Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Релелік қорғаныстың және автаматиканың жалпы мәселесі

Автор:   •  Февраль 24, 2019  •  Курсовая работа  •  3,966 Слов (16 Страниц)  •  978 Просмотры

Страница 1 из 16

1 Релелік қорғаныстың және автаматиканың жалпы мәселесі

1.1 Өндірістік объектілерді электрмен жабдықтау жүйелері

Кәсіпорындарды электрмен жабдықтаудың казіргі заманғы сұлбалары белгілі бір сипаттамалары мен ерекшеліктері бар түрлі өндірістік объектілерге бөлінеді, сондықтан релелік корғаныс және автоматика ПҚ және А элементтерін таңдау кезінде осы объектілердің ерекшеліктері ескеріледі. Қорғаныстың белгілі бір тұрін таңдау кезінде электрмен жабдықтау сұлбалары жүктемелер сипаттары, тұтынушылардың энергетикалык сипаттамалары, экономикалық мәселелер және т.б. ескеріледі.

Қазіргі уақытта кеңінен енгізіліп жатқан қорғаныстың микропроцессорлық құрылғыларымен қатар қорғаныстың қарапайым түрлері де балқымалы қыстырмалар, автоматты ажыратқыштар, тікелей әсер релелері қолданылады, сондай-ақ қазіргі уақытқа дейін электрмеханикалық жүйелер мен статикалық релелер де табысты пайдаланылуда.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар.Олар үшін электр қабылдағыштардың жүктеме тораптарының орнының жинақтығы, елеулі қуаттар тән, ол 35-110- 220 кВ кернеуді терең енгізумен, қуатты трансформаторларды, үлкен қималы кабельдік желілерді және түрлі ток өткізгіштерді (Балқаш - Жезқазған) қолданумен анықталады. Қабылдағыштардың елеулі бөлігі түтынушылардың бірінші тобына ірі түрлендіргіштер, электр доғалы пештер жатады.

Қалалық тұтынушылар.Олар үшін қаланың барлық аумағы бойынша шашырай орналасқан түрлі қуатты электр қабылдағыштардың, түрлі типті жабдықтың көп болуы, трансформаторлық қосалқы станциялар 1К) мен бөлу пункттарында (БП) тұрақты кезекші персоналдың болмауы тән. Қалалық желі кабельдікпен (көбінесе бір ажыратқышқа екі-үш кабельдік желі қосылады) орындалады.

Агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары.Жүйенің негізін 0.22-110 кВ радиальды желілер құрайды. Олар жүктемелердің төменгі тығыздығымен (маусымдығымен) сипатталады: бөлу әуелік желілермен жүзеге асырылады. Болат сымдарды қолдану, желілердің елеулі ұзындығы, олардың тармақталуы қысқа тұйықталу (ҚТ) токтарының төменгі деңгейін, жүктеме токтарымен салыстыруға болатындығын анықтайды.

Кен кәсіпорындары.Сипатты ерекшелігі болып желілердің жер астынан төселуі, кен атмосферасында ылғалдың (100 %-ға жақын), метанның, шаңның болуы, кеңістіктің тарлығы, жұмыстардың жылжымалы сипаты, жабдықтардың кендік орындалуы, қауіпсіздік техникасы (ҚТ) бойынша жоғары талаптар табылады.

Темір жол көлігі. Электрмен жабдықтау жүйесі екі бөліктен: тартымдық және сыртқыдан тұрады. Тартымдық бөлімге қосалкы станция мен тартымдық желі енеді. Қабылдағыштардың негізгі үлесі - бірінші топ қабылдағыштары. Неғұрлым жауапты элементі болып түйіспе желісі табылады. Резерві жоқ,сондыктан оның сенімділігі секциялау жолымен қамтамасыз етіледі ҚТ кезінде барлык желі емес, оның бір бөлігі ажыратылады.

1.2 Электрмен жабдықтау жүйесіндегі релелік қорғаныстың және автоматиканың тағайындалуы

Релелік қорғаныстың және автоматиканың негізгі тағайындалуы фазалар арасындағы ҚТ және жабық жерлендірілген бейтарап қондырғылардың жерге ҚТ сиякты неғұрлым қауіпті және жиі зақымдануларын, сондай-ақ фазалардың үзілуімен ҚТ-ның неғұрлым елеулі зақымдануларын (ҚТ тоқтарының кауіптілігі - термиялық және динамикалық әсер) жою болып табылады. Апаттар көлемдері мен зақымданулар көлемдерін азайту үшін закымданған элементті жылдам ажырату кажет (кейбір жағдайларда зақымданған элементтер секундтан аз уакқытта ажыратылуы тиіс). Релелік қорғаныстың және автоматиканыңнегізгі элементі реле болып табылады. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін келесі автоматты құрылғылар колданылады: РАҚ (резервтің автоматты қосылуы), АҚҚ (автоматты қайта қосылу), АЖТ (автоматты жиілік түсіру), кернеуді (номинал) сүйемелдеу үшін ҚАР (синхронды генераторлардың қозуын автоматты реттеу), трансформаторлардағы кернеуді сүйемелдеу үшін ЖАР (жүктеме астында реттеу) жүйесі қолданылады. Автоматты басқару жүйесі (АБЖ), телеөлшем, телесигнализация, телемеханика, телебасқару құрылғыларын қолданумен бақыланатын пункттардан диспетчерлік пункттарға ақпаратты жинауды және беруді қамтамасыз ететін автоматты кұрылғылар қолданылады.

...

Скачать:   txt (44.2 Kb)   pdf (448.1 Kb)   docx (225.7 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club