DNS сервердің мәліметтер базасы
Автор: duks • Июнь 10, 2018 • Реферат • 1,638 Слов (7 Страниц) • 771 Просмотры
[pic 1]
DNS сервердің мәліметтер базасы.
DNS сервердің мәліметтер базасы торап IP-адрестерінің домен аттармен сәйкес келуін сипаттауға арналған.
DNSтің маңызды басымдылығы болып оның әрбір нақты атаулар сервері, өз локалды мәліметтер базасында барлық иерархиялардың сипаттамаларын DNS атауларында қамтымауы керек. Ережеге сәйкес, өзінің домен атын тіркеуші ұйымның мәліметтер базасында тек сол доменге тиесілі атаулар кеңістігі ұсынылған DNS сервері болу керек (жауаптылық аймағы). Мысалы, егер «center.fio.ru» доменінде тек бір торап - «www» болса, онда сервердің мәліметтер базасында бұл домен атауы тек бір жазбаға, көрсетілген атауға қатыса алады.
Бұдан бөлек, егер доменде кіші деңгейлі домендер болса, онда әрбір осындай субдомен өзіне тиесілі атаулар сервері бола алады, ата-ананың DNS-серверінен босатып, өз атаулар кеңістігіне қызмет көрсету қажеттігіне ие болады. Осылайша, мысалды жалғастыра отырып, атаулар сервері «fio.ru» домені өз мәлімет базасында «center.fio.ru» доменінде «www» торабы туралы ақпарат ала алмайды. Жәнеде ол базада «center» аймағы басқа сервер арқылы қызмет қөрсететіні жайлы ақпарат болуы керек.
Аймақ атауларының бөліктерін басқару туралы құқығын жіберуді делегирование (жіберу) деп атайды.
DNS жүйесі, бір атау сервері өз базасында бірнеше аймақты сипаттауға мүмкіндік береді. Мысалы, «center.fio.ru» және «msk.net.fio.ru» аймақтары бір DNS-сервер арқылы қызмет атқарады.
Атаулар кеңістігін ұйымдастыру
Домен атауларның кеңістігі иерархиялық құрылмға ие. Иерархияның ең жоғарғы деңгейінде бастапқы домен (root), әдетте нүктемен («.») белгіленеді. Иерархияның келесі деңгейін жоғарғы, немесе бірнші деңгей домені құрайды (Top Level Domains, TLDs). Жоғарғы деңгейдің әр домені өзіне екінші деңгей доменін қосады, және т.с.с.
Теориялық түрде кез келген деңгейдің домені өзін атаулармен көрсетілген жеке торап ретінде және кіші деңгей ретінде бола алады. Бірақ, тәріжибеде үшінші деңгейден төмен домендер сирек кездеседі.
Бірінші деңгей домендері
Бірінші деңгей домендері үш топқа бөлінді:
- Жалпы мақсаттағы домендер;
- Ұлттық домендер;
- Кері домен.
Бірінші деңгей домендері
Бірінші топты жалпы мақсаттағы домендер құрайды (Generic TLDs, gTLDs). Бұл домендерге келесілер жатады:
Домен атауы | Пікірлер |
1984 жылы құрылған «ескі» домендер | |
«com» | COMmerical, коммерциялық ұйым |
«gov» | GOVernment, АҚШ үкімет мекемелері |
«int» | INTernatiol Organizations, халықаралық ұйымдар |
«mil» | MILitary, АҚШ әскери ұйымдары |
«edu» | EDUcational, білім беру жобалары мен мекемелрі |
«org» | ORGanisations, коммерциялық емес ұйымдар немесе басқа категоияларға жатқызылмайтын ұйымдар |
«net» | NETwork, ортақ мақсаттағы желілер |
2001жылы құрылған «жаңа» домендер | |
«info» | INFOrmation, Интернетке ақпарат ұсынуға арналған еркін қолданыстағы домен |
«biz» | Business Organizations, әр түрлі ұйымдар |
«name» | Жеке тұлғаларға қолдануға арналған домен |
«museum» | музейлер |
Бастапқыда жалпы мақсаттағы домендер АҚШ мекемелері мен ұйымдарына тиесілі төменгі деңгейдегі домендерді біріктіру үшін қолданылды. Сондықтан басқа мемлекеттердің ұйымдарына тіркелген домендердің үлкен бөлігі жалпы мақсаттағы домендерге емес, ұлттық домендерге кіреді. Бірақ, басқа компанияға, мысалы, Қазақстандық, екінші деңгейдегі доменді «com» доменіне тіркеуге ештеңе бөгет бола алмайды. Тек АҚШ мекемелері мен ұйымдары болып саналатын «mil» және «gov» домендеріне тіркелмейді.
...