Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Анодтық-механикалық станоктар

Автор:   •  Май 15, 2020  •  Лекция  •  596 Слов (3 Страниц)  •  358 Просмотры

Страница 1 из 3

29.02.2020 жыл                                                                                                            Гр.ТД-17                                                                                                                      Пәні: Металл кесетін құрылғылар                                                                    Сабақтың тақырыбы: Анодтық-механикалық станоктар

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Анодтық-механикалық станоктардың құрылымы мен жұмыс жасау механизмімен таныстыру .

ә) Дамытушылық: Студенттердің техникалық ойлау, есте сақтау зейінін, қызығушылығын дамыту және тәжірибемен ұштастыру, құрылғының түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.

б) Тәрбиелілік: Студенттерді өз бетінше қорытынды-тұжырым жасап, өз жауабын дәлелдей алуға тәрбиелеу, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, іздемпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру, кабинет тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару.
ІІ. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

IV Жаңа сабақты қарастыру: 

Металдарды анодтық-механикалық өңдеу электрэрозиялық әдістің бір түріне жатады және металды кесу мен аспапты қайрауда қолданылады. Анодтық-механикалық кесу кезінде (9.7-сурет) электрод-аспап өз өсінде тез айналатын диск түрінде жасалады. Өңделетін дайындама (1) мен айналатын электрод-диск (2) арасындағы кеңістікке түтікпен (3) электролит беріледі. Жұмсақ болаттан жасалған электрод-диск және дайындама электрұшқынды өңдеу кезіндегідей түрақты ток генерато- рына (4) (диск - теріс клеммаға, бөлшек - оң клеммаға) қосылады. Дай- ындама мен электрод-диск арасындағы сұйықтық ток өткізеді. Дискінің дайындамамен жанасуы және диск пен дайындама арасындағы электролит негізінде электр тогы ұдайы жүріп тұрады. Анодтық-механикалық кесу кезінде диск баяу көлденең беріс алады.

...

Скачать:   txt (5.4 Kb)   pdf (243.8 Kb)   docx (235.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club