Алманың қасиеттері
Автор: Гулбахар Алмаходжаева • Февраль 28, 2024 • Реферат • 4,686 Слов (19 Страниц) • 82 Просмотры
« Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті »
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультеті
«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасы
[pic 1]
Реферат
Тақырыбы: «Алманың қасиеттері»
Орындаған:Алмаходжаева Г.Б.
Тобы: ТПП-22-07К
Қабылдаған: Козыкан С.
Алматы, 2023ж
Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.1 Алма жемісі және оның түрлері
1.2 Алма жемісінің қасиеттері мен құрамы
1.3 Алма жемісіндегі биологиялық заттардың әсері
1.4 Алма шырынын өндірісінде дайындау технологиясы
III. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Алма — раушангүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған дақыл, алма осы тұқымдас арасында таралуы жағынан бірінші орынды алады (2-3 млн га). Алманың әлемде 5000 жуық сорттары болса, ал Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген 30-40 жуық сорттары бар, бұл сорттардың өнімділігі жағынан айырмашылығы айқын байқалады.
Жеміс-жидек және көкөніс шырындарында нәрлі заттар өте көп және оларды адам ағзасы оңай сіңіреді. Тағам құрамында дәрумен тапшы болатын қыс пен ерте көктем айларында жеміс және көкөніс шырындары өте бағалы тағам болып табылады. Шырының құрамында жас өнімнің қасиеттері толық сақталады, ал олардың кейбіреулерінің дәмі мен жұғымдылығы, қант қосудың нәтижесінде, айтарлықтай жақсарады. Әсіресе, жемістерден жұмсақ етімен қоса жасайтын шырындар бағалы. Мұндай шырындар ішектің жұмысын жақсартады.
Алма шырыны қантқа, пектин заңдарына және минералды тұздарға, соның ішінде темірге бай. Сондықтан құрамындағы темір қосылысына байланысты төменгемоглобинмен, яғни анемиямен зардап шегетін адамдарға алма шырынын ішу ұсынылады. Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің 45 - бөлігі - алма жемісі. Оны ежелден ем - дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы.
Қазақстанда алма сорттары өте көп. Солардың бірі Алматы апортына жеке тоқталып кетуге болады. Алманың бір сорты - Алматы апорты. 19 ғ - дың аяғында Воронеж губ - нан (Ресей) әкелінген апорты жергілікті алма сортымен будандастыру арқылы шығарылған. Жемісінің салмағы 350 г, шырынды, түсі қанық қызыл, дәмі сәл қышқылтым әрі тәтті, ерекше хош иісті. Негізінен алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Мамандардың айтуынша, жақсы алманың құрамында 83 - 88 % су, 7, 5 қант, 0, 2 - 0. 8 % қышқыл, 9, 5 - 18, 5 % құрғақ қалдық, 0, 28 - 1, 0 % илік заттар, А, B1, B2, B6, С, PP - 16 % дәрумендері, көптеген минералды заттар болады екен. Ал, біз айтып отырған апорт -- кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Апорт - Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандарында өседі.
1.1 Алма жемісі және оның түрлері
Алма жемісі – жабық тұқымды өсімдік алма ағашының өнімі. Ол шекілдеуік жеміс тобына жататын жидек тәрізді шырынды жеміс. Алма жемісінің түзілуіне жатыннан басқа гүлтабаны, тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаның түбі, аталықтың төменгі бөлігі қатысады. Алма 5 ұялы жатыннан дамитындықтан жемісінің ішкі бөлігі қатты болады, әр ұясында 2-ден жаңғақша тұқым орналасады. Тұқымы қосжарнақты. Сыртқы қабаты шырынды. Сондықтан алма өзінше «алма жеміс» деп аталады.
Алма - бұл ғажайып жемістер, олар тек дәмді ғана емес, сонымен қатар керемет пайдалы. Витаминдер, минералдар, амин қышқылдары, май қышқылдары - осының бәрі жемістерге бай. Осы заттардың арқасында алма адам ағзасына физикалық және эмоционалдық әл-ауқатын жақсарта отырып, көп жақты пайда әкеледі.
...