Dreamweaver жеке web-беттерді
Автор: baukalakol • Октябрь 11, 2021 • Реферат • 1,185 Слов (5 Страниц) • 338 Просмотры
- КІРІСПЕ
Adobe Dreamweaver CS6 веб-сайттар мен қосымшаларды құруға арналған, веб-әзірлемелер саласындағы жетекші құрал болып табылады. Бұл бағдарламада таңбалаудың көрнекі құралдары, қосымшаларды әзірлеу ерекшеліктері үйлескен, сондай-ақ ол код-ты редакциялауды қолдайды, түрлі деңгейдегі шеберлікті меңгерген әзірлеушілер мен дизайнерлерге стандарттарға сәйкес келетін тартымды сайттар мен қосымшаларды жылдам әрі оңай жасауға мүмкіндік береді.
Dreamweaver жеке web-беттерді, сол сияқты кез келген масштабтағы сайттарды әзірлеудің толыққанды ортасы болып табылады. Құжатты көрнекі режимде әзірлеуге, сол сияқты оны қолмен кодтауға мүмкіндік беретін қуатты HTML-редактор, пакеттің ядросы болып табылады. Dreamweaver бағдарламасында web-сайтты әзірлеуді және басқаруды автоматтандырудың қуатты құралдары бар. Оның құрамына әзірлеуді қарапайым ететін және жылдамдататын көптеген пайдалы қосалқы құралдар кіреді. Сонымен қатар Dreamweaver бағдарламасы баптауға өте икемді келеді, бұл әзірлеушіге ыңғайлы болатын жеке ортаны ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Dreamweaver CS6 бағдарламасының көмегімен веб-беттерді жасауға кірісудің алдында ең алдымен желінің қалай жұмыс істейтінін түсініп алу пайдалы болады деп ойлаймын. Сіз күнде компьютерді қосасыз, браузерді ашасыз және интернет желісін белсене пайдала-насыз. Осы желі қалай жұмыс істейді деп ойланған боларсыз?
Қарапайым тұрғыдан қарайтын болса, интернет желісі өзара бай-ланысты компьютерлердің көптеген санынан тұрады. Осы желідегі компьютерлерді екі топқа бөлуге болады:
- Клиенттер
- Серверлер
5
Dreamweaver CS6
[pic 1]
Клиент – қандай да бір ақпаратты, мысалы сайттың бетін сұрататын қатардағы пайдаланушы. Интернет желісінен ақпаратты алу үшін клиентте бағдарламалық қамсыздандыру және провайдер берген интернет желісіне қолжетімділік болуы тиіс. Браузер бағдарламалық қамсыздандыру болып табылады.
Сервер – сұратуды қабылдайтын, өңдейтін және нәтижені жіберетін қуатты компьютер.
Браузер серверге сұрату жасайды және жібереді, осыдан кейін ақпаратты алады және монитордың экранында көрсетеді. Серверге өзінің бағдарламалық қамсыздандыруы орнатылған, ол ақпаратты сақтайды және клиенттің бағдарламалық қамсыздандыруының сұратуларына жауап береді.
Түрлі авторлардың түрлі операциялық жүйелері бар компьютер-лердің алуан түрлеріне арнап жазған бағдарламалары өзара дұрыс жұмыс істеуі үшін арнайы ережелер – Хаттамалар ойлап табыл-ды. Басқа сөзбен айтқанда, хаттамалар желідегі компьютерлердің арасындағы ақпаратпен алмасуға көмектеседі.
Интернет желісі аясындағы әр компьютердің бірегей мекенжайы бар, ол IP (Internet Pointer) деп аталады, мысалы: 95.56.122.9. Қандай да бір компьютерге қосылу үшін сізге осы ІР мекенжайын білу қажет. Алайда адамға сандық ІР мекенжайларын есте сақтау қиын, әріптік атаулармен жұмыс істеген әлдеқайда ыңғайлы, сондықтан Домендік атаулар жүйесі (DNS – Domain Name System) ойлап шығарылды. Дербестендірудің бұл баламалы жүйесі адамға түсініктірек, себебі компьютерлерге ІР мекенжайы ғана емес, символдық атау немесе домендік атау да беріледі. Мысалы: www.adobe.com.
DNS-сервер – домендік мекенжайды сандық ІР мекенжайына және керісінше түрлендіруді жүзеге асыратын бағдарлама. Браузер-де домендік атауды терген сайын DNS қызметі осы атаудың қандай ІР мекенжайына сәйкес келетінін және сізге қандай ресурсты беру қажет екенін анықтайды.
[pic 2]
Енді өзіңіздің браузеріңізде осы сайттың (http://www.adobe.com/ company/contact.html) домендік атауын (URL) терген уақытта және Еnter пернесін басқаннан кейін жауап ретінде веб-серверден осы сайттың бетін алған уақытта не болатынын қарастырып көрейік.
...