай тұрып салыстыра бағалау, яғни тиімді стратегияны анықтау тиімділік белгісінің маңызды функциясы болып табылады. Əдетте тиімділік белгісінің максимум немесе минимум мəнін қамтамасыз ететін стратегия ізделеді. Операция мақсатын дұрыс анықтайтын жəне белсенді құралдарды орынсыз шығындамайтын тиімділік белгісін таңдау керек. Мысалы, кəсіпорында жаңа құрал-сайманды орнауға кететін қаржы шығынын тиімділік белгісі ретінде алуға болады.

...

Скачать:   txt (11.1 Kb)   pdf (66 Kb)   docx (9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club