Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Технологиялық сұлбадағы аппараттың функционалдық тағайындалуы

Автор:   •  Апрель 25, 2018  •  Курсовая работа  •  8,586 Слов (35 Страниц)  •  760 Просмотры

Страница 1 из 35

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................

3

1

Процестің сипаттамасы.......................................................

4

2

Аппараттың сипаттамасы...................................................

12

2.1

Процесті орындауға арналған қолданыстағы аппараттарға жалпы шолу. Қабылдап алынған аппаратты негіздеу..............................................................

12

2.2

Аппараттың құрылымы мен жұмыс істеу принципі...........................................................................

16

3

Технологиялық сұлбадағы аппараттың функционалдық тағайындалуы.......................................................................

20

3.1

Технологиялық сұлбаның сипаттамасы.............................

21

4

Есептеу бөлімі......................................................................

25

5

Аппаратты орнату, қолдану және жөндеу.........................

28

6

Кәсіпорындағы еңбек қорғау..............................................

33

Қорытынды...........................................................................

40

Пайдаланған әдебиеттердің тізімі......................................

41

 

 

Кіріспе

 Менің курстық жобалау жұмысымда берілген тақырыбым «Өнімділігі 3500 кг/сағ болатын магнитті сепаратордағы тарыны металмагнитті қоспаларды ажырату» процесі. Жұмыстағы негізгі мақсатым магнитті сепараторлар туралы мәліметтер алып, оқып-үйреніп, құрылғыларымен танысу. Мен ең алдымен магнитті сепаратор  және негізгі алып отырған дақылым тарыға тоқталамын.
        
Тары – биікт. 70 – 100 см, сабан сабақты, шашақ тамырлы, жаздық дәнді дақыл. Жылу сүйгіш, қуаңшылыққа, аңызаққа және ыстыққа төзімді, көбіне өздігінен тозаңданады. Уақытымен суарған жағдайда жоғары өнім береді. Вегетацив кезеңі 60 – 120 күн. Тарының дәні өну үшін 8 – 10 oС жылылық қажет. Суыққа төзімсіз болғандықтан Тарыны басқа масақты дақылдарға қарағанда кеш себеді, кеш себілген күнде де жақсы өнім береді. –2 – 3 oС-та қатты зақымданады, –3 oС-тан төмен темп-рада өледі. Құнарлы қара және қоңыр топырақта жақсы өнім береді. Тары үшін бұршақ тұқымдас дақылдар жақсы алғы дақыл бола алады. Бір жерге қайталап себілсе, өнімін төмендетеді. Сондықтан тек ауыспалы егіс жүйесінде ғана себу керек, бір егілген жерге тек 4 – 5 жылдан кейін ғана егілуі тиіс. Оны бір жерден екі өнім алу үшін аңыздық егіске де отырғызуға болады. Себілетін Тары тұқымы тазаланған, сортталған болуы тиіс, майда, жетілмеген тұқымды себуге болмайды. Тары 5 – 6 см ылғалы бар тереңдікке отырғызылады. Тарының дәндері бір мезгілде пісіп үлгермейді, алдымен оның сыпыртқы тәріздес басының ең ұшында тұрған дәндері, содан кейін төмендегілері пісе бастайды. Төменде орналасқан дәндері пісіп болғанша алғаш піскендері жерге төгіліп қалмауы үшін, алдымен дестеге салып алады. Дестелеу кезінде Тары сабағы 12 – 15 см биіктікте орылады. Тары сабанының азықтық сапасы бидай сабанынан екі есе артық, дала шөбімен бірдей. 1 кг Тары сабанында 0,41 азықтық өлшем, 23 г сіңімді протеин болады. Тары жармасының құрамында крахмал (81%), белок (12%), май (3,5%), қант (0,15%) бар, мұндағы ақуыздың мөлшері күріш, қара құмық жармаларынан едәуір көп. Тарының мал азығы ретінде маңызы зор, құс шаруашылығында жем ретінде пайдаланады. 

Магнитті сепараторлар астық құрамындағы металлмагнит қалдықтардан негізгі дәнді ажырату үшін арналған.

Магнитті сепараторларды жұмыс органдары сығу, соққылау, кесу, жылжу, үйкелу бойынша жұмыс істейтін машиналардың алдына қояды. (білікті станоктар, энтолейтор, балғалы ұсақтағыш, елеуіш машина, ақтауыш машина)

  1. Процестің сипаттамасы.

Магниттік сепарациялау қозғалыстағы шикізаттан немесе өнімнен пішіні, өлшемдері және метал магнит тектілерге байланысты бөлуге негізделген. Ірі метал магниттік қоспаларды електерден өткізгенде бөліп шығарады. Өлшемдері дәннің өлшемдерінен кіші, не болмаса бірдей болып келетін қоспаларды бөлу үшін магниттік сепараторлар қолданылады.

...

Скачать:   txt (127.7 Kb)   pdf (1.2 Mb)   docx (2.3 Mb)  
Продолжить читать еще 34 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club