Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жіті және созылмалы сәуле ауруы

Автор:   •  Декабрь 5, 2022  •  Реферат  •  3,672 Слов (15 Страниц)  •  228 Просмотры

Страница 1 из 15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

«ВЕТЕРИНАРИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ  


 «Ветеринариялық  санитарлық сараптау және гигена» кафедрасы

РЕФЕРАТ  ЖҰМЫСЫ

                 Тақырыбы: Жіті және созылмалы сәуле ауруы

                                          Орындаған:  6В09102 - «Ветеринарлық санитария»              

                                     мамандығының 5 курс 517 топ студенті

                                                  Елеусізқызы Айша

                                                  Тексерген:Мектепбергенова Д..  

                                                 АЛМАТЫ, 2022

Жоспары:

I.Кіріспе...................................................................................................................3

II.Негізгі бөлім........................................................................................................4

2.1.Жіті сәуле ауруы................................................................................................4

2.2.Жіті сәуле ауруы кезіндегі патологанатомиялық өзгерістер.........................7

2.3.Жіті сәуле ауруын балау...................................................................................9

2.4.Жіті сәуле ауруы кезінде малды емдеу...........................................................10

2.5.Созылмалы сәуле ауруы..................................................................................11

2.6.Созылмалы сәуле ауруын балау және оның ауыртпалығын бағалау...........12

2.7.Созылмалы сәуле ауруы кезіндегі патологоморфологиялық өзгерістер....13

2.8.Созылмалы сәуле ауруы кезінде малды емдеу..............................................13

III.Қорытынды.....................................................................................................14

IV.Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................15

I.Кіріспе

     Сәуле ауруы әр түрлі иондаушы сәулелердің әсерінен организімнің зақымдануынан пайда болатын қатерлі аурудың ерекше түрі. Адам,жануарлар, микроорганизмдер жіне өсімдіктерге жер қыртысынан бөлінетін гамма –сәулелер жҽне космос сәулелері сырттан, организмде болатын радиоактивті элементтер (К, Ra, Rn, C т.б.) сәулелері іштен әсер етеді. Егер бұл сәулелер тірі организімге артық мүлшерде өтсе жасушалардың,ағзалардың тіршілігіне аса қауіпті ауру туғызады. Қабылданған доза мөлшері, доза қуаты, сәуленің түрі, мал организімінің алғашқы жағдайы, әр түрлі малдың радиосезімталдығы, малдың жасы, тұқымы,жынысы, сонымен қатар малдың сәулелену ұзақтығы мен оның қайталануына байланысты сәуле ауруы жіті және созылмалы деп екіге бөлінеді. Жіті түрі бір мезгілде организмге сәуленің өте көп мөлшері өткен жағдайда пайда болады. Ал созылмалы сәуле ауруы сәуленің аз мөлшерімен зақымданғанда, кейде жіті түрі созылмалы түрге айналуынан болады.Үлкен дозамен (ЛД50 жҽне одан да жоғары) сырттай жалпы (тотально) сәулелегенде гамма – сәулесі жҽне нейтрондар ағымы малда және адамда жіті сәуле ауруын туындатады.

II.Негізгі бөлім

2.1. Жіті сәуле ауруы

     Жіті сәуле ауруы – бұл өте үлкен дозамен салыстырмалы қысқа уақыттың ішінде бір мезгіл немесе қайталап сәулелегеннен кейін пайда болатын, организмнің барлық ағзалары мен жүйелерін зақымдайтын жалпы ауру.Жіті сәуле ауруы, сонымен қатар, организмнің ішіне радиоактивті заттар көп мөлшерде түскен кезде де пайда болады. Бұдан басқа сәуле ауруының церебральді түрі де болады, бұл кезде көбінесе орталық жүйке жүйесі зақымдалады, соның салдарынан мал не сәулемен әсер ету кезінде немесе сәулеленгеннен кейін бірнеше сағаттан кейін өледі. Мұндай жағдай 10 мың Р жҽне одан да жоғары дозамен сәулелегенде байқалады. Сәуле ауруының бұл түрі ешқандай даму кезеңдерінсіз өтеді.1000-нан 10 мың Р-ге дейінгі дозада сәулелегенде көбінесе ішек –қарын жолдары (ішек ауруы түрі) зақымданады. Мал сәулеленгеннен соң 3– 7 күннен кейін өледі.1000 P-ге дейінгі дозамен сәулелегенде көбінесе қан түзу ұлпары зақымданады.Сәулелену дозасының мөлшеріне және дамып келе жатқан патологиялық үрдістерге байланысты, малда болатын жіті сәуле ауруының төрт деңгейін ажыратады: жеңіл (бірінші) деңгейдегі сәуле ауруы, құстан басқа үй жануарларының барлық түрлерін 150 – 250 Р дозамен бір рет сҽулелегенде дамиды: орта (екінші) деңгейдегі сәуле ауруы 250 – 400 дозамен сәулелеген кезде көрінеді: ауыр (үшінші) деңгейдегі сәуле ауруы 400 – 650 –750 Р дозамен сәулелегенде пайда болады; өте ауыр (төртінші) деңгейдегі сәуле ауруы, 600 – 750 Р - нен жоғары дозамен сҽулелегенде дамиды

...

Скачать:   txt (51.1 Kb)   pdf (895.1 Kb)   docx (703.1 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club