Асинхронды қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамалары
Автор: Sergei12453 • Апрель 28, 2023 • Курсовая работа • 14,972 Слов (60 Страниц) • 213 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Басты өлшемдерді анықтау және электрмагнитті жүктемені таңдау............7 2 Статор ойығының санын анықтау және статор орамын есептеу...................9
3 Статор ойығының өлшемін есептеу................................................................12
4 Өзекшенің өлшемін ротор фазасының орамын
және ойық санын есептеу................................................................................15
5 Ротор ойығының өлшемдерін есептеу............................................................18
6 Магнитті тізбекті есептеу................................................................................21
7 Статор және ротор орамаларының активті және
индуктивті кедергілері.....................................................................................24
8 Болаттағы шығын, қосымша және механикалық шығындар.......................30
9 Асинхронды қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамалары............................31
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Асинхронды машиналар айнымалы ток машиналарына жатады. Асинхронды машиналардың генератор әлпіндегі энергетикалық көрсеткіштері қозғалтқыштық әлпіне қарағанда нашар. Сондықтан асинхронды машиналар негізінен – қозғалтқыш түрінде қолданылады.
Асинхронды қозғалтқыш деп айнымалы ток электрлік энергияны механикалық энергияға түрлендіретін, роторының айналу жылдамдығы жүктемеге тәуелді болатын машинаны айтады. Асинхронды қозғалтқыштар үшфазалы, екіфазалы, бірфазалы болады және екі негізгі бөліктен тұрады: статор және ротор.
Дүние жүзінде өндірілетін электр энергиясының 40%- ын асинхронды қозғалтқыштар тұтынады.
4А сериялы қозғалтқыштардың айналу жылдамдығы (жиілігі) 500 айн/мин – 3000айн/мин-қа дейін барады. Жалпы алғанда асинхронды қозғалтқыштардың айналу жылдамдығы қозғалтқышқа берілетін кернеудің жиілігіне және магнит полюстерінің санына байланысты.
1 Басты өлшемдерді анықтау және электрмагнитті жүктемені таңдау
1 – кесте
Бастапқы берілген мәндер
Шифрдің соңғы саны | 1 |
Номиналды қуаты , кВт (Р2н) | 22 |
Орындалуы | Қорғалған |
Шифрдің соңғы санының алдыңғы саны | 2 |
Қоректі торабының сызықты кернеуі, В | 380 |
Статор орамының қосылуы | жұлдызша |
Студент фамилиясының басқы әріпі | Р |
Айналудың синхронды жиілігі (n1) айн/мин | 1500 |
Ротор орамы | Фазалы |
Асинхронды машинаны есептеу, ең алдымен негізгі өлшемдері анықтаудан басталады, олар: статордың ішкі диаметрі – D1В және ауалық саңлаудың ұзындығы - .[pic 1]
Статордың ішкі диаметрі, полюстер санына және айналу осі биіктігін һ анықтайтын статордың сыртқы диаметріне D1н тәуелді белгілі бір өлшемдік қатынастармен тікелей байланысты.
Осыған байланысты негізгі өлшемдерді таңдау келесі тәртіппен жүргізіледі:
- Қозғалтқыштың орындалуына байланысты, берілген Р2н және 2р мәндеріне байланысты айналу осінің биіктігін анықтадым:
, (1)[pic 2]
[pic 3]
p=2 .
ІP23 қорғаныс дәрежесімен айналу осінің биіктігінің мәні:
h = 160 мм [5 - кесте]
5-кесте IP23 (қорғалған) қорғаныс дәрежесімен айналу осінің биіктігінің мәндері
...